Home » Сценарийлер » Қазақтың әншілік дәстүрі

Қазақтың әншілік дәстүрі

Астана қаласы Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш»

мектеп-лицейі

Ұйымдастырушы: музыка пәні мұғалімі Алхожаева Н.Қ.

Өтетін орны: мектептің акт залы.

Түрі: лекция-концерт.

Қатысатындар: 5 а, б, в, г сынып оқушылары.

Шақырылған қонақ: Републикалық және Халықаралық байқауларының лауреаты, Қазақстанның Республикасының мәдениет қайраткері әнші-жырау Ерболат Шалдыбеков.

Мақсаты: Дәстүрлі әнші-жыршы Ерболат Шалдыбековтің шығармашылығымен таныстыра отырып, оқушының ұлттық музыкалық өнерімізге деген ынтасын ояту. Дәстүрлі ән өнерінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкаға қызығушылығын арттыру. Музыкалық мәдениетін қалыптастыру.                                                                               

Жоспар:                                                                                                                                                

  1. «Ән — көңілдің ажары» ( Мұғалімнің кіріспе сөзі)
  2. «Әннің де естісі бар» (Оқушылардан қазақтың дәстүрлі ән өнері туралы не білетінін сұрау)
  3. «Қазақтың әншілік өнері» (Дәстүрлі әншілік мектептер туралы әңгіме шолу)
  4. «Ауылдың алты ауызы» (Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді)
  5. Сыр-сұхбат. (Оқушылар қонаққа шығармашылығына байланысты сұрақтарын қояды)

6. «Әнді сүйсең менше сүй» (Қонақ кәде сұрау)

Кездесудің барысы:

  • «Ән — көңілдің ажары»                                                                                                          

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.

Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.      

Олай болса, «Қазақтың әншілік өнері» атты сыр-сұхбат кездесу кешімізді бастайық.  Сіздерді бүгінгі қонағымызбен таныстырайын.                                                              

Е. Шалдыбеков 1977 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында дүниеге келген. 1995-98 жж. аралығында Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінде, 1998-2002 жж аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория- сында оқыған. Ұстазы – ҚР еңбек сіңірген әртісі Е.Қосбармақов. 2002-2016 жж. Алматы облыстық филармониясында әнші болып қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық музыкалық академиясында дәстүрлі ән кафедрасының аға оқытушысы. Е. Шалдыбековтың орындауындағы әндер мен жыр-термелер, айтыстар «Қазақ радиосының» алтын қорында сақталған. Е. Шалдыбеков – көптеген Халықаралық және Республикалық әнші- лер мен жыршы-термешілер байқауларының лауреаты. Репертуарында қазақтың халық әндері мен халық композиторларының шығармалары, айтыстар, жырлар, термелер бар.

2. «Әннің де естісі бар

  1. Дәстүрлі ән мектептері нешеге бөлінеді?

2. Айтыс дегеніміз не?                                                                                                                                              

3. Айтыстың түрлерін атаңыз?                                                                                                                            

4. Қандай жырауларды білесіңдер?                                                                                                                        

5. Қандай дәстүрлі әншілерді білесіңдер?             

  1. «Қазақтың әншілік өнері»

Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дейміз. Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы – Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері. Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге дейін жетті.

Балалар, өздерің музыка сабағында танысқан әнші композиторларды еске түсірейік. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне үлес қосқан Біржан салды, Ақан серіні, Үкілі Ыбырайды, Әсет пен Естайды, Жаяу Мұса мен Нартайды, Майраны, Шәкәрімді білеміз.

Халықтық әншілік өнер сан ғасырлық тәжірибелі нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап-талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді.

Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмыс тіршілігі, қоғамдық әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көрініс тапқан. Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап, жылдап жүріп, шеберлігімен бірге, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болған.Дәстүрлі әншілік өнер айтылуы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді.

  1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.
  2. Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.
  3. Батыс өңіріндегі әншілік мектеп
  4. Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп.
  5. Сыр бойындағы әншілік – термешілік мектеп.

 

  1. Бұл әншілік өнер әр өңірдегі өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат – танымына, ойын-сауық үрдістері мен тұрмыс-салт ғұрыптарына байланысты алуан түрлі. Дәстүрлі әніміз бізге Күләш, Манарбек, Құрманбек, Әміре, Жүсіпбек, Иса, Ғарифулла, Кенен сияқты дарынды әншілер арқылы жетті.
  1. «Ауылдың алты ауызы»

1. «Әгугәй домбыра» 5-сынып оқушыларының орындауында.

2. Халық әні «Еркем-ай» Жалғасбай Каринаның орындауында.

3. Халық әні «Сәулем-ай» Теңізбай Ертілек пен Нұртілектің орындауында.

     

  1. Сыр-сұхбат.

1. Туып өскен жеріңіз туралы айтып беріңізші?

2. Әншілік жолға қалай келдіңіз?

3. Оқушы кезде қандай пәндерді жақсы көрдіңіз?

4. Дәстүрлі әнші болған оңай ма, эстрада әншісі болған оңай ма?

  1. «Әнді сүйсең менше сүй»  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері , қадірлі қонағымыз Е.Шалдыбеков ағамыздан ән-жыр, терме орындап беруін сұраймыз.
  2.  Қорытынды.  Балалар, біз бүгін көптеген Халықаралық және Республикалық әншілер мен жыршы-термешілер байқауларының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері Е. Шалдыбековтың шығармашылығымен таныстық. Бізге арнайы қонақ болып, уақытыңызды бөліп келгеніңіз үшін үлкен алғыс айтамыз. Алла тағала бойыңызға қуат, жүрегіңізге тыныштық, отбасыңызға аман- дық берсін. Сізге шығармашылық шабыт пен табыстар тілейміз.  «Ұлы адамдардың ұлылығы оның қарапайым адамдармен қарым-қатынасынан байқалады» деген сөзге құлақ түрсек, біздің ғажайып сырға толы сұхбатымыз кейіпкеріміздің қарапайым, балаларға деген сүйіспеншілігі мол жан екендігіне көз жеткізді. Баршаңызды рухани азығымыз – дәстүрлі ән-жырларымызды тыңдауға, құрметтеуге шақырамыз. Бүгін бір ерекше кездесу болды.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.