Мемлекет басшысы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғыртуы» бағдарламалық мақаласында: «Латын әліпбиіне көшу бойынша жұмыстарын бастау қажет» деп үндеу салған. Осы жағдайда асықпай-ақ барлық басымдылықтары мен кемшіліктерін зерттеу қажет. Өз балаларымыздың болашағы үшін біз осындай шешімге келуіміз тиіс, бұл әлеммен бірлесе отырып, ағылшын тілі мен ғаламтор тілін мүлтіксіз игеруге көмектеседі, ең бастысы, қазақ тілінің жаңғыруына жағдайлар жасалады. Бұл, ең алдымен, фонетика мен орфоэпияға қатысты болып келеді. Бүгінгі таңда тілдің табиғи заңдылықтары бұзылған.
Кезінде латын әліпбиіне ұлы ғұлама, тіл маманы Құдайберген Жұбанов жоғары баға берген еді. Ол латын тілін қазақ тіліне орай дағдыландырған.
Еліміздің жетекші тіл мамандары: «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі- заман талабы» деп айтуда. Бұл, ең әуелі, Қазақстан мәртебесінің әлемдік қоғамдастықта бекітілуі мен жаһандану саясатынан туындаған еді. Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін көрші елдің сарапшылары да қолдап жатыр. Бұл -ел ішінде ғана емес, сонымен қатар, шекара сыртында да қазақ тілін үйренудегі үлкен шабытын тудырмақ, сонымен қоса оның мәртебесін ақпараттық кеңістігінде де жоғарлатпақ. Латын графикасы түркі әлемінде шоғырлануына да көмектеспек болады.
Ақпараттық технологиялар дәуірінде, бізге, заманмен қатар жүруіміз керек. Латын әліпбиін қазірден , яғни балабақша мен бастауыш сыныптан бастап емін-еркін енгізуіміз тиіс. Әрине, бұл үрдіс оңай емес, кейбір сәтте қиыншылықтар да болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе, бәрі орнына келеді және елдің азаматтары латын тілінде еркін сөйлеп жазатын болады.
Ыбырай Алтынсаринның айтуынша, бала ең бірінші рет әдебиетпен танысқан кезінде, ол халық ойының әлемі мен халық сезіміне, халық өмірі мен халық рухының саласына енгізуі тиіс. Өз халқының рухани өміріне баланы тартатын бұндай әдебиетке, әсіресе, халық ауыз әдебиетінің шығармалары болып табылады, бүкіл оның жанрлық көпалуандығы: күлдіргілер, өлеңдер, жұмбақтар, санамақтар, аудармақтар, мақал мен мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер және т.б. Шығармалар өз мазмұны және түрімен баланың өнегелі тәрбиесі мен даму міндеттемелеріне жауап береді.
Sanamaq
Qýyr — qýyr — qýyrmash
Balapanǵa bıdaı shash
Sen anaǵa bar. Sen ákege bar. Sen ájege bar. Sen ataǵa bar.
Maqal — mátel
Ata — báıterek, bala japyraq
Besіk jyry
Áldı, áldı, aq bópem,
Aq besіkke jat, bópem.
Bylamyqqa maı quıyp,
Bóktіrme qyp bereıіn.
Jańyltpash
Qarǵa, qarǵa, qarǵalar
Qar ústіnde jorǵalar.
Jumbaq
Qabat — qabat qattama
Aqylyń bolsa attama. (kіtap)
Уақыт бір орнында тұрмайды, жаңғырту, бұл- тарихи үрдіс, біздің қоғамға жақсы болашақ құруы мен маңызды белгісі ретінде мемлекеттік тіл болып табылатын өз мәдени генетикалық кодын сақтауға мүмкіндік береді.
Кусаинова Анара Жумагалиевна
қазақ тілі мұғалімі
Қостанай қаласы,
№ 15 бөбекжай-бақшасы