Home » Жаңалықтар » Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ- ны қолдану

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ- ны қолдану

Қазақ халқының жері қандай кең байтақ болса, елінің жүрегі сондай кең, көк аспанның астындағы қара жері сондай бай. Қазақстанның сол байлығы баласы, ұрпағы, ата-бабасы. Асыл мұраттарымызды жүзеге асырып, жаһанды ауызға қарататын ертегідегідей алпауыт елге айналу, өркениеттің өрінде домалау барлығына да саналы білім, сапалы тәрбиемен жетеріміз қақ. Білім мен тәрбиені мектеп деген алтын ұядан аламыз. Алаштың арда ақыны М.Жұмабаев: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде қаламақ. Ел тағдыры мектебінің құрылысына байланысты нәрсе… Мектебімізді сау, таза берік һәм жанымызға қабысатын негізде құра білсек, келешегіміз үшін серттесуге болады» деген сөзі өз өміршеңдігін көрсетіп келеді. Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен іскерлік дәрежесіне байланысты. Ендеше әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің де болашағы білім мен тәрбиенің алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да, талантты ұрпағы. Білімді, рухы мықты, жан дүниесі бай, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастырып, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын ұстаз. Олай болса, жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу,шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация дәрежесіне жеткізу-біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»-делінген болатын.

Сондықтан балаға білімді игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түсем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда сабақтың көптеген типі мен әр түрлі технологиялары біздерге белгілі. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ- ны қолдану өте маңызды, өйткені ол оқушылардың білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Ақпараттық технологияларды қазақ тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады. Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі, электронды оқулықты қолдану болып табылады. Ал, оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өткізіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. АКТ- топтағы оқушыларды оқыту үшін құнды құрал болып есептеледі. Бұл жаңа материалды қызықты, әрі тартымды етіп түсіндіруге көмектеседі. Жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге  жетуге болады.

АКТ арқылы сабақ мазмұнының гүленуі үшін қандай жұмыстар жүргізгеніме тоқталайын .

Өз іс – тәжірибемде сабақ үрдісінде мынадай айғақтарға сүйенемін :

  1. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
  2. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
  3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
  4. АКТ арқылы оқушының жеке тұлғасын дамыту.

Сонымен қатар, сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді. Қазіргі жаңашыл ұстаздардың барлығы да мұндай мүмкіндіктерді қалт жібермей қолданады дегенге сенімім мол.

АКТ – ны қолдану арқылы сабақты түрлендіруге болады.

Сабақта АКТ – ны қолданудың келесі түрлері бар:

1) Мультимедиялық құралдармен жұмыс істеу. Бұл тәсіл сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді: иллюстрация, аудио, бейнематериал арқылы.

2) Компьтерлік презентация қолданумен өткізілетін сабақтар. (Бұған жаңа материалды түсіндіру, қорыту, жинақтау сабағы, дәріс-сабағы, ғылыми конференция сабағы, т.б. сабақтар кіреді).

3) Жоба қорғау сабақтары (оқушылардың шығармашылық потенциалын іске асыру тәсілі).

4) Компьютерлік қадағалаумен өткізілетін сабақтар сабақтың әр түрлі кезеңінде оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Жылдамдыққа да үйретіп, уақытты тиімді пайдалануға дағдыланады.

АКТ қолданудың бір түрі – презентациямен жұмыс істеу болып келеді. Яғни, презентация– бұл слайд түрінде берілген материал: кесте, сызба, бейнематериалдар.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында да компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдалануға болады. Қазақ әдебиеті сабағында тақырыптық ерекшеліктерге байланысты әртүрлі фильмдер көрсетіп, презентациялар жасауға болады. Тілдік тақырыптарды өткенде интарактивті тақтаның көмегі зор. Оқушылардың сабаққа деген ынта-жігерін арттыру үшін түрлендіріп өткізу өте тиімді. Ақпараттық технология тәсілдерін қолданудың қол жетімді болуы мектептің ақпаратттық-техникалық базасына байланысты. Мектеп-ұстаз-оқушы бір-бірімен тығыз байланысты үштік. Сол үштіктің жағдайы барлық жағынан жақсы болса, алынбайтын қамал болмайды. Адамзаттың барлығы ұстаздың алдынан тәлім-тәрбие көріп, білімін шыңдаған. Шыңдалған біліммен әркім әр саланың данышпаны. Олай болса осы құндылығымызды жойып алмауға тырысайық.

 

Баелова Дина Набиевна,
«Бірінші гимназия» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Петропавл қаласы, СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.