Мақсаттары:
Білімділік: Қазақ жері қай кезден бастап зерттелгендігі және қазақ жерін зерттеген ұлы саяхатшылар жайында білу;
Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасын пайдалана отырып, іскерліктерін қалыптастыруды одан әрі дамыту;
Тәрбиелік: Өз Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту;
Сабақ түрі: аралас сабақ;
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап;
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, плакат, суреттер, видео, маркер, стикер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыны түгелдеу, топқа бөлу.
І. Сұрақ – жауап:
- Батыста Қазақстан шекарасы өтетін жер: Жалпы Сырт
- Бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты не деп атайды? Белдеулік уақыт
- Әрбір белдеудегі уақыттың көршілес белдеудегі уақыттан неше сағатқа айырмашылығы бар? 1сағатқа
4. Даталардың ауысу сызығы өтетін меридиан? 1800
5. Декреттік уақыт КСРО аумағында қай жылы қабылданды? 1930
6. Қазақстанда аумағы жөнінен ең үлкен облыс? Қарағанды
7. Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ қай жылы берілді? 1999ж.
8. Қазақстан мен ҚХР шекрара ұзындығы? 1241 км
9. Қазақстан мен Түрікменстан шекара ұзындығы? 426 км
10. Еліміз Англиядан неше есе үлкен? 11 есе
ІІ. Кім жылдам?
1.Айнымалы телескопты ойлап тапқан,
Әлемдік тартылыстың Заңын ашқан.
Ғалым кім еді оптикалық құбылысты,
Алғашқы болып дәлелдеп, сырын ұққан? Исаак Ньютон
2. Әлемді алғаш айналып,
Жерді шар деп жар салып.
Кім еді тұңғыш жиһанкез,
Ойын айтқан аңғарып? Фернан Магеллан
3. Алғаш қырғыз «Манасын» жазып алған,
Қашқарияға өзгеден бұрын барған,
Кім еді орыстың географиялық қоғамына,
Қазақтан тұңғыш рет мүше болған? Шоқан Уәлиханов
ІІІ. Топпен жұмыс
- Ежелгі зерттеушілер.
II. Араб зерттеушілері.
III. Әл-Фараби.
IV. Махмұд Қашқари. - Кім тапқыр?
- Бұл Балтық теңізі маңындағы елдердің бірінің астанасы. Орыс тілінде игра сөзін дұрыс құрастырсаң сол қаланың аты шығады. Рига
2. Егерде Жапонияның Киото қаласының әріптерін ауыстырып қойса ,сол елдің тағы бір қаласының аты шығады? Токио
3. Әрі суық, әрі тәтті дәм еді болып қалды солтүстіктің тұрғыны. Эскимос
4. Қандай мемлекетті басқа киюге болады? Панама
5. Өзі ойпат,өзі өзен? Амазонка - Картамен жұмыс.
- Қорытындылау. БҮҮ стратегиясы:
Білгеніңіз Білгіңіз келгені Үйренгеніңіз АЛТАЕВА ЖАНСАЯ СЕИТКАСЫМОВНА,З.Х.ФУРҚАТ АТЫНДАҒЫ №37 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ,
ОҚО.ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ