Home » Айтарым бар » ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛІН ТАБАР…

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛІН ТАБАР…

%d0%be%d0%b1%d0%b0%d0%bc%d0%b0Бала көрсем, әңгімелесе кететін әдетім, тіпті асығып бара жатсам да бір ойын біліп қалуға тырысамын. Балаларға арнаған уақытты әрдайым алтын уақыт деп есептеймін. Балалар арқылы тыныштық тауып тұрып, болашақты барлауға болады. Балалық дегеніңіз – тазалық. Баланың тілін таза адамдар ғана таба алады.

Баланың тілін тапқан адам кез келген ересектің тілін таба алады һәм ойын оқи алады. Неге дейсіз бе? Кез келген ересектің бойында бала болмысының бір бейнесі жатады. Балаларға жақын адамдарды сондай құрметтеймін. Себебі, ит пен бала ғана адам таниды.

Ақ үйді билеген қара адам менің көңілімде осы бір ақ жүрегімен қалды. Сол үшін өзімде сақтап қояйын. Мүмкін осы жазбамды оқып отырғандардың арасында, не шын көңілмен көз жүгіртіп отырған ананың құрсағында, болмаса бір әкенің тәрбиесінде бір күндері бүкіл қазақ халқының тілін табуды мақсат еткен адам бар шығар.

Айналаңыздағы өтіріктен шаршағанда «БАЛА» деген шынайылықпен сырласып алыңыз, өйткені олар алдауды білмейді.

Әне, балалардан шынайылықты үйренген ол (2012ж) жауын астында қолшатырсыз-ақ сайлауалды сөзін сөйлеп тұр.

 

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.