Саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазақ тілі
Уақыты:
Мақсаты: Білімділік мақсаты: Отан туралы және мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту:
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: көпұлтты Отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд «Қазақстан рәміздері», Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені», Астана және туған қаласының көрікті жерлері, нышандар, мақал-мәтелдер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Отан, туған қала туралы әңгімелесу.
Билингвалді компонент: Отан – родина, ту – флаг, елтаңба – герб, әнұран – гимн. 1.Мотивациялық-қозғаушы
Жылулық шеңбері. Балалар қонақтармен амандасып, бір-бірімізге жылы сөздер сыйлайық.
Кел балалар ортаға,
Үлкен шеңбер құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Әрқашан дос болайық.
Қайырлы таң, Нұрзия Усмановна! Қайырлы таң, қонақтар!
Алтын сәуле арайлы
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Таратайық жылуды.
-Коля, сен мейірімдісің!
Балалар, біреу есік қағып жатыр. Балалар, бізге қонаққа Алтын Адам келді. Ол сендерге бірнеше сұрақтар бергісі келеді. Алтын Адам: Балалар, мен сендерге бұрыңғы заманнан келдім. Елді жау жаулағанда, қорғадым. Мен елімді сүйемін. Ал сендер Отан туралы не білесіңдер?
- Ұйымдастырушылық -ізденушілік.
Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз. -Біздің Қазақстан қандай мемлекет? — Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. — Біздің Қазақстан – әдемі, кең байтақ, бай, тәуелсіз мемлекет.
Қазақстанның табиғаты әдемі, жері кең, байтақ, бай.
Балалар, Отан туралы тақпақ білесіңдер ме?
Катя
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерекең құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болсын, келе берер!
Менің елім Қазақстан – Отаным,
Болашағы алға тартқан — Мәнгілік ел!
Рита
Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен,
Қазақстан – туған ел.
Алина
Отан сенің ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан -өлкең, Астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
-Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата. Қазақстанның мемлкеттік рәміздері- ту, елтаңба, әнұран.
-Мемлекеттік тілді атаңыз. (Біздің мемлекеттік тіл — қазақ тілі.)
-Қазақ тілі туралы біздің оралдық ақын Қадыр Мырзалиев өлең жазған, соны Настя оқиды.
Коротько Настя
Ана тілің – біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің –біліп қой,
Мақтанышын, елдігің.
Ана тілің – арың бұл.
Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
— Біздің бас қала қалай аталады?
-Біздің бас қала – Астана.
— Астанаға саяхатқа барғыларың келе ме?
Орал қаласы мен Астана қаласы бір-біріне жақын ба, әлде алыс па? Әрине, алыс, сондықтан біз Астанаға ұшақпен ұшып барамыз. Құстай самғап, асқар тауларды асып, бұлттарды кезіп өтіп, міне Астанаға да жетіп қалдық. Жан-жағымызға қарайық. Астананың көрікті жерлері көп. Мынау – Ақ Орда. Ол президенттің резиденциясы.
-Қазақстан Республикасының президенті кім?(Нұрсұлтан Назарбаев)
-Мынау қандай ғимарат? Мынау Бәйтерек монументі, Мен сендерге Бәйтерек туралы аңыз айтып берейін.. «Ертеде Бәйтерек ағашы үлкен болып өсіпті. Жыл сайын Бәйтеректің басына – қасиетті Самұрық құс күн секілді жарқырап, алтын жұмыртқа салатын болыпты. Бірақ та жұмыртқаны күн сайын жылан келіп жеп қояды екен. Бір күні Ер-Төстік деген батыр жыланды өлтіріпті. Содан кейін елде тыныштық орнады.
Балалар Астанадағы «Бәйтерек» монументі осы аңыздың мәтінімен байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің еліміз осы бәйтерек ағашы сияқты әрқашан биіктен көрініп, аспандағы күніміз алтын жұмыртқадай жарқырап, халқымыз тату-тәтті өмір сүрсін» — деген оймен қазақ елінің символы ретінде жасалған. Биіктігі 97 метр. Панорама залында «Аялы алақан» тұмары бар. Оған келген әр адам өзінің армандарын айтады. Сендер де армандарыңды айтыңыздар.
-Әке-шешеміз аман болсын!
-Күніміз жарқырап тұрсын!
-Бейбітшілік болсын!
-Қазақстан жасасын!
-Достарымыз көп болсын!
-Жарайсыңдар, балалар. Енді өзіміздің туған қаламызға қайтатын уақыт болды. Қане, бәріміз қайтадан қайтайық.
— Біз қай қалада тұрамыз? — Біз Орал қаласында тұрамыз.
Оралдың көрікті жерлерін ата. (Достық сарайы. Бұл Қазақ драмалық театр.)
-Балалар Достық сарайында көп ұлттар өкілдері жиналып тілдерін үйренеді, достық туралы әңгімелейді. Біздің балаларда достық туралы біледі. Руслан мен Ульяна тақпақ айтады.
Руслан:
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті турамыз.
Бірге ішеміз астыда,
Бірге сайран құрамыз.
Ульяна
Әрбір елдің бөбегі
Бір-бірімен туысқан,
Бейшілік әніміз
Жарасады сәніміз.
Ән «Достық». Орындайтын Алтунина Алина, Айнетдинов Руслан.
Ортақ мекен жер-шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы, 2 рет
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
-Балалар, бүгін қазақ драмтеатрда қойылым болып жатыр, көрейік.
Қазақ ертегісі «Жануарлар таласы»
-Балалар, Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Отан – оттан да ыстық.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Отанды сүю — отбасынан басталады.
Жері байдың елі бай.
Сергіту сәті.
Көк жалау желбіре,
Асқақтап аспанда.
Жас ұлан, ел бірге,
Сап түзе, жасқанба.
— Балабақшамыз қалай аталады? (Мен «Балдырған» балабақшасында тәрбиеленемін).
— Жаңылтпаш айту білеміз бе?
Бүлдіргенді, бүлдірген
Күлдіргенді, күлдірген.
Күлдіргенде, бүлдірген.
Бүлдіріп-ап, күлдірген.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш үстінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
Сүт бетінде май балқаймақ,
Бұл қай бал, май қаймақ?
Балдай тәтті бал, май каймақ.
3.Рефлексифтік-түзетушілік.
Балалар, бүгін не туралы айттық? Бәріміз шеңберге тұрып, көзімізді жұмайық. Көз алдымызға ортақ үйіміз Қазақстанды елестетейік. Жақсы сөздер, тілектер ойлайық. Сол тілектерді біздің ортақ үйіміз Қазақстанға, Елбасымызға, ата-анамызға, достарымызға арнайық.
-Көк туымыз биік болсын!
-Елбасымыз аман болсын!
-Отанымыз тыныш болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Күніміз жарқырап тұрсын!
-Бейбітшілік болсын!
-Достарымыз көп болсын!
Баспаева Нурзия Усмановна,
№18 «Балдырған» бөбекжайы,
Қазақ тілі мұғалімі,
БҚО, Селекционный кенті