Home » Мақалалар » Қазақ халқының ұлттық ойындары

Қазақ халқының ұлттық ойындары

Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма, демекші, бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Ойын арқылы тұрмыс — салт, әдет — ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр дайында түсінігі қалыптасады. Халқымыздың дені сау шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына қалдырған үлкенге бай мұрасы — ұлттық ойындар. Ұлттық ойындарға ата-бабамыздан бізге жеткен, өткеніміз бен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз – асыл қазынамыз деп қараған жөн. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайта уақыт озған сайын жетіле түседі.

Қазақ халқы ерте кезден бастап, баласын жақсы мінез-құлыққа, әсіресе, мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлай білуді үйретудің бірден-бір жолы ұлттық ойындар. Адам өмірінің әр кезеңін қамтитын ұлттық ойындардың балаларға да, үлкендерге де арналған түрлерінің болуы осы ойымның дәлелі. Халқымыз ойындарды балалардың тек алдандыру, көңілін көтеру деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көз қарасының мінез-құлқының қалыптасу құралы,- деп те ерекше бағалаған.

Ұлттық ойын: Жаяу жарыс.

Ойын шарты: Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, екі ұшы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады.

Ойынның мақсаты: Екі ойыншы бірін-бірі белгілеген межеге дейін тартып алып бару. Қайсысы бұрын межеге жеткізсе, сол ойыншы ұтады. Осылайша, ойнаушылардың барлығы тартысып болғаннан кейін ғана көп ұпай жинап жеңіске жеткен ойыншыны анықтап, марапаттайды.

Балалабақшада балалармен осындай халық ойындарының бірнешеуін ойнатамыз. Келешекте батыл да шымыр, өз халқының ұлттық ойындарын танып, атай алатын  бүлдіршіндерді дайындаймыз.

 

МҰХТАРОВА Алтын Амангельдыевна,

 Павлодар қаласы

№ 33 сәбилер бақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.