Home » Поэзия » Қазақстан — Тәуелсіз ел

Қазақстан — Тәуелсіз ел

Шапқанда шабытымның ақ боз аты,

Төгілер жүрегімнен сөздің заты.

Ұялтса сезіміңді ақын хаты,

Деп санарсың тарихтың ақиқаты

 

Қанша ғасыр, қанша жыл,

Ата-бабам арман етіп аңсаған.

Ерлік ісі қайың найза ақ білек,

Бостандыққа қанды майдан жол салған.

 

Шың тарихтың бетін бүгін ашқанда,

Мейіт болды қанша батыр майданда.

«Жерім» деген, «елім» деген ерлерім.

Қазағым деп кетті-ау шіркін арманда.

 

Ерлер ісі елі үшін шайқасқан.

Бостандық деп сілтенген де алдаспан,

Батырлардың, ерлік ісі жырланды,

Өшпес тарих ,үлгі болған мың дастан.

 

Әр кезде де ерлер туған ел үшін

Қасық қаның төге білген жер үшін

Сары бала, қара қазан — намыс деп

Жауға шапқан, жесірлердің кегі үшін

 

Батырларды туа білген тұран далам,

Ұрпағы бар бостандық деп ұрандаған.

Туған жер, туған өлке сен қорғаған

Барысқа айналуда Тұран далам.

 

Кешегі желтоқсанда ұран салған,

Бөтен емес қазағым сенің балаң.

Темір бұғау кісенің талқандаған,

Әкелді тәуелсіздік біз аңсаған.

 

Қайрат пен Ләззат қыздың тілектері

Соққан ед қазағым деп жүректері.

Намысың жігер қозғап сын сағатта

Елім деп күшке толды білектері.

 

Жетеді бізге істеген мазағын деп

Құл болмасын келешекте қазағым деп.

Ашты майдан батыр ұрпақ ұландары

Бостандықтың өшпес отын жағамын деп.

 

Ісіне жарасады батыр тұлғаң

Құлдықтың мұз құрсауын бірлік бұзған.

Тәуелсіздік жаңа заман туын тіккен

Жоғалды қызыл қырғын билік құрған.

 

Тәуелсіздік таң атты, еркін күнің,

Шықсын халқым шарықтап жарқын үнің.

Бабалардың ақ арманы осы еді ғой —

Тәуелсіздік қолың жеткен сенің бүгін.

 

Тәуелсіздік ол бүгін елес емес

Қылышынан қан тамған Кеңес емес.

Еркін өмір сүретін тәуелсіз ел,

Енді бізге ештеңе бөгет емес.

 

Желбіресің көгіңде көк байрағың,

Орындалды, о, халқым, ізгі арманың

Жиырма бес жыл тәуелсіз қазақ елі

Тәуелсіз болсың енді болашағың.

 

Жоғалмасың дәстүрің, дінің, тілің

Берік болсын босағаң, ел бірлігін.

Мәңгі жаса тәуелсіз қазақ елі,

Әр күнің болсын, халқым, берекелі.

 

Тәуелсіз ел еркіндікті аңсаған,

Бүгін сені танып жатыр бар ғалам.

Емін-еркін кең даланы жайлаған

Қазақстан, мен де сенің бір балаң.

 

АСТАНА!

Сарыарқаның төрінде әсем қала Астана,

Тамсанып ел қарайды сәулетіне, бас қалам.

Барлық әлем бас иген кең даламның көркі сен,

Мақтанышы елімнің бой көтерді жас қала.

 

Нұрын шашқан арайлы кәрі менен жасқа да,

Асқақтаған еңселі көңілімнің көктемі.

Қазағымның ертеңі міне осындай АСТАНА

Айбаты мен айбары қазақ үшін Астана.

 

Қонақ жайлы жайдары мекені бұл Астана

Бәйтерегі мұнарлы салтанатты жас қала.

Қазағымның бағы үшін жаса мәңгі АСТАНА!

 

Алияскарова Зухра Садыкеновна,

№ 27 ЖОББМ,

     Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.