Сабақтың мақсаты: Оқушыларды іздену әдісі арқылы топтарға бөліп, ұлттық ойындармен таныстыру. Ұлттық ойындар мен спорт жарыстарының адамның денсаулық үшін орны ерекше екенін үйрету.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі; 2. Үй жұмысы
Қазақтың ұлттық ойындары:
Қол күрес
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасу мен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қолбастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.
Тақия тастамақ
Ойын шарты былай балалар. Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.
Жеңілген бала тақпақайтады
Көктем туралы
Көктем келді шуақты,
Балаларды куантты.
Алақай – ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты
Хан талапай ойыны
Көп асықтың ішінде бір асықты қызыл түске бояп қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қосуысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан» алшысынан түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді.
21 асық аламыз. Ойынға 4 бала қатысады. Бірінші бала қызыл түсті 7 асықты жинайды. Екінші бала 7 көк түсті асықты жинайды. Үшінші бала 7 жасыл түсті жинайды. Төртінші бала 7 қоңыр түсті жинайды.
Шеңберде асық ойнау
Шеңбер сызып аламыз, асықты ортасына тізіп қоямыз. Қанша бала ойнаса сонша асық тіземіз. 4 бала ойнасақ 4 сақа болады. Әрбаланын сақасы әртүрлі түспен боялады. Рет – ретімен сосын ойнаймыз.
Жарайсындар!
— Балалар сендерге бұл ойын ұнадыма?
— Иә!
— Асық ойнадық, ал енді бір сергіп алайық!
Қаражорға биін билеп сергіту сәтін жасайды.
Бекіту
— Балалар сендерге қазақтың ұлттық ойындары ұнадыма?
Иә
— Жарайсыңдар!!!
Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнадық?
Қолкүрес, Тақиятастамақ, Хан талаппай, Шеңберде асық ойнау!
— Жарайсыңдар!
— Ойын ойнаған ұнайма?
— Иә, ұнайды
Қоштасу шеңберіне тұрайық!
Біздің топта ұлдар
Тату тәтті ойнаймыз
Баршаңызға, бәріне
Тек қуаныш сыйлаймыз.
Сау болыңыздар!
Оспанбекова Айнур Сапарымбетовна,
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің
тарих пәнінің мұғалімі