Home » Ашық сабақтар » ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРІ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРІ

Мақсаты: 1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мағұлымат алу.

  1.    Тілдерін дамытып, сөздік қорларын арттыру.
  2.    Оқушыларды қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдты көріністер, кестелер

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Ұйымдастыру кезеңі: Қазақ халқының күйі орындалады. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын мәлімдейді.

                                      «Білгірлер» — сайысы жарияланады.

Мұның бәрі тақтада жазулы болады.

Эпигроф оқылады (тақтада):  Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

(Ә.Тәжібаев).

Мұғалім сайыс кезеңдерімен таныстырады (тақтада):

  1. «Тіл дамыту»
  2. «Үй жұмысы»
  3. «Қайталау»
  4. «Салт – дәстүрлер»
  5. «Өнер»
  6. «Қорытынды»

1.«Тіл дамыту» — кезеңінің сұрақтары: Оқушылар торкөздерді таңдайды (тақтада).

 1 2  3   4  5
 6 7  8   9 10
  1. Жұмбақ жасыр.
  2. Қазақстан халықтарының мерекелік күндерін ата.
  3. Қазақтың ақын-жазушыларын ата.
  4. Мақал-мәтел айт.
  5. Тақпақ айтып бер.
  6. Төрт түлік туралы не білесің.
  7. Ел рәміздерінің құрылымын айтып бер.
  8. Ұлттық ойындардың бірін көрсет.
  9. Отбасы мүшелері туралы айтып бер.
  10. Досыңа мінездеме жаса.

 2.«Үй жұмысы» — кезеңінің тапсырмасы: 7- тапсырма. 47 бет.

Қазақ тілінде өз өмірбаянын жазып келу.
3.«Қайталау» — кезеңінің тапсырмасы: Әр оқушыға әр түрлі нұсқадағы тест жұмысы таратылады.
4.«Салт-дәстүрлер» — кезеңінің тапсырмасы: Тақтадағы сөздерден қалағанын таңдап, оның орыс тіліне аудармасын жасайды. Одан соң ол сөздің қалташығынан қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгіме шығады. Оқушы ол әңгімені мәнерлеп оқып береді де, аудармасын жасайды. Өзге оқушылар көмекке әзір тұрады. Осылайша жалғасады.

АқынЕлбасыҚазақМемлекетДостық
БілімОтбасыЖылқыХалықЕңбекқор
  1. «Өнер» — кезеңінің тапсырмасы: Оқушылар «Қара жорға» — биін билейді.

6.»Қорытынды» — кезеңінің тапсырмасы: Оқушылар тақтадағы суреттерге қарап таратылған  кестелерді толықтырады.

 Салт-дәстүрлер               Мағынасы
1 Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді.
2 Қазақ ұлтының тұрмысына тән қимылдары болады.
3 Сыйлы қонақтарды құрметтеуге арналады.
4 Баланы зеректілікке, төзімділікке үйретеді.
5 Қазақ халқының жылқы малына деген ықыласын білдіреді.
6 Әр мұсылманның алла тағалаға адалдығын білдіреді.
7 Итті, құсты арнайы үйрету.

Жауаптары: 1. «Шаңырақ көтеру».  2. «Қазақ биі».  3. «Бешбармақ».  4. «Асық ойыны». 5. «Бәйге».   6. «Құрбан шалу».  7. «Аң аулау».

Үй тапсырмасы:  «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» — тақырыбына шығарма жазып келу.

Бағалау:  Оқушылардың сабақтағы біліктерін бағалау.

Петропавл қаласындағы  №42 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шалахаев Бекайдар Жылқайдарұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.