Home » Жаңалықтар » Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен өткен кездесу

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен өткен кездесу

2017 жылдың 29 наурызы күні Орал қаласы №47 ЖББОМ базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевпен кездесу өтті. Кездесуге білім саласының барлық қызметкерлері: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, БҚО білім саласындағы бақылау департаменті, Орал қаласының білім беру бөлімі,  кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің мамандары, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, мектеп директорлары, пән мұғалімдері, т.б. білім саласы мекемелерінің педагогтері қатысты.

Екі сағатқа созылған кездесу кешінде білім беруге  қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер сөз болып, толғандырған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Соның ішінде, мұғалім мәртебесі, жаңартылған білім беру, үштілділікті енгізу, ҰБТ, электронды журнал, электронды күнделік, қосымша білім беруді ұйымдастыру, т.с.с. келелі мәселелерге қатысты ойлар қозғалып, пікірлер алмасты.

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Алпамысқызы Жонтаева нормативтік актілер мен білім саласына қатысты заңдар мен заңнамалардың тармақтарына тоқталып, қойылған сауалдар төңірегінде нақты да түсінікті жауап берді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының үнемі білім саласына қатысты мәселелерде көңілге қонымды ұсыныстар беріп, түйінді мәселелердің шешімін шығаруда жоғары деңгейде атсалысып отыратындығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен өткен кездесуде облыс педагогтары  өздерін мазалаған сан сауалдарына жауап тауып, оқу үдерісін одан әрі жандандыра ұйымдастыруларына аз да болса септігін тигізді.

 

Баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.