Тілді өркендету – баршаның ісі. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұрасы. Ана тілдің қасиеті туралы айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» — деген.
Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін көтеру жолында атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. 2017 оқу жылында 11-18 наурыз аралығында өткен қазақ тілі апталығының жоспарына сәйкес,17 наурыз күні 6-7 сыныптар арасында «Қазақтың салт-дәстүрін білесің бе?» ойын-сайыс ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: Бүгінгі ұрпақтың туған тілге деген құмет пен сүйіспеншілік, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін біліп тануына жағдай жасау, салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу.
Сайыстың шарты: Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Қазақ халқының дәстүрлерін қаншалықты жақсы білетіндерін байқау. Сайысқа қатысатын командалар:1 – «Жігер» командасы, 2 – «Намыс» командасы, 3 – «Қыран» командасы.
1- конкурс: «Кім жылдам» викторинасы. Бұл конкурста командалар қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек. Жауабы дайын команда жалаушаны көтеріп, жауап береді
2- конкурс – «Сөздің көркі — мақал» деп аталады. Мақал-мәтелдер сайысы. Қай команда ең көп мақал-мәтелдерді айтса, сол команда жеңіске жетеді.
3- конкурс – Қазақ халқының қол өнері де дәстүрге жатады. Қазақ халқының ою-өрнектерінің мәні терең. «Кім шебер» деп аталады. Командалар бір парақ қағазда өз шеберлерін көрсету керек. Қағаздан құрақ көрпе жасау керек.
4-конкурсқа – «Салт-дәстүрді көрсету». Командалар ортаға шығып, салт-дәстүрді көрсету керек.
(1-«Тұсау кесер», 2-«Бесікке салу», 3-«Қыз ұзату»).
Командаларға дайындалуға біраз уақыт берейік, музыкалық үзіліс.
5-конкурс – «Шет елдердің Наурыз тойы қызық па?». Бұл сайысқа әр команданың капитандары қатысады.
6-конкурс: Қазақ халқының дәстүрлі тағамдары қалай жасалады? (Қымыз, наурыз көже, бауырсақ)
Музыкалық үзіліс. Ән орындалды.
Әділ қазылардың шешімімен жеңімпаздар және қатысушы сыныптар дипломдармен марапатталды.
Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінің мұғалімі
Тлешева Анар Тоқсановна