Home » Ашық сабақтар » Қазақшаңыз қалай?

Қазақшаңыз қалай?

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
  2. Дамытушылық: Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
  3. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу, шапшаңдық пен зеректікке баулу. Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақ

Сабақтың формасы: топтық

Сабақтың әдістері: эвристикалық, репродуктивтік

Сабақтың тәсілдері: демонстрациялау, баяндау, көрсету, өздік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика, бейнелеу өнері

1 — жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрету.

2 — жүргізуші: Қадыр Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу – қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 6-сыныптары арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.

1 — жүргізуші: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Таныстыру (өзін таныстыру).
  2. Сөздер сөйлейді… (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау).
  3. Тест тапсырмасы.
  4. «Өнерпаз болсаң…» (үй тапсырмасы: өлең, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш).
  5. «Мың бір мақал»
  6. «Кім тапқыр?» (сурет бойынша әңгіме құрау).
  7. «Кім жүйрік?» (бір сөз құрамындағы әріптерден сөздер құрау).

2 — жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар

алқасымен таныс болыңыздар (қазылар алқасымен таныстырады).

1 — жүргізуші:

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2 — жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

 

Антілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

 

1 — жүргізуші: Енді қай қатысушы бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан

асықты таңдап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды.

І кезең. Таныстыру

ІІ кезең. Сөздер сөйлейді… (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау).

1 — жүргізуші: Екінші кезең «Сөздер сөйлейді…» деп аталады.

Сайыскерлер бұл кезеңде берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрауы керек:

  1. Дүкенде шешем сатады көкөністер менің.
  2. Қасында бар үйдің дәріхана үлкен.
  3. Сегізде келеді мектепке сағат Данияр.
  4. Әдепті үлкендерді сыйлайды бала.
  5. Мұғалім риза болды оқушыға.
  6. Сөйлейді балалар тілінде қазақ.
  7. Ана тілінде сөйлейді жақсы Болат.
  8. Ана тілді керек сүю.

3-кезең. Тест тапсырмасы

4-кезең. «Өнерпаз болсаң…»

5-кезең. «Мың бір мақал»

6-кезең. «Кім тапқыр?» (сурет бойынша әңгіме құрау)

7-кезең. «Кім жүйрік?» (бір сөз құрамындағы әріптерден сөздер құрау)

2-жүргізуші:  «Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

ІІІ. Қорытындылау.

  • Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздікКіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақ тілі – арым, иманым,                      (М. Әлімбаев) қалай?» атты интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, атсалысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар! 
  • Міне, осындай өлең шумақтарымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арналған «Қазақшаңыз
  • Аманат, саған, аманат.
  • Қазақтың тілін ғаламат.

Гаухар Қошайқызы Айтешова,

№6 жалпы білім беретін орта мектептің

қазақ тілі пәні мұғалімі,

БҚО, Ақсай қаласы,

Бөрлі ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.