Алматы қаласы, Жетісу ауданы №57 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызының ұйымдастыруымен қалалық «Қазақшаңыз қалай?» танымдық-зияткерлік байқауы болды. Байқау төрт талап бойынша өтті. Әдеттегідей әділқазы мүшелері өз бағасын бере отырып бағалады. Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу, Наурызбай, Түркісіб аудандарының атынан келген өзге ұлт өкілі ретінде әрбір оқушы бағын сынады. Байқау «Сәлем сөздің анасы» кезеңінен басталды. Бұл кезеңде оқушы өзін көрермендерге қызықты қылып таныстыра алуы керек.
Келесі кезең «Ұлттық құндылықтар-рухани жаңғыру негізі». Бұл сайыста оқушылар 3 сұрақ бойынша жауап беріп, ең жоғары көрсеткіш 30 ұпайды қанжығасына байлады. Келесі кезең «Туған жердің көрікті жерлері» деп аталды. Ереже талабы: экранда көрсетілген жерді табу және тарихына тоқталу. Соңғы сайыс «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы». Оқушылар неге қабілетті екенін көрсетіп өнерлерін ортаға салды. Дегенмен, жеңіс біреу. I орын №153 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Василова Маликаға бұйырды. Өзге ұлт өкілі болса да, қазақшаға төселген тіліне әділқазы алқасы тәнті болды. Сондай-ақ II орынды Баширова Гульзара Жетісу ауданы № 110 мектеп- гимназиясының 10-сынып оқушысы; Ким Тимур бостандық ауданы 105 гимназияның 10-сынып оқушысы иеленді. Ал III-орын алғаны үшін- Құштарбекқызы Жасмин Түркісіб ауданы №78 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы; Рощина Алина бостандық ауданы №94 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысына;
Сондай-ақ Ахметова Назугум Алатау ауданы № 160 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы арнайы Алматы қаласы білім басқармасының дипломымен марапатталды. Қалалық «Қазақшаңыз қалай»байқауының соңында №57 жалпы білім беретін мектебінің директоры Жайлыбаева Ботагөз Утеповна сайыс жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтады. Республикалық «Білім айнасы» редакциясының атынан бізде барып қайттық. Тілі басқа болса да, Отаным-Қазақстан деп, қолдарын жүректеріне қойып «Әнұран» айтқан жас толқын, жарайсыңдар!
Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы