Home » Мақалалар » Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық –коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдық құзіреттіліктерін арттыру

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық –коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдық құзіреттіліктерін арттыру

Елбасы өзінің қазақстандықтарға арнаған Жолдауында оқу-тәрбие үрдісін  ақпараттық технологиялармен барынша қамтамасыз ету міндетін білім беру жүйесінің басты мақсатының бірі және оның болашағы үшін маңызды фактор екенін атап көрсеткен болатын. Қазіргі  таңда студент — ақпаратпен  қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға.

Оның  білімдік  қабілеттерін  дамыту үшін біздер,  оқытушылар жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді  ескі  білімге  байлап  беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту  процесіне жаңа көзқараспен  қарау  керек. Жазу, баспасөз, электронды пошта, радио, теледидар мен компьютер күнделікті өмірде қарым қатынасты жақсартуға және тілдік қарым қатынастың төрт психологиялық әрекеттерін (тыңдау, оқу, сөйлесу, жазу) дамытуда көмекші болып табылатыны да аян. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері, болашақ маман жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді  пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті  тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,  компьютерді, интернетті қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,  шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды, оқушылардың өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, оқытудың жаңаша түрлері мен тәсілдерін жетілдіруге жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Өз тәжірибем барысында, ең алдымен, сабақтың мақсатын анықтаймын. Сабақтағы оқу материалдарымды жоспарлап отырған уақытта тапсырмалар құрастырған студенттің бүгінгі сабақта алған білімін одан әрі дамыту мақсатында сабақта жобалап оқыту технологиясын пайдаланамын.

Оқушыларға ақпарат алудың көздерін түсіндіремін және интернеттегі ақпарат арқылы баланың ой өрісі мәдениеті қалыптасады.

Әр топқа бөлу арқылы ізденіс көздеріне байланысты тапсырмалар беремін.Мысалы: Әдебиет сабағында мәдениет, саяхат саласынан білімдерін арттыруға да күш салып отырамын.

1- топ студенттеріне географиялық жағдайымен байланыстыра тапсырма берсем, 2- топ әдеби жазушының өмірбаяны мен шығармалары туралы ақпарат іздейді. 3- топқа әлемдік мұражайларда сақталған құнды заттарды ескі қазбалар туралы мәлімет жинауға тапсырмалар беремін.

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы, оқу процесінде  мен өзім оқытушы ретінде жұмыс жүйемді студенттердің өз бетінше танымдық қызметін белсенділікке, жеке тұлға ретінде дамыта отыруға, іскерлік пен дағдыларын қалыптастырып отыруға, барлық алған теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге жетелеп отырамын. Бұл жағдайда студенттердің интернетпен жұмыс істей алу қабілеттері қалыптасады, екіншіден, ақпаратты табу көздерін меңгереді және әр топқа берілген тапсырмалар арқылы бүкіл топ ұжымы жан-жақты мәлімет көзінен хабардар болады.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын  дайын күйінде бермеуге тырысамын. Студенттердің өздігінен танып – білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып, тұжырымдай  білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын:

—        жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар;

—        блок-схема, графиктер, диаграмма, карта т.б;

—        тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары;

—        ойын арқылы оқыту, сөзжұмбақ, ребустар, логикалық есептер, тестілеу және бақылау.

Ақпараттық технологиялаларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

—         Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады;

—         Білімге бір-бірінен алыс ара қашықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып  қол жеткізуге болады;

—         Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады;

—         Интерактивті байланысты қамтамасыз етеді;

—         Қажетті ақпаратты жедел түрде алуға жағдай жасайды;

—         Студенттердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Оқыту процесін компьютерлендіру үрдісі студенттердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, сабақты сапалы, жүйелі, жоспарлы болуына алып келеді.

Ақпараттық құралдар студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауы мен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Ал ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану — білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктен тудырады:

—         интерактивтік сұхбат – ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады.

—         нақты объектілерді басқару;

—         экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің құбылыстардың, процестерін, үлгілерін басқару;

—         оқу процесінің нәтижелеріне автоматтық бақылау, өзіндік бақылау жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.

Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның  барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің шығармашылық  даралығын қалыптастыру үшін  сабақта төмендегі іс-шаралардың  қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

— Студенттің дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.

— Оқытудың жаңа әдістерімен формаларын  (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекет және т.б.) сабақта жиі қолдану.

—  Проблемалық зерттеу, аналитикалық моделдеу  әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

— Жаңа апараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекомуникация, виртуальды орта және мультимедия — технология) пайдалану арқылы оқу процесінің  материалдық  — техникалық базасын жетілдіру.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі- қарым-қатынастар орнату мен оларды қолдау үшін қолданатын тіліміз. Өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сөз сөйлеуші интерактивті стратегияларды қолданады. Мысалы, мультимедиа форматындағы құралдар (аудио және бейнемәтіндер.) ерекше методологиялық үлгілерден және лингвистика мен әдістеме теорияларына сай тілді оқыту мақсаттарына байланысты сұрыпталып алынады. Интерактивтік тақтадағы ресурстар кітапханасы арқылы суретпен жұмыс жасап оқушының сөздік қорын молайтуға ықпал етеді. Оқытушы мен тіл үйренуші студентке материалды көрсету компьютер арқылы басқарылады. Мысалы, белгілі бір сөздің фонемалық символының айтылуын тексереді, аудармасыз сурет арқылы лексикалық қорды байыту жұмысын іске асыруға болады. Тест жұмыстарын нәтижелі өткізуге көмегі мол және тағы сол сияқты толып жатқан оң мақсаттарға қол жеткізуге болады. Қазақ тілі сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың артықшылықтары: сабақтағы уақыттың үнемделуі, сабақ материалының мейлінше тығыз ұсынылуы, аз уақытта көп ақпарат көзіне қол жеткізе білу. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өте маңызды бағыт: мультимедиалық презентациялар. Мультимедиа алуан түрлі ақпараттық объектілердің бірлігінен, мысалы, мәтін, графика, бейне (video) анимация және дыбыстан тұрады. Қазақ тілінде презентациялар дайындағанда студенттер жоспарлау, жобалау жасау үрдісінде жаңа білім мен білікке ие болады. Осы жұмыстың нәтижесінде

—        тәжірибе алмасу;

—        ақпарат алмасу;

—        мәселелер шешу әдістерімен алмасу;

—        жеке және бірлескен жобалар нәтижелерімен алмасу және тағы сол сияқты сан алуан амал-тәсілдерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере алады.

Сонымен қатар әр түрлі жағдаймен сабаққа қатыса алмаған оқушымен интернет, колледж сайты, оқытушы электронды поштасы арқылы қарым қатынас жасау да жаңа инновациялық технологиялардың бірі деп есептеуге болады. Әртүрлі қатысым құралдарын пайдалана отырып, студенттер мен ұстаздар электронды пошта арқылы араласа алады. Колледж сайтына студентке кластерлер арқылы өткен тақырыпты беруге мүмкіндік тудырады.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімінен  тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, салауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбиесіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын терең меңгерген жан болғанда ғана білім мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Сондықтан бүгінгі алдындағы талап-ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, сол арқылы студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттыруға қол жеткізу.

 

Абельдинова Динара Кенжебековна,
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі»
МКҚК қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.«Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы»-Алматы-2012 ж.

2.Тұрғынбаева. Б. А .Ұстаздық шығармашылық . Алматы.2007ж-190-200 .б

3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

4. «Информатика негіздері» журналдары.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.