Home » Мақалалар » ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №2 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері: Майгүл Бушумбаева мен Айгүл Тоқжігітованың ұйымдастыруымен, 3-4 сыныптар арасында «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» тақырыбында ашық іс-шара ұйымдастырылды.

Музыка жетекшісі Айтжамал Нұрлыбекқызы мен «Музыкалық колледж студенттері» аспаптар жайлы әңгімелеп, домбырамен күй орындаса, «Майра Шамсутдинова мұражайының» меңгерушісі Ерлан Рахымов ұлттық аспаптарда ойнады. Сонымен қатар, өзі жанды дауыспен ән шырқап, балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Ал, 3 сыныптар өз тараптарынан «Ұлттық музыкалық аспаптары» жайлы ғылыми-жобаларын қорғады. Қазақтың  саз аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алғаны жайлы айтып өтті. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына себепші болды.

3 «а»  сынып оқушысы Бекен Иманали үрмелі аспаптар туралы, 3 «ә» сынып оқушысы Мағамет Фируза ұрмалы аспаптар туралы, 3 «б» сынып оқушысы Г. Нұрмағанбетова қобыз туралы бейнебаян арқылы түсінік берді. 3 «в» сынып оқушысы  Әмірқұл Асылан домбыра туралы бейнебаян арқылы түсінік берді. Алайда, ел өмірі мен тарихының, өнері мен мәдениетінің ажырамас байлығы саналатын дәстүрлі музыкалық аспаптарымыздың анықтама-дерегін біреу білсе, біреу білмейді. Сол себеппен де, бүгінгі тәрбие сағатымызда аспаптардың шығу тарихы мен аңыз әңгімелері жайында айтылған сөздер әр оқушының санасында қалады деген үміттеміз.

Күй – музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы.  Қазақтың атақты күйшілері — Құрманғазы Сағырбайұлы, күй анасы — Дина Нұрпейісова, Тәттімбет Қазанғапұлы, Темірбек Ахметов — дарабоз күйші, сазгер, Жаяу Мұса Байжанұлы жөнінде  4 а,ә,б,в,г сыныптарының дайындаған презинтациялары барша мол әсер етті. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. «Қобыз үні» Ниязова Гюзель қобызының үнімен таң қалдырды. Іс-шарамыз ән мен күйге құмар ұрпаққа тәрбиелік мәні зор болды, деген үміттеміз.

 

Айгүл Тоқжігітова,
Павлодар қаласы
№2 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.