Home » Баяндамалар » Қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде мектепке дейінгі балалардың рухани – адамгершілік құндылықтарының дамуы

Қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде мектепке дейінгі балалардың рухани – адамгершілік құндылықтарының дамуы

  • Кіріспе
  1. Қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде мектепке дейінгі балалардың рухани – адамгершілік құндылықтарының дамуы.
  • Негізгі бөлім
  1. Рухани-адамгершілік тәрбие мен ұлттық тәрбие – ел болашағы.
  2. Халық педагогикасы және балабақшадағы байланыс.

     3.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер:

Ғаламтор парақшалары,

«Отбасы және балабақша» журналы,

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналы

Кіріспе.

Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі білім беру жүйелері мен білім жаһандану заманына лайық әлемдік жаңаруларға сәйкес икемді ойлауды қалыптастыру;
Рухани мәдениет тәрбиесін ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдардың әр қайсысының ой-пікірлеріне жүгінсек те, ортақ сипат руханилық ұғым. Мәселен, В. Белинский «Адамның тәні сияқты, жанына да тәрбие керек»
екенін айтып өткен.

«Құндылық» дегеніміз- биологиялық теория өкілдерінің айтуынша, барлығы тұқымнан ата-бабаларымыздан беріледі. Қазіргі Қазақстандағы қоғам мен адамның жаңаруы бүгінгі күні біздің мемлекетіміз бен білім жүйесінің жалпы идеясы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз халқына Жолдауында: «Өз бойымызда  және балаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді».

Мектепке дейінгі жас – әрбір адамның өміріндегі ең жарқын қайталанбайтын шақ, жеке тұлғаның алғашқы қалыптасу кезеңі, баланың өзіндік тануы мен даралағының қалыптасу кезі. Әр баланың жеке басы – оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау – бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.

Негізгі бөлім.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Сананың қалыптасуы – ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы эксперимент ретінде жүргізіліп келеді.

Халық педагогикасы – нәрестенің  сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті – халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» халыққа Жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».

Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

— Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

— Ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;  «Әр бала – жарық жұлдыз» деген ұстанымды бетке алған ұстаздар қауымының, әр баланы ұлттық тәрбие негізінде тұлға ретінде қалыптастырып, дамытуға бағытталған жұмыстарын атап өтуге болады.

Иә, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.  Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде сақталған. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында. Ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес» деген бұрыштар бар.

«Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін» — атты ашық шара өтті. Бұл шарада балалар патриоттық сезімге тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды. Балабақшамызда ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы – алтын ұям» атты ашық шара, ата-аналардың қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді.
Балалармен «Сөз маржанын терейік» атты іс-шара өткізілді.

Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді. Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.[3,7] .

Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Сонымен, халықтық мәдени мұра негізінде, бүлдіршіндерді күнделікті бес сала бойынша өтілетін оқу қызметтеріне кіріктірілген салт-дәстүрлерімізбен таныстырып отырамыз.

Мысалға алсақ, «Коммуникация» саласында көркем әдебиетке келер болсақ, мұнда халық ауыз әдебиеттерінен үзінділер оқып береміз. Мақал –мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер айтылады. Балалардың тіл дамытудағы сөздік қорларын кеңейту мақсатында халық ертегілерін драмалық сахналауға үйретеміз.

«Шығармашылық» саласында музыкадан бүлдіршіндерге халық әндерін орындауды ұсынамыз. Қазақ халық күйлерін тыңдауды ұнатады. Қазақ халық ұлттық билерін билеуге ұлдар мен қыздар машықтанған. Жапсыру оқу қызметі бойынша аппликациялық түрлі қағаздардан ұлттық ою-өрнектер ойып, қайшымен қырқып, желімдейді. Дәнді дақылдарды жабыстыру, яғни балалардың қол, саусақтарының қимыл-әрекеттерін дамыту болып табылады. Ермексазбен түрлі-түсті қазақи нақыштарды мүсіндеуді ұсынамыз. Түрлі үлгілерге қарап қызығушылық танытады.

«Денсаулық» саласы бойынша дене шынықтыруда негізгі және жалпы қимыл жаттығуларымен қатар ұлттық ойындар ойнауды ұсынамыз. Мысалы, арқан тарту, асық ойнау, сақина жасыру, соқыр теке, ақсерек-көксерек, орамал тастау сияқты қызықты ойындар ойнайды.

«Әлеумет» саласында, балаларға қоршаған ортаны кеңінен таныстырамыз. Мұнда туған жеріміз туралы, Отанымыз Қазақстан жайлы әңгімеленеді. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты танып біледі. Экологиялық табиғаттағы жер, су аттарымен таныстырамыз. Табиғатты қорғау туралы түсіндіреміз.

«Таным» саласында, жаратылыстану пәні бойынша, қазақ халқының төрт түлік жануарлары жайлы, кыран құстары жайлы, өсімдіктер, жан-жануарлар жайлы түсінік беріледі. Жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарын, ауа-райын, уақыт мезгілдерін түсініп ұғынады.

Балаларды қорғау күніне орай, «Сөз маржанын терейік» атты іс-шара балабақшада «Аудандық тілдерді дамыту орталығы» басшылығының ұйымдастыруымен екі топ арасында қазақ халқының ән, би, мақал-мәтелдер, тақпақтар сайысы өтілді. Мұндағы мақсат – балаларға қазақ ұлттық мәдени мұрасын дәріптеуді ұғындыру.

 

Қорытынды.

Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды мектепке дейінгі балалардың, бүлдіршіндеріміздің санасына тереңдей сіңіруге тәрбиелеу басты мақсатымыз болып табылады. Осы тұрғыда балабақшаларда мәдени халықтық мұра негізінде, бүлдіршіндерге рухани-адамгершілік тәлім-тәрбие беру – парызымыз. Патриоттық сезімді, қалыптастыруға, ұлттық мәдени мұрасын дәріптеуге атсалысайық дер едім!.

Ерназарова Гульнара,
«Арайлым» балабақшасы,
ОҚО, Шардара қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.