Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлеп оқыту технологиясы» (Ж.Қараев), қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сын тұрғысынан ойлау» т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.
Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін – өзі жан – жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Қазіргі таңда компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналды.
Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін — өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады.Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.
Оқушылар World, Power Point, Excel, Актив студио т.б программалардың көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Интербелсенді технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін бәсекеге қабілетті
Шаймергенова Нұрсұлу Сайранқызы
СҚО, Петропавл қаласы,
№12 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі