Home » Ашық сабақтар » ҚАЗАҚСТАН-ТУҒАН ӨЛКЕМ, ТАБИҒАТЫҢ ҚАНДАЙ КӨРКЕМ!

ҚАЗАҚСТАН-ТУҒАН ӨЛКЕМ, ТАБИҒАТЫҢ ҚАНДАЙ КӨРКЕМ!

 Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Тәуелсіздігі күні бойынша түсініктерін дамыту. География пәніне қызығушылықтарын ояту, өз ойларын, білімдерін жинақтап тұжырымдай білуге дағдыландыру.Туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: Топтық сайыс
Көрнекілігі: АКТ құралдары, қабырға газеттері, қанатты сөздер жазылған плакаттар, Қазақстан табиғатының суреттері, шарлар, кітаптар.

Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді сайыскерлер мен көрермендер!
2-жүргізуші: Қазақ елінің жалынды жастары еліміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан-туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Қазақстаным-қара шаңырағым, мақтаным

                       Қымбат өлкені өзіңнен артық таппадым

                       Қастерлеп өтем туған жерді мақтанып

                       Аманат еткен Тәуелсіздік ақ таңын!-деп келе бүгінгі сайысымыздың әділетті әділ-қазылармен таныстырсақ. (әділ-қазылармен,сайыскерлерді таныстыру)

2-жүргізуші: Ендігі кезекте сайыскерлерімізді таныстырып өтсек.
8 «А» сыныбынан құралған «Қыран» тобы
8 «Ә» сыныбынан құралған «Алтын адам» тобы
8 «Б» сыныбынан құралған «Шаңырақ» тобы

1-жүргізуші: Ата-бабамыз бала бойында сәбилік шақтан бастап қоршаған ортаға, табиғатқа деген дұрыс көзқарас қалыптастырып отырған.Қоршаған ортаны, яғни табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу география пәнінің басты міндеттерінің бірі.

2-жүргізуші: Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып,сипаттаумен ғана айналысатын ғылым ретінде саналды. ХХІ ғасырдың басында бүкіл жер шарында ашылмаған жер қалған жоқ.Осыған орай географияның міндеттері де өзгерді.Сондықтан бүгінгі сайысқа түсуші топтар өздерінің географиялық құбылыстардың себептері мен еліміздің табиғаты жайында білімдерін шыңдайтын болады……….Біз сайысымызды бастаймыз….
1-жүргізуші: Сайыстың кезеңдері мен шарттарын таныстырып өтейік.
2-жүргізуші: І. Таныстыру кезеңі.(Ұстанымдары мен топ аты)
1-жүргізуші: ІІ. «Қызықты материктер» кезеңі (Матер.бойын.6 сұрақ)
2-жүргізуші: ІІІ. «Тіл білгенің, ел білгенің» полиглот кезеңі (3 тілдік сайыс)
1-жүргізуші: ІV.«Сырға толы бейнелер» кезеңі (Бейнелерге сипаттама) 6ұяшық
2-жүргізуші: V. «Қазақстан туған өлкем» кезеңі (Топтық сурет салу сайысы)
1-жүргізуші: Ендеше І.Таныстыру кезеңін бастасақ. Жоғарғы ұпай саны «5»
2-жүргізуші: ІІ кезеңі «Қызықты материктер». Әр бір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1-жүргізуші:1. Антарктида материгі қай жылы ашылды? Ж-1820ж

2.Аустралияның Антарктидадан бөлек материк екендігін анықтаған кім? Ж-Джеймс Кук
3.Африка материгінің аралдармен қоса есептегендегі көлемі? Ж- 30,3млн.
4.Еуразия материгі аумағындағы ең биік тау жүйесі? Ж-Гималай тауы
5.Солтүстік Американың ең ұзын өзені? Ж-Миссисипи
6.Оңтүстік Америкадағы жер шарының аса ірі үлкен ойпаты? Ж-Амазонка

 2-жүргізуші: ІІІ.«Тіл білгенің ел білгенің. (Тілдік сайыс) Әрбір аударма сөзге 5ұпай
1-жүргізуші: 1…………жәннаты-Жетісу, тамаша ғой айналаң. (жер-земля-land, ground)
2-жүргізуші:    2…………- рухани сарқылмас қазына (кітап-книга-book)
1-жүргізуші:    3.Білімді ұрпақ ұлт ………….(қазына-богатство-treasure)
2-жүргізуші:    4.Жігітті намыс,……… қамыс өлтірер. (қоян-заец-hare,rabbit)
1-жүргізуші: ІV.«Сырға толы бейнелер» кезеңі.Дұрыс жауапқа10 ұпай.

(Бейнелерге сипаттама)

 

123
456


Жауабы

  1. Әбу Насыр әл-Фараби (Отырар қ. 870-950ж)
  2. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. (ХІІ-ХVғғ.)
  3. Қаныш Сәтбаев (Павлодар обл.Баянауыл ауд.1899-1963ж)

4.Ш.Уәлиханов (1835-1865ж)

5.Алтай (Сібірдің оңтүс.ең биік таулы өлке) Кенді,Оң.Алтай, Қалба жотасы.

6.Алаша хан күмбезі.(биіктігі-10метр Х-ХІғғ. Архитектуралық ескерткіш.

 1-жүргізуші: Қызықты сайысымыздың соңғы кезеңіне де жеттік.

2-жүргізуші: V. «Қазақстан туған өлкем» кезеңі (Топтық сурет салу сайысы)

1-жүргізуші: Ендігі кезекте сөз әділ қазыларға беріледі.Марапаттау кезеңі

2 – жүргізуші: Атамекен жанға жайлы, саялау

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау

Қанымызға сіңген екен, ақ сүтінен ананың

Туған жердің табиғатын аялау!— дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз, Тәуелсіздіктің ақ таңы мәңгі болсын ағайын!

 

 

 

АМАНТАЕВ АСХАТ НӘРІКБАЙҰЛЫ,
«Қызылорда облысының білім басқармасының
Е.Әуелбеков атындағы № 4 облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі»,
ұйымдастырушы педагог, жоғары санатты және ІІ (негізгі)
деңгейлі география пәні мұғалімі.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.