Home » Оқу-әдістемелік материалдар » ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САНАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САНАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

Адамзат баласы өркениет жалына жармасып, жазу түрлерін, яғни әр қилы әріп таңбаларын ойлап, тауып, күнделікті тұрмыспен қоғамдық ой-сананың сақталып қорлану жолы мен оларды ұрпақтан ұрпаққа өткізіп тұрудың ең сенімді құралына ие болуы – рухани даму жолыңдағы ұлы табысы, теңдесі жоқ жетістігі.

Алғаш рет әріп таңбаларының күнделікті қоғамдық тұрмысқа енуі, айналысқа түсуі өмір заңымен жаңарып алмасып отыратын ұрпақтар дүние таңымының, яғни халықтың тарихи жалының дәстүрлі жалғастығын тудырады. Ол келе-келе адамзат санасының өткен тарихы мен бүгінгі сапалық жетістігін тарихи түрде ұштастырып халықтың тарихи зердесінің рухани жағынан қорланып, прогрессивті құбылыс атаулының басты да шешуші тірегіне айналады.

Біздің өзекті тақырыбымыз түрік халқы мен оның бір тамырдан, яғни ана тілден өркен жайып түркі тілді туысқан халықтарға салаланып бөлінетін оғыз, қарлұқ, қыпшақ топтарының ғасырлар бойы қолданылып жетілдіріп келген ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының пада болу, үдере даму, өзгеру кейде халықтың өз ырқынан тыс жергілікті халықтың жазу таңбаларын зорлықпен өзгерту, алмастыру себептеріне, олардың не себепті арнайы түрде алысты көздеген саяси-идеологиялық мақсат қоятын әрекеттеріне ой көзімен сынай қарап, қысқаша түрде шолып өтумен шектелмек.

Қазақстан жері түгел отарланып, халық бодандыққа ұшырған соң, кең байтақ қазақ даласың экономикалық және идеологиялық жағынан меңгеру мәселесің патша үкіметі күн тәртібіне қойды. Бұл үшін қазақ елін өз мүдделері тұрғысынан билеп-төстеудің саяси жаңа амалдарын алдын-ала ойластырып, көп жылғы ғылыми зерттеулер мен «бейбітшілікті» бүркенген экспедициялар арқылы халықты билеудің жаңа жүйесі – территориялық принципке негізделген  көп сатылы болыстық сайлау жүйесі ендірілді. Мұның өзі қазақ даласың бұрыңғай билік жүргізу үшін үкімет арнаулы «дала комиссиясын» құрып, қазақ елін алдын ала жан-жақты зерттеп барып келген елеулі түрдегі саяси – әлеуметтік қорытындысы болатын. Бұл мәселенің түбірлі зардабын қазақ интеллигенциясының алғашқы тобы, яғни өмірі мен шығармашылығы  көп жылдар бойы  ақтандаққа айналған ақын – жазушылар терең сезініп, қарсылық білдірген де еді.

Орыстандыру саясатының салдарынан қазақтар соңғы кезде өздерінің діни-рухани тұрғыдағы істерінен қағажу көргені сонша, әкімшіліктің рұқсатынсыз бір қадам да жасай алмайтын болды. Мешіт салуға, мұсылман мектептерін ашуға, Меккеге қажылыққа баруға және басқаларға рұқсат беру не бермеу құқық заң бойынша тек әкімшілікке берілген.

         Көрнекті ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің еңбектерін оқуға, қайыра басып шығаруға тиым салынады. Соған байланысты халқымыз рухани жағынан орны толмас зиян шекті. Қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүддесін, дәстүр-салтын, туған тарихын терең білетін, қадірлеп-қастерлейтін, жинақтап – насихаттайтын озық ойлы ұлтжанды зиялылардың шығармаларынан нәр ала алмай ұрпақтардың жалғастығы үзілді, ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміз құлдырап, дағдарысқа түсті [2,292].

Қазақтардың даладағы экономикалық жағдайы әбден қалыптасқан: мұнда дала — малды, мал — қазақты асырайды. Мал күйлі болса, қазақ та күйлі, өріс шұрайлы болса, қазақтың жүзі де шырайлы. Қалмақтармен ұзақта сұрапыл ұрыстардан кейін, әкелер қанының өтеуімен азат етілген ата-мекенін өз меншігі деп есептеген қазақтар орыстың қарамағына кіргенде ол мемлекет халық меншігіне қол сұға қояды деп ойлаған жоқ еді, ал сол кезде-ақ орыс мемлекеті ешқандай дәлел-себепсіз күштінің құқы жүреді деген қағидаға сай, барлық қазақ жері мемлекеттік меншік болып танылады деген заңды бекітіп, соның нәтижесінде қазақ даласына қоныс аудару қозғалысы басталды, ең шұрайлы жерлер қоныс аударушыларға кертіліп беріліп, ең нашар жерлер қазақтарға қалды [2,303].

XIX ғасырдың екінші жартысына дейін патша өкіметі қазақтардың орыстарға жақын көзқарасың қалыптастыруды көздеп, қазақтар арасыңда ислам дінін насихаттауға татар молдаларын жіберіп отырды. Бірақ осындай саясат арқылы қазақтардың орыс халқына сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырудың мүмкін еместігіне көзі жеткен патша үкіметі өзінің көзқарасын өзгертеді де мұсылман мектептеріне қиянат әрекеттерін бастайды; 1876 жылы бұларда орыс кластары ашыла бастады.

Сөйтіп, патшалық Ресей әкімшілігі мұндай мектептерде оқитын мұсылмандарды орыстандыру үшін білім беру ісінің «жоғарыдағы басшылары» оларға орыс тілін, орыс тарихы мен жағрафиясын үйрету деп санайды. Ресейдің қол астына орысша білім беру мақсатында Омбыда, Орынборда, Оралда, Семейде және басқа қалаларда орыс мектептері ашыла бастады. Оларда қала тұрғындардың балалары оқыды.

Патша өкіметі отарлау саясатын бүркелемек болып қазақтардың балаларын оқыту үшін оқу орындарын аша бастады. Егер 1841 жылы Бөкей Ордасында бір ғана училище болса, оған 1868 жылы 7 мектеп қосылды. 1883 жылы қазақ қыздарына арналған орыс – қазақ училищесі және интернат

1902 жылдан бастап Дала округінде қазақ балалары үшін ауыл мектептері ашыла бастады. Бұл мектептерде сабақ қазақ тілінде жүргізіледі, қазақтар бұл мектептер қазақша хат тану да жүргізілсе деп сұранған еді, бірақ бұл өтініш қабылданбады. Бұл мектептерді қазақ балаларына қазақ сөздерін жазуды қазақ фонетикасына сай келмейтін орыс әрпімен үйретеді. Қазақша хат танудан сабақ беретін мұғалім алу туралы ұсынысқа қарсылық білдіру мен қазақша жазуға орыс әріптерін енгізу, қазақтар тарапынан ауыл мектептері білім беруді емес, басқаша бір мақсатты көздейді деп түсінілді де, сол себептен өз балаларын мұндай мектептерге беруден бас тартты. Ауыл мектептері оқушыларының бірінші құрамы әкімшілік өкіметтің қысымынан кедей қазақтардың балаларынан немесе жетімдерден толықтырылды, бұл ретте олардың ата-аналарына өкімет арнайы қаражат та бөлді, яғни шәкірттерді ауыл мектептеріне жалдап алды десе де болады. 1880 жылдардан бастап Дала өлкесінің барлық қалаларында қазақ балалары үшін интернаттар ашылып, оларда орта есеппен интернатқа деп бөлінген 30 адамның орнына, шіркеулік және қалалық училищелерде оқитын 300 бала тұрды. 1890 жылы интернаттар далада ешқандай қажеті болмаған және осы уақытқа дейін болмай келген ауыл шаруашылық мектептеріне айналдырылды [4,114].

Ауыл шаруашылық мектептерінің 15 жылдық өміріне қарамастан, олардан бірде-бір іскер ауыл қожайыны не ауыл шаруашылығы бойынша бірде-бір маман қызметкер шықпады. Ауыл шаруашылығы мектептерінің шәкірттері де, бұрынғы интернаттар оқушылары да қазақ даласыңда қажет болып отырған кәсіптік емес, жалпы білімі бар зиялы қазақтардың санын құрады.

Сонымен, Қазақстанның мәдени дамуында көптеген кемшіліктер орын алды. Мысалы, 1940 жылы республикадағы 701 орта мектептің 168-і, 1779 жетіжылдық мектептің 746-сы ғана қазақ мектептері болатын. 1932 жылдың ақпаныңда өткен пролетарлық жазушылардың қазақстандық ассоциациясының  (Каз АПП) I съезі «Қазан революциясына дейінгі  ауыз және жазба әдебиеті негізінен байшыл бағыт ұстады» деген баға беріп, көрнекті ақын, жазушы жыршыларымыздың  шығармаларын оқуға тыйым салды. Ұрпақтар жалғастығы үзілді. Ұлттық баспасөз қатан бақылауға алынып, идеологиялық  құрсауға түсті. Мұның бәрі әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ұлттық тұрғыда кең қанат жайып, дамуына мүмкіндік бермеді. Міне, осы себепті қазақ арасында аралас орыс-қазақ мектептерін ашу, қыздарын оқытуды алдымен қолға алу, ондағы оқу барысы қазақ тілінде жүргізілсе де, міндетті түрде орыс әрпі таңбалармен оқытуға күш салына бастады. Қазақтарға қолданылатын орыс әріпіндегі жазу үлгісін алдымен миссионер ғалымдар  жасап дүниеге әкеле бастады [1,106].

1914 жылы «Қазақ» газетінде басылым көрген  А. Байтұрсыновтың «Бастауыш мектеп» деген мақаласында: «…қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб қарпін тастап, орыс қарпін алдырамыз дейді. Сол үшін әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс қарпімен оқысын дейді…. Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, ал халыққа  керегі — өз діні, тілі, жазуы сақталуы», — деп қазақ елінің діні мен тіліне өзінің пікірінде күрес жолын мақсат етіп көрсеткені.

Қазақ елінің рухани болмысың идеологиялық жағынан меңгерудің саяси тетігі – қазақ елін шоқындыру, орыстандыру жолы ұсталуы себепті, алдымен ол халықтарды рухани жағынан біріктіріп отырған, бір емлеге негізделген араб жазуының орнына орыс жазуының әріп таңбасын ендіру мәселесі – саяси идеологиялық  алысты көздеген миссионерлік мақсат ретінде алға қойылды. Қазандағы рухани академиясы да осы мақсат тұрғысынан ашалған еді. Бұл мәселемен Еділ бойы халықтарын шоқындыру көздеген  «Новокрещенская контора» айналысса, Түркістан өлкесі мен қазақтарды шоқындыру, орыстандыру ісімен жанадан құрылған  «Обрусительная палата» тікелей айналысты [4,102].

Осы кезде мұсылман халықтарына қарсы жасалған сұрқия саясаттың бірі-алфавитті ауыстыру болды. Бұл халықтар сан ғасырлар бойы араб жазуынын негізінде жасалған әліппені пайдаланып келген.  Қазақстанда 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен алмастырылды. Мұндай шара Ресей империясы кезіңде де қарастырылған. Бірақ оның екі жүз жылы іске асыра алмағанарманың Кеңес өкіметі тізеге салып жиырма жылда  жүзеге асырып тастады. 1940 жылы латын жазуын орыс әрпіне (кириллицаға) көшірді. Сөйтіп, Кеңес үкіметі бір ұрпақ өмірінің ішінде  қазақ тілін екі рет жаңа жазуға көшіріп, халықты екі рет жаппай сауатсыздыққа ұшыратты. Ондағы мақсат – халықты араб тілінде жазылған ата-баба мұрасынан, тарихи зердесінен ажырату, ұрпақтардың  дәстүрлік жалғастығын үзіп, тамырына балта шабу, мәңгүртікке айналдыру еді. Бұл кездегі жағдай туралы философия ғылымының докторы Г. Батыгин; «Сталинские репрессии обрели такой масштаб, что во многих регионах была истреблена национальная интеллигенция, которая является носительницей исторической памяти народа,

В Азербайджане, Казахстане, Молдавии традиционный алфавит был заменен кириллицей. Корни культуры державшиеся на многовековой традиции, были подрезаны»- деп жазды[1, 99].

Қанша дегенмен латын жазуын күштеп зорлықпен енгізсе де, латын жазуының идеологтары түркі тілді халықтарының білгір зиялы тобымен есептеспей тұра алмады. Осы себепті араб жазуынан латын жазуына өткізген тұста  түркі тілді халықтар қабылдап отырған латын, жазуындағы әріптердің жақындастығы, ыңғайластығы басты меже ретінде қарастырылған сияқты.

Латын жазуын алуға, әсіресе, Қазақстанда қарсылық қатты болды. Өйткені, А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялалары бұл саясатттың түпкі астары қандай саяси-идеологиялық мақсат көздейтін жақсы білетін. Бұл латын жазуын алу уақытша көзбояушылық шара екендігін, бәрі-бір түптің түбінде орыстандырудың кілті болған алфавитіне түсіретінін олар жақсы білді. Ең қауіпті де зиянды нәрсе, мың жылдан астам уақыт бойы тарихы мен ой-санасы, рухани қазына көздері, өнер туындылары араб жазуымен қалыптасқан, әрі халықтың тарихын қорландырып келген жазу мәдениетінен айырылу- халықтарды қатты қансыратып, өткенінен, оймақ жазуынан кейін тағы да жүздеген жылдар бойы жиған-терген тарихи ұғымнан келер ұрпақтың мүлде қол үзіп, ұлттық нигилистерді қалыптастырудың қатерлі қаупін сезінді [3, 214].

Қазақ пен қырғыздарға осы жазуды патша отаршылдары қаншалықты тықпалап,  сан түрлі айла – тәсілдерге салып, кейде тіпті зорлықпен де қабылдата алмады. Осы миссионерлік мақсат көздеген патша отаршылдарының қолы жетпей кеткен саяси арманын  тоталитарлық билік халықтардың еркінен тыс зорлықпен әуелі латыншаны, артынша 1937 жылы халықтың зиялы тобын түбірімен жойған соң, халықтың сұрауы бойынша деп орыс жазу таңбасын ендіру саясаты идеологиялық неоколониализмнің өзі болып шықты.

Мәдени революция жылдарында қазақтар орталықтың нұсқауы бойынша жазуын үш рет өзгертуге мәжбүр болды: басында арабшадан – латыншаға, одан кейін латыншадан – кириллицаға (1930-37 жж).

Мәдени революция халықтың сауаттылығын көтеру үшін емес, қайта керісінше «жаңа адамды», яғни «мәңгүртті» өсіріп шығару үшін ойлап табылады.

Ұзақ жылдар бойы ұлт тілдерінде ғылым тілі дамытылмай келді. Оның өрісі орталықтың талабымен саналы түрде кесілді. Мұның бір елеулі  себебі ғылымның бар саласында қорғалатын кандидаттық, докторлық диссертациялар міндетті түрде орыс тілінде жазу заңға айналған. Бұл зандылық барлық ұлт тілдерінде ғылымның барлық саласы, тіпті ұлт тілі мен әдебиеті, тарихы, этнографиясы туралы ғылыми – зерттеу еңбектері ұлт тілінде жазылмауы – ол тілдердегі ғылым тілінің даму өрісін кесіп, келешегің тұйыққа тіреді.

Империялар қолдаған саясаттың нәтижесі емес пе, халқымыздың бір бүтін ұлт бола тұрып үш түрлі жазу таңбасына таңылып, жылдар өткен сайын бір-бірімізден алыстап, рухани қазынамыздан қол үзіп, империялар саясатының жеміне айналып бара жатқанымыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. Қазақстандағы ұлт –азаттық қозғалыс. Д. Жамбылов. Алматы 2011ж.
  2. Қазақстан тарихы. Оқу құрал.алматы 2011ж.. Жұмақаев Б.Д.
  3. Қазақстан тарихы. Артықбаев Ж.Астана.2013 ж
  4. Қазақ қалай орыстандырылды. М. Мырзахметов. Алматы. 1993 ж.
  5. Қазақстан Республикасының тарихы. К. Рысбайұлы. Алматы 1999 ж.

 

 

Ж. Мусин атыңдағы қазақ педагогикалық
колледжінің тарих пәннің оқытушысы
Калиева Б.К.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.