Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Қазақ тілі және математика сабақтарында ойын түрлерін тиімді қолдану

Қазақ тілі және математика сабақтарында ойын түрлерін тиімді қолдану

«Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар оларды сабаққа қызықтырады,  тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға үйретеді және олардың бойында достық,  ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады»                                                                       Профессор В.М. Чистяков

         Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай технологияның бір түрі — ойын арқылы оқыту. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде ойын технологиясын қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады.  Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану – сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Сонымен жаңа технология элементтерінің кешенді жүзеге асырылуы бастауыш сынып оқушыларының тек теориялық ойлауы мен тілін ғана дамытып қоймай, олардың интеллектуалдық дамуын, адамгершілік және рухани тәрбиесін, іскерлігін қамтамасыз етеді.

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді:

  1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
  2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
  3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
  4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
  5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
  6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
  7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
  8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
  9. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

Қазақ тілі сабағында мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:

«Кім тапқыр?» ойыны.

Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.

1.Үйдің … — … қыс түскенде білерсің. (ыстық-суығын)

Кімнің … — … екенің іс түскенде білерсің. (дос-қас)

2.Ашу – … , ақыл – … .  (дұшпан, дос)

  1. Ақылдан жақын …  жоқ. (дос)

Ашудан жаман  … жоқ. (жау)

«Зат есім» тақырыбын өткенде  «Тізбек» ойынын ойнауға болады.

Бірінші оқушының ойлап айтқан зат есімінің соңғы дыбысынан басталатын жаңа зат есім тауып айту.

Кітап – парта – астық – қарындаш – шана т.б.

Сөздік қорларын байыту мақсатында «Кім көп сөз біледі?» ойынын ойнауға болады. Екі оқушы өздері білетін сөздерді тез әрі жылдам айтып шығу қажет. Шатаспаған, кім көп сөз айтқан оқушы марапатталады. Сабақта тағы да қызықты ойналатын дидактикалық ойындардың бірі – «Доп қағу» ойыны. Мысалы: допты лақтырып орыс тілінде сөз айтасың да, оқушы сол сөздің аудармасын айтып допты кері қайтарады.

Школа – мектеп, класс – сынып, мяч – доп т.б.

“Қайтала” ойыны. Мұғалім бір жануардың атын атайды. Екінші оқушы мұғалімнің сөзін қайталап, өз сөзін сол тақырыпқа айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі сөзді қайталап, және өз сөзін қоса айтады. Ешқандай сөздерді шатастырмай өз қалпында айтқан оқушы жеңімпаз болады. Мысалы: сиыр 1 – ші оқушы: сиыр, бұзау 2 – ші оқушы: сиыр, бұзау, қой 3 – ші оқушы: сиыр, бұзау, қой, қозы т.б.

Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері:

  1. «Өрмекші торы» ойыны

Оқушылар   шеңбер бойымен орналасады. Қорытынды ретінде оқушылар   кезекпен бір-біріне жіпті лақтыру арқылы сабақта өтілген материалды қайталайды.

2.«Үндемес ойыны».

Схемада көрсеткіш таяқшамен көрсетіп тұрып, орындалатын амалдар мен сандар көрсетіледі. Оқушылар үнсіз келіп, жауаптарын тақтаға жазады. Басқа оқушылар дұрыс жауапқа жасыл түсті текшелерін көрсетеді.

Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

http://engime.org/ojin-elementterin-pajdalana-otirip-sauattilia-shapshadilia-bau.html

https://adister.weebly.com/1054108110991085- 11011083107710841077108510901090107710881110.html

http://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/bastauyish-syinyiptarda-oyyin-elementtern-koldanu-60349

Ашуханова Анар Қундыбековна

                                                                                  «№19 орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Қостанай облысы, Рудный қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.