Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары мен жаңартылған білім беру мазмұнының үндестігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Облыстың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің 28 мұғалімі қатысқан шара алдына «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінің жаңартылған оқу бағдарламаларының маңызын, құрылымын, өзіндік ерекшеліктерін, оқыту әдістемесі және тілдік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін талқылау және қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары мен жаңартылған білім беру мазмұнымен үндестігін мұғалімдердің тұжырымдауы, пайдалану жолдарын іс-тәжірибеде көрсетуі арқылы пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мақсаттарын қойды.
Дөңгелек үстелде талқылануға ұсынылған «Қолданыстағы «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінің оқу бағдарламалары мен жаңартылған оқу бағдарламалары арасындағы ерекшеліктер қандай?», «Білім беру мазмұны бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының тілдік дағдыларды дамытуға бағытталуы қалай жүзеге асырылады?», «Қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары мен жаңартылған білім беру мазмұны туралы Сіздің ойыңыз қандай?», «Тілдік дағдыларды қалыптастыруда қазақ зиялылары ұсынған әдіс-тәсілдердің тиімділігі қандай?» сұрақтары бойынша мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салды, талқылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ зиялыларының оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарға көңіл бөлу пікірлерін талқылап, олар ұсынған тілдік дағдыларды қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын әр тақырып бойынша қарастырды.
Дөңгелек үстелде жаңартылған оқу бағдарламаларын оқу үдерісінде жүзеге асыруда қазақ зиялылары ұсынған әдіс-тәсілдерді орынды әрі тұрақты пайдалану туралы айтылды, нақты ұсыныстар берілді.

 

Ж.НЫҒМЕТ
Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)
пәндерді оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістері
кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.