Home » Ашық сабақтар » Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының шығу тарихы және әр аспаптар туралы оқушыларға толық мағлұмат беру, оқушыларға көркемдік білім беру, музыка теориясы элементтерін игертіп, саз сырын ұғындыру.

Б) Дамытушылық: Оқушының музыканы сезіну, есту, сақтау қабілеттерін дамыту.

С) Тәрбиелік: Оқушыны білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, сезімтал бала болуға тәрбиелеу, музыка сабағына деген қызығушылығын арттыру.

Түрі: Ашық сабақ

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:

  • Стенд
  • Музыкалық аспаптар суреттері
  • Альбом
  • Үнтаспа
  • Интерактивті тақта
  • Фотоаппарат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Лирикалық әндер тақырыбынан түсінік айтқызу

Өткен сабақтардан қосымша сұрақтар.

1.Тұрмыс-салт жырлары

(3 кезеңнен тұрады)

  • Нәрестелерге арналған әндер

(Шілдехана,бесік той, тұсау кесер сүндет той)

  • Үйлену кезеңіндегі әндер

(Той бастар, сыңсу, жар-жар, беташар т.б.)

  • Қайғылы кезең

(естіту, көрісу, жоқтау, көңіл айту)

2.Лирикалық әндер негізі неше топқа бөлінеді?

  1. топқа бөлінеді:

-Махаббат лирикалық әндері

-Табиғат лирикалық әндері

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақтың ерте заманнан бері келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400 ден астам музыкалық аспаптар сақталуда. Қазақ халқының музыкалық аспаптар құрамын белгілі ғалымдар К.Вертковпен Б.Сарыбаевтардың ұсынған классификациясына сүйенсек аспаптар негізі 5 топтан құрылады.

  1. Үрмелі аспаптар-аэрофондар
  • Жалғыз тілділер-қамыс сырнай, қос сырнай
  • Тілішекті –шаңқобыз аспабы
  • Мундштуктілер-мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.
  • Флейталықтар-сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқырауық
  1. Шекті аспаптар-хордофондар
  • Ішекті аспаптар-жетіген, домбыра шертер.
  • Ысқыштылар-қобыз, қылқобыз
  1. Ұрмалы аспаптар-мембронофондар.
  • Мембрандылар-даңғыра, кепшік, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл,
  • Өздері дыбыс беретін ұрмалы аспаптар-идиофондар-асатаяқ, шың, қоңырау болып бөлінеді.
    классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
  • Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол-қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалықсипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма- күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада,

Жетіген-қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.Жетіген-жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі*берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.

Қылқобыз-әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызды жыршылар, бақсылар, емші-балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі-прима қобыз.

Қобыз-таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Ысқышпен ойналатын 4 ішекті музыка аспабы. Дыбыс ішекті тырнақпен басу арқылы шығады. Бұл қобыз халық аспаптар откесерлерінде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кездерде жоғарғы оқу орындарында қобызшылар дайындайтын арнаулы класс бар.

Сазсырнай — саздан жасалған үрмелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап а\балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.

Сыбызғы — үрлемелі көне аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады. Сыбызғының үні жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын. Орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Қамыс сырнай-тілшесі бар қамыстан жасалған үрмелі аспап.

Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі – ағаш шаңқобыз-ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.

Шертер — ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Казақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650-700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды.

Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ жасалу тәсіліне қарай «күмбезде», «жалпақ басты» келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.

Дауылпаз — қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты-өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды.

Осы қазақ халқының музыкалық аспаптарын зерттеуші Алматы Мемлекеттік Консерваториясының доценті Болат Сарыбаевтың еңбегі зор. Қазіргі кезде осы музыкалық аспаптарды «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық оркестрі, «Мұрагер» «Адырна» «Алтынай» «Сазген» фольклорлық ансамблдерінде кездеседі. Осы жаңа сабақты қорытындылау үшін бірнеше сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атаңдар?

-Аспаптар неше топқа бөлінеді?

-Ішекті аспаптарды атаңдар?

-Ұрмелі аспаптарға нелер жатады?

-Қандай ұрмалы аспаптарды білесіңдер?

-Қандай музыкалық аспаптарда ойнай аласың?

-Қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеуші адам?

ІV. Бағалау.

  1. Үйге тапсырма.

«Қазақ халқының музыкалық аспаптарына түсінік айту».

VІ. Сабақты қорытындылау.

Құрметті оқушылар, бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін көп рахмет айтамын. Өнерлерің үстем болсын.

Маденова Бағдагүл Әмитқызы,
Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.