XX ғасырдың басыңдағы Алаш арыстарының саяси және ағарту жолындағы қызметтері туралы көптеген құжаттар Омбы, Орынбор мұрағаттарында сақталған. Сол кездегі тарих Алаш зиялылары есімімен байланысты. Алаш зиялыларын репрессияға ұшыратып, жасаған әрекеттерін бәрін халыққа жеткізбей жасырған.
Алаш зиялыларының негізгі мәселесінің бірі – білім беру болды. Алаш партиясы ұсынған бағдарлама 10 тараудан тұрды, оның тоғызыншы тарауында: әр адамға оқуға, білім алуға рұқсат берілсін, кіші дәрежелі мектепті аяқтаған соң жоғары дәрежелі мектептерге оқуға түсуге әзірлейтін әр түрлі мектептер ашылсын, университеттердің және басқа да оқу орындарына өзін-өзі басқаруына мүмкіндік берілсін; гимназия, реалды училище секілді орта дәрежелі мектептер көбейтілсін делінген. Қазақ балаларына басқа тілдермен бірге міндетті түрде қазақ тілі де оқытылсын, кіші дәрежелі мектептерде оқу тегін болсын. Қазақ балаларына сабақ ана тілінде жүрсін; қазақтар ішінде мұғалімдер мектебі көп болсын. Білім беру саласында қазақ тілінде оқыту мәселелері кеңінен қарастырылған.
Ірі елді мекендерде – Көкшетау, Ақмола, Атбасар станицаларында алғашқы мектептер XIX ғасырдың орта шеңінде ашылды. 60-шы жылдар қарсаңында Көкшетауда екі мектеп жұмыс істеді. XIX ғасырдың соңында мұнда тағы бір мектеп – қыздар мектебі іске кірісті. 1850 жылы іргесі қаланған Щучинск станицасында 70-шы жылдары бастауыш мектеп болған.
Атбасарда 1914 жылы екі 4 сыныптық училище (оның бірі – орыс-қазақ училищесі), әйелдер мектебі, татар мектебі болды.
Ақмолада бұл уақытта 3 жалпы білім беретін училище (бірі әйелдер училищесі), ауыл шаруашылығы мектебі, реалдық училище, медіресе жұмыс істеді.
Училище мұқтаждығына жылына мемлекеттік қазына мекемесінен 280 және «қалалық қордан» — жергілікті бюджеттен 1049 сом жұмсалып отырған.
1917 жылғы революия кезіңде төңкерісшілер, жұмысшыларға зауыт-фабрика, орыс шаруаларына жер беруге шешті. Ал, қазақ халқының ең басты мәселесі оқу болды. Осыған байланысты қазақ жерінде оқу орындары ашыла бастады. Мәселен, 1918 жылдары Алашорданың өтінішімен Омбыда мұғалімдерге педагогикалық курс ашылды. Оның алғашқы директоры Мағжан Жұмабаев болды. Артынан осы оқу орны 1920 жылдары Қызылжарға көшті.
1914 жылы Ақмола облыстың 743 оқу орнында 49309 оқушы, соның ішінде Ақмола, Көкшетау және Атбасар уездерінің бастауыш мектептерінде 13225 бала оқыды.
20-шы жылдардың басыңда сауатсыз адамдарды және мектебі жоқ ауылдарды анықтайтын санақ жүргізілді. Көкшетауда, Атбасарда, Ақмолада мұғалімдердің үш айлық курстары ашылды, олар 1926 жылға дейін жұмыс істеп тұрды. Курстарда Омск, Тары қалаларынан келген оқытушылар дәріс берді. Мұнда біртұтас еңбек мектебі, педагогикалық психология және гигиена, оқу-жазуды және есеп шығаруды үйрету әдістері, сөздің психофизиологиясы туралы дәрістер жүргізілді.
1921 жылы 10 мамырда Көкшетау қаласында педагогикалық курстар өткен, осы курс бойынша Омбы қаласыңдағы тарихи мұрағатта құжаттар табылды. Бұл құжатта «В Омский губотнаробраз. Настоящим сообщаю, что выехать в город Омск согласно откомандирования в распоряжение губотнаробразов не могу, так как местными властями (Уотнаробразов, Уревкома) задержан для работы на Кокчетавских пед. курсах. Преподаватель Кокчетавского пед. курсов Ст.Логинов. 21 мая 1921 года. Кокчетав. № 8832» — деп көрсетілген.
XX ғасырдың басында қазақ ағартушыларының қатарын Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Тұрлыбаев, Е.Итбаев, Ш.Қосшығұлов, Х.Болғанбай, т.б. толықтырды.
Сонымен қатар, 1918 жылдары Ташкентте қазақ балаларын оқыту мақсатында педагогикалық курстар ашылған. Ташкенттегі педагогикалық курстың мұғалімдерінің бірі Х. Болғанбай болды.
Болғанбай Хайретдин Әбдірахманұлы – 1894 жылы Ақмола облысы, Ақмола уезінде, (кейін – Нұра, одан соң – Қорғалжын ауданы) туып, 1937 жылы 21 қарашада Ташкентте жазықсыз атылған тұлға. Ол – журналист, қоғам қайраткері, әдебиетші.
Х.Болғанбай – ұлттық ағарту ісіне де өлшеусіз үлес қосқан азамат. Ол Қызылжарда, Ақмолада, Ташкентте оқушыларға сабақ беріп, оқу-білім саласын ұйымдастырып, А.Байтұрсынұлы бастаған ағарту ісін дамытты.
Жаз айларында 1913 жылы Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрте болысында ауқаттыларға жалданып, бала оқытады. 1915 жылы оқу маусымы біткенде Түркістан қаласында болады. Сол жылы күзде медресе үйі әскери лазеретке (I дүние жүзілік соғыс салдары) айналғанда, оқуын үзіп «Қазақ» газетіндегі жарнамаға (мұғалім қажеттілігі айтылған) иек артып, Ақмола гүбернесі, Атбасар уезіне келеді. Мұнда Кеңтүбек болысы Мәтенұлының балаларын оқытып, 1916 жылдың мамырына дейін тұрады. Мамыр айында Орынборға қайта барып, бір зиялылардың кеңесімен Шиеліге келіп, әйгілі Қалжан Қоныратбайұлының отбасы мұғалімі болып орналысып, оның інілері мен ауыл балаларын оқытады.
ХХ ғасырдың басында педагогикалық курстардың, училищілердің қызметі туралы Омбы тарих мұрағатында байқалды. Осы мәселе бойынша құжаттарды толығырақ келтірсек:
«Господину инспектору народных училищ Акмолинской области. Распоряжением моим от 16 августа 1902 года за №605 окончивший курс в Омском городском пятиклассным училище Мусульманбек Сеитов назначен учителем Эскеневскую аульную школу, Петропавловского уезда. подпись: Директор Алекторов».
«Господину инспектору народных училищ Акмолинской области. Распоряжением моим от 16 августа 1902 года за №610 окончивший курс в Устькаменогорском городском училище Павел Псарев назначен учителем Таспикетовской аульной школы, Атбасарского уезда. подпись: Директор Алекторов».
«Господину инспектору народных училищ Акмолинской области. Распоряжением моим от 10 августа 1902 года за №554 имеющий звание учителя начальных народных училищ, с правом преподавания в двухклассных училищах, Антон Герасимов назначен с 15 августа учителем в Кызыл-Агачскую аульную школу Кокчетавского уезда. Подпись: Директор Алекторов (Омский исторический архив ф.1, оп.1, д.1, л.60)».
Алекторов Александр Ефимович (1861-1918 жж) – орыс ориенталисті, миссионер. Қазақ тарихын, мәдениетін, этнографиясы мен ауыз әдебиеті үлгерін зерттеуші. Орынбор педагогикалық институтын бітірген. 1882 жылы Торғайға келгеннен бастап, халық ағарту саласында, Ақмола, Семей, Гурьев (қазіргі Атырау) облыстарында халық училищелерінің директоры, инспекторы бола жүріп, қазақ халқының тарихы, тұрмыс-салты, ауыз әдебиеті, тілі жөнінде көптеген зерттеу, жинау жұмыстарын жүргізген.
Осы мұрағаттық құжаттар бойынша Ақмола облысы, Петропавл, Атбасар, Кокчетав уездері бойынша мұғалімдер жеткіліксіз екенің анықтаймыз.
1920 жылдары ҰҚК (КГБ) мәліметіне қарағанда, Болғанбай Хайретдин Ақмола халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.
Х.Болғанбай 1924-1928 жылдары Петропавлда губерниялық халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары, педтехникум мен кеңес партия мектебінің (совпартшкола) мұғалімі, кеңес партия мектебі оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарады.
1923 жылы Көкшетау уезінің өзінде ғана 1-ші баспалдақтағы (бастауыш) 107 орыс мектебі, 40-қа жуық ауылдық «қырғыз» (қазақ) мектебі, үш татар, үш неміс мектебі болды. Сондай-ақ қазақ балаларына арналған орыс тілінде оқытатын ауылдық уездік бастауыш мектеп жұмыс істеді.
20-шы жылдардың соныңда сауатсыздықпен күрес етек алды, сауаттандыру үйірмелері көптеп ұйымдастырылды.
Ағартушылық кезең шамамен XIX 60-ж. XX 30-ж.на дейін жетпіс жылға жуық созылады. Ал, мұны бір-бірімен байланыстағы үш бөлік құрайды: 1. Бастапқы Ағартушылық (1860-1890); 2. Негізгі Ағартушылық немесе Алаштағы (1890-1920); 3. Инерциялы Ағартушылық (1920-1929).
Калиева Ботагоз Каматайқызы
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің
тарих пәннің оқытушысы