Home » Ашық сабақтар » Қазақтың атақты үш биі

Қазақтың атақты үш биі

Сыныбы: 7«ә» сынып

Сабақтың мақсаты: Мемлекет көсемдері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.

Негізгі идеялар: Билердің рөлі. Үш би. «Жеті жарғы». Тәуке кезіндегі қазақ хандығы.  Батырлардың алатын орны. Ұлы батырлар ерлігі.

Сілтеме: Оқулық  7-сынып, ғаламтор материалдары, жинақтама деректер.

Көрнекі және дидактикалық құралдар: Презентация, оқулық, кесте, дәптер, түрлі-түсті маркерлер, билердің суреттері.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар үш бидің суреттерін таңдай отырып, 3 топқа бөлінеді (2мин)

І топ – Төле би

ІІ топ – Қазыбек би

ІІІ топ – Әйтеке би

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

&54-55.

 «Кім жылдам?» әдісімен оқушылар ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді (7 мин)

  1. Тәукенің билік құру қарсаңында Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай болды?
  2. Тәукенің хандық билікті алғаннан кейінгі «Билер кеңесін» құрудағы мақсаты не болды?
  3. «Жеті жарғы» деген не?
  4. Тәуке хан өзінің ішкі және сыртқы жағдайын жақсартуда қандай шараларды қолданады?
  5. Ұлы билердің қазақ қоғамындағы рөлін қалай түсінесің?
  6. Тәуке ханның билік еткен кезеңіне қандай баға берілген?
  7. Атақты Орбұлақ шайқасында басшылық жасаған батыр кім?
  8. Тәуке хан қай жылдары ел биледі?
  9. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?
  10. Тәуке хан тұсында қандай заң жинағы жасалды?
  11. Дау-жанжалды қарағаны үшін хандық ақының мөлшері қандай болды?
  12. «Жарғы» сөзі көне түркі тілінде қалай аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Кіріспе:

Мұғалім сөзі: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені – тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында қазақ халқына әйгілі билеріміздің орны ерекше болған.

Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,

Кім оның жарлығынан мойын бұрған.

Тапқыштық, шешендікпен кім алса атақ,

Халық соны кетіпті «би» деп атап.

Бүгінгі сабақта мемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас-тартысқа әділ шешім беретін қазақтың билеріне тоқталамыз.  Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды.

ә) «Дара диаграмма» әдісі 3 топ өз топ атауларына байланысты әр биге тән қасиеттерді топтастырады (5 мин)

(Төле би)  І топ

-1663-1756 жж. өмір сүрген,

Ұлы жүздің төбе биі.

-Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келген.

-Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан;

-Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;

-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі;

-«Жеті Жарғы» заңын  жасаушылардың көрнекті өкілі;

 

  1. (Қазыбек би) 2-топ

-1667-1764 жж. өмір сүрді.

-Орта жүздің биі. Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

-Қазақ хандарының ақылшысы, елші-мәмілегер, дипломант.

-Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жол мен үш рет барған.

-Асқан шешен, ел басқарған, елші-мәмілегер, дипломант.

 

  1. (Әйтеке би) 3-топ

-1682-1766 жж. өмір сүрген.

— Кіші жүздің атақты шешен биі.

-Әлім тайпасының руынан шыққан.

-шын аты- Айтық.

-Жалаңтөс батырдың ұрпағы.

ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгеру

б) Мәтінмен жұмыс.

Топпен бірлесе талқылау (15 мин)

І топқа. Төле бидің балалық шағы туралы мәтіннің жартылай бөлігі  ғана  берілді, ары қарай оқушылар оқиғанын қалай өрбігенін диалогтық әңгімелесу, ақылдасуы арқылы өздерінше болжайды.

Төле би өз халқының шешендік өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.  Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Шешендігі

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге тақап отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

— Балам, мынаны сындырып көрші. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.

Әнет баба:

— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді. Сонда  Төле бала:

— Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

—  Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл.

ІІ топқа. Қаз дауысты Қазыбек биге мінездеме беру. Бұл тапсырмада оқушыларға Қазыбек би туралы мағлұмат бере отырып, оның бойындағы қасиеттері туралы сыни ойлауға шақыру мақсатталған. Оқушылар топта жұмыс жасайды, талқылайды, сұрақтарға жауап берді.

Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек:

“Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Найзасына жылқының қылын таққан елміз.

Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.

Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.

Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.

Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып:

“Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.

ІІІ топқа:

Әйтеке бидің балалық шағы туралы:

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның төрбиесінде болады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.

Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды.

Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

 

Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік етіп, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол: — Ассалаумағалейкум, ағалар! — деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.  Жолаушының жасы үлкені:

— Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл? — Сейітқұл аулы. — Өзің кімнің баласысың? — Бәйдібектің баласымын. Қосуақ бидің ауылы қайсы? – деп сұрайды. Айтатын не шаруаларыңыз бар еді? – дейді Әйтеке.

— Даулы болып келеміз, — дейді әлгі қарт жолаушы. — Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып: — Балаңызды ат босағада тепсе — бүтін күн, жабықта тепсе — жарты күн, түзде тепсе — төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын — дейді.  Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Қосуақ биге барып жүгінгенде, баланың атты түзде тепкені анықталып, құны төрттен бірі болып белгіленеді.

Сонда әлгі баланың әкесі:

— Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар, — деген екен.

 

б) Шығармашылық жұмыс (13 мин)

1-топ

«Кім тапқыр?» әдісі.

  1. Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында)
  2. Болмас іске қарыспа,

Біреуге ор қазыспа

Жауыздық іске барыспа.

Кімнің нақыл сөзі? (Төле би)

  1. Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше жасынан бастады? (18 жасынан)
  2. «Жеті жарғыда»  қарастырылған мәселелер?
  3. «Құн» деген не?
  4. Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң болсаң жауға найзаң тисін -деген нақыл сөз кімдікі? (Әйтеке би)

 

2-топқа «Қарым-қатынас аймағы» әдісі

Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек?

 

3-топқа «Мені түсін» әдісі

Үлкен мағына беретін 7 сөз жазылған, оқушылар кезектесіп жазылған сөздер төңірегінде ғылыми тілмен қысқа да нақты жауап қайтаруы тиіс.

1. КӨСЕМ

  1. ШЕШЕН

3.  ЗАҢГЕР

  1. ЕЛШІ
  2. БАТЫР
  3. САЯСАТКЕР
  4. ОЙШЫЛ, ҒАЛЫМ

Ү. Бекіту сұрақтары: (3 мин)

«Тарихи бас қатырғыш»  Бұл кезеңде топқа сұрақ беріледі». Оқушылар адасқан  әріптердің орнын тауып сұрақты дұрыс оқып, жауабын табулары керек.

  1. ӨЛТЕ би қай жылдары өмір сүрді? (ТӨЛЕ би 1663-1756 жж.)
  2. АЗҚЫКБЕ би қай жылдары өмір сүрді? (ҚАЗЫБЕК би 1667-1764 жж)
  3. Әйгілі қазақ РІЛЕИБ жасауға қатысқан заң? (Билері, «Жеті жарғы»)
  4. ӘУТЕК ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?

(Т ӘУКЕ, Түркістан)

  1. ЕКТЕЙӘ би қай жылдары өмір сүрді? (ӘЙТЕКЕ 1682-1766)
  2. ТШАКЕТН қаласында жерленген би? (Ташкент, Төле би)

ҮІ. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: Төле бидің жұмбақтап айтқандарын, Қазыбек би мен Әйтеке бидің толғауларын жаттау.

«Қазақ билері» тақырыбын оқу.

ҮІІ. Бағалау

Әр тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

Тұматаева Айшагүл Қасымханқызы

№29 мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.