Home » Баяндамалар » Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары

    Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан ,өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойына сіңіріп,  мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
           Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.-
Ұлттық ойын: «Тақия тастамақ»
Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық бас киімнің бірі тақиямен таныстыру, танымдық қабілеттерін жетілдіру. Жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты:
Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші сайланады. Ән ырғағымен тақияны басына киіп, балаларды айналып жүреді. Музыка тоқтаған сәтте тақияны екі баланың ортасына тастайды. Ал отырған екі бала қарама-қарсы бағытта шеңберді айналып жүгіреді. Кім тақияға бұрын жетсе сол жеңімпаз атаным, жүргізуші болады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Ұлттық ойын: «Айгөлек»
Ойынның мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, талғампаздыққа баулу. Сөз өнерлерін байту.
Ойынның шарты:
Балалар екі топқа бөлінеді. 15-20 қадамдай жерге қарама-қарсы тұрғызылады. Қолдарымен бір-бірін қатты ұстап тұрады.
Ойын бастаған топ:
Айгөлек ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ серек пен көк серек,
Бізден сізге кім керек.
Екінші топтың балалары:
Айгөлек ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ серек пен көк серек,
Бізге сізден Маша керек.
Аты аталған ойыншы жүгіріп келіп, екі ойыншының қолын бұзып өтуі тиіс, өте алмаса сол ойыншылар тобында қалады, ал егер бұзып өтсе өз тобына бір ойыншыны алып қайтады. Ойын соңында ойыншысы аз қалған топ жеңіледі.
Ұлттық ойын: «Қыз қуу»
Ойынның мақсаты:
Ойыды ойнату арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру, қыз баланы құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Шапшаңдыққа баулу.
Ойынның шарты:
Ойынға бір қыз бала ,қалғандары ұл балалар қатыады. Қыз қолына орамал ұстап ортада тұрады. Ал ұлдар атқа мініп қызды айналып шауып жүреді. Музыка әуені тоқтаған кезде қай бала қыздың қолындағы орамалды алса, сол жігіт қыздың бетінен сүйеді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Ұлттықойын: «Арқан тарту»
Ойынның мақсаты:
Балаларды күштілікке, ептілікке баулу, ежелден келе жатқан қазақтың ұлттық-дәстүрлі ойыны екенін түсіндіру.
Ойынның шарты:
Ойынға қатысатын балалар екі топқа бөлінеді.Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойыншыларға ортасынан түйілген арқан беріледі. Белгі бойынша ойын басталады. Ортадағы сызықтан кім асып кетсе, сол топ жеңіліске ұшырайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Ұлттық ойын: «Аңшылар»
Ойынның мақсаты:
Балаларды қырағылыққа, көздегіштікке, шапшаңдыққа үйрету.
Ойынның шарты:
Ойын алаңында шеңбер сызылады.Жүогізушінің белгісі бойынша ойыншылар, яғни үйректер шеңберге жүгіріп кіреді. Ал аңшылар доппен атқылай бастайды, кімге доп тисе сол үйректермен аңшылар орын алмастырады. Осылайша ойын жалғаса береді.
Ұлттық ойын: «Түйілген орамал»
Ойынның мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулып, санай білуге үйрету.
Ойынның шарты:
Ойын ән ырғағымен басталады. Балалар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы бала ортаға шығады. Түйілген орамалды алып бір, екі, үш дегенде барлық балалар жан-жаққа бытырап, қаша жөнеледі.  Бастаушы бала түйілген орамалды ұстап тұрады. Ән әуені тоқталған сәтте кім бұрын түйілген орамалды алса, сол бала ойын жеңімпазы болып, ойынды басқарады.
Ұлттық ойын «Соқыр теке»
Ойынның мақсаты:
Балаларды шапшаңдыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу, ойынның атына сәйкес үй жануарларымен таныстыру.
Ойынның шарты:
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір баланы ортаға шығарып «Соқыр теке» етіп сайлап, көзі байланады.
Соқыр теке, соқыр теке,
Ұстап алшы тезірек.-деп үш рет айналдырып жібереді. Жан-жағындағы балалар келіп түртіп кетеді. Соқыр теке бір баланы ұстап алса, сол бала ойын бастаушы болып сайланады. Осылайша ойын жалғаса береді.
Ұлттық ойын: «Хан талапай»
Ойынның мақсаты: Балаларды асықпен таныстыру, қазақтың өте ежелгі ұлттық ойыны екендігі жайында әңгімелеу, балаларды санай білуге үйрету.
Ойынның шарты:
Ойынға 4-5 бала қатыстырылады. Балалар шеңбер жасап отырады. «Хан-талапай» -деп ортаға асықтар шашылады. Балалар жапа-тармағай асықтықтарды тақияға жинай бастайды. Кезекпен балалардың жинаған асықтары саналады. Кім көп асық жинаса, сол бала жеңімпаз болады.
Ұлттық ойын: «Теңге алу»
Ойынның мақсаты: Атпен шаба білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Онға дейін санай білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінің артынан бірі қатарға тұрғызылады. Ойын басшыларына бір-бір ат беріледі. Шамамен он метрдей жерге теңгелер шашылып тасталынады. Екі топтан бір-бір баладан шауып барып, теңге алып қайтады. Шауып келі атты келесі балаға береді. Ойын соңында жиналған теңгелер саналады. Қай топта көп теңге болса, сол топ ойын жеңімпазы болады.

Адилова Нуржанат Сагатбековна
                                                 КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі
Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.