Home » Жаңалықтар » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі

Ағымдағы жылдың 31 мамырында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі.

Кездесу барысында министр ҚР БҒМ-нің қызметі мен ведомствоның алдағы жоспарлары жөнінде әңгімелеп, жұртшылықты қызықтырған сауалдарға жауап беруді көздеп отыр. Сондай-ақ бұл күні аймақ тұрғындарына министрге онлайн режімде сауалдар қою үшін бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылады.

Бұған қоса шара барысында кері байланыс орнату үшін министрлік қызметкерлерінен құрылған хатшылық жұмыс істейтін болады. Ынта білдіргендер БҒМ құзыретіне жататын түрлі сауалдары бойынша көмектер мен кеңестер ала алады.

Еске сала кетейік, министрдің есеп беру кездесуі қарсаңында барлық тілек білдірушілер өздерінің сауалдарын ҚР БҒМ сайтындағы министрдің блогына, сондай-ақ, Фэйсбук, Инстаграм, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларға және 8(7172) 74-24-11 «жедел желі» арқылы қоя алады (жұмыс уақыты: дс. – жм. 09.00 – 18.30).

Есеп беру кездесуінің өтетін орны: Астана қаласы, Сәтпаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әкімшілік (бас ғимараты) корпусы, ҚР Тұңғыш Президенті залы.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.