Home » Жаңалықтар » «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» электронды энциклопедиясы

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» электронды энциклопедиясы

31-dsc_0266«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі

 2016 ж. 16 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында  ҚР Сыртқы істер министрлігі дайындап, ұсынған «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы өтті. Таныстырылымға Институт қызметкерлері мен курс тыңдаушылары қатысты.

ХХІ ғасырдың мультимедиялық өнімі «Қазақстан – Ұлы Дала Елі»  электронды энциклопедиясында  68 тарау, 370 бейнедерек, 24 бейнебаян, 12 интерактивті 3D нысандар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен танысудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» ұялы қосымшасында география, тарих, мәдениет, экономика, туризм,  Астана қаласы, ЕХРО – 17 және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптар қамтылған.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.