Home » Баяндамалар » Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қызметін нығайту жолындағы «Егемен Қазақстан» газетінің рөлі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қызметін нығайту жолындағы «Егемен Қазақстан» газетінің рөлі

«…бүгінде біз заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын жоғары орган ретінде
кәсіби
қос палатасы Парламент іске асып қана қойған жоқ, сонымен бірге
уақыт сынынан ойдағыдай өтті деп нық сеніммен айта аламыз».
Н.Ә. Назарбаев

«Егемен Қазақстан» газеті ұлт тарихының тереңіне бойлап, қазақтың жақсы мен жайсаңының ғибаратты ғұмырнамасына қанығасыз, осы қалай дегізіп, ойыңызды онға бөліп жүрген жайлардың ақиқатына көз жеткізесіз.

Әлемнің эволюциялық өзгерістерінің бәрі-бәрінің негізінде ақпараттық процестер жатыр. Не нәрсе де хабардар болудан, білуден басталады. Сондықтан да 2006-2016 жылдар аралығындағы еліміздің жаһанданудың аумағында және оның тікелей ықпалымен жүріп жатқан процестердің арасында ақпараттық жаһандану ең ерекше процесс, өйткені оның бір бойына коммуникациялардың дамуы, кең ауқымды ақпараттық жүйелердің құрылуы, адам өмірінің көптеген салаларының жетістіктері сыйып тұр.

Жаһандану процесіне байланысты бүгінгі таңда қалыптасқан көзқарастарды халыққа жеткізу, оның ішінде Елбасының саяси істерінің жүзеге асырылуына оны бұқараға жеткізудің мүмкіндігі мол.

Қайта құру, жариялылық жылдарында әртүрлі плюралистік көзқарастарға сай келетін баспасөз бой көтере бастады. Егемендіктің елең-алаңында тәуелсіздіктің басқан тұсында мемлекетшіл баспасөз белең алды. Қазір баспасөзден проблемалық мақалаларды бұрынғыдан әлдеқайда сирек көретін болғанымыз кім-кімге де белгілі. Газеттердің бүгін не болып, не қойғанын нөмір сайын хабарлап отыруы әдеттегі жағдай. «Егемен Қазақстан» газетінің көтерген жүгі басқа басылымдармен салыстыруға келмейді. Диссертацияға арқау болып отырған «Егемен Қазақстан» газеті де өмірге кеңестік заманмен еніп, 1919 жылы желтоқсанда, бүгінде жаңа заманның 1991 жылдан басталған, жаршысы болуы да қилы заман көрінісі. Адам неге болсын даяр болуы керек, себебі, өзгерістер легі ешқашан тоқталар емес. Өзгеріс тек бір ғана формадан екінші формаға өтіп жатқан биологиялық қана іс емес, ол қоғамға, қоғамдық санаға, саясатқа, билікке қатысты болғандықтан қалай болмақ, мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің 98 жылдық тарихында өз атауын әлденеше рет өзгерткен. «Ұшқын» (1919), «Еңбек туы» (1920), «Еңбекшіл қазақ» (1921), «Еңбекші қазақ» (1925), «Социалды Қазақстан» (1932), «Социалистік Қазақстан» (1937), «Егеменді Қазақстан» (1991), «Егемен Қазақстан» (1993). Дұрыс. Заман ағымы солай болған.

Бүгінгі «Егемен Қазақстан» қоғам өміріндегі болып жатқан саяси, экономикалық, мәдени тіптен билік мәселесіне қатыстыөзгерістер туралы айтуда байыптылық танытуда. Сондықтан егемен елге нақ осы «Егемен Қазақстан» сияқты басылымның орны ерекше. Бұл ел еңсесін езбейтін, керісінше биікке көтеруге тырысатын, халық оқитын газет.

Ал, біздің мақсатымыз осы халық пен билік арасындағы алтын көпірдің кілтін ашу.

Қазақ ұлты, қазақ елі қазіргі кезеңде өз тарихының алтын ғасырына қарай, яғни өзінің ұлттық өрлеуінің, мемлекеттік өркендеуінің жаңа сапалық белесіне қарай бет бұрды. «Егемен Қазақстан» басқа газеттерімізді қайталамайтын қандай шығармашылық қадамдар жасай алды, нендей ақпараттық, сараптамалық талдау, әдіс-тәсілдеріне жол ашты, қаншалықты деңгейде тап бүгінгі оқырманның сұраныс- талаптарына жауап беріп отыр. Ол – ұлттық идеология, ұлттық құндылықтар, ұлттың тілі, ұлттық руханият, әдебиет және өнер.

Дегенмен, ең алдымен өткір, өтімді мақалалар алдымен беріледі. «Егемен Қазақстанның» осындай мақалаларға мақсатты түрде, жүйелі шығып тұрады. Осы мақсатта өте орамды, әсіресе танымдық-тағылымдық мазмұны терең, жазылу, безендірілу оқырманға ұсынылып келеді. Сондықтан да газеттің үш бағыттағы мақсатты жарияланымдары бар.

Біріншісі, ұлттық идеологияны нығайтатын, оның тұғырнамасын бекітетін, оның қазіргі тәуелсіздік мұраттарымен терең сабақтасатын Елбасының идеологиялық саясатын жүзеге асыратын мақалалар.

Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі Елбасымыздың игілікті бастамалары да елдік мінберден бағаланады. «Елдік мінбер» атты айдармен ұсынылған елімізге танымал тұлғалар М.Жолдасбековтің, А.Айталының, Ғ.Есімнің, Ә.Қалмырзаевтің, Д.Исабековтің, Ә.Қайдардың, М.Байғұттың т.б. мақалалары ел мүдесінің артықшылығын көрсететін мақалалар.

Атап айтар болсақ: «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде 2013 жылды қорытындылай келе, шетелдік сапарларды, өңірлерге жұмыс сапарын, түрлі отырыстар мен мәжілістерді, халықаралық және республикалық форумдардың жұмысына, конференциялар мен съездерге қатысу, шетел мемлекет және қоғам қайраткерлерін қабылдау, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездесу, өнеркәсіп, кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарға баруды қоса алғанда, жыл бойы Президент Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 700-ден астам хаттамалық іс-шараның болғанын хабарлау арқылы, көреген басшының салиқалы саясаты сараланды.

Елбасының салиқалы саясатына талдау жасаған Махмут Қасымбеков, Қазақстан республикасы президенті кеңесінің бастығы (№ 7, 14 қаңтар, 2014 жыл).

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен еліміздің 14 өңірінде болды.

Екі жақты қарым-қатынастардың аясындағы 7 шетелдік сапарды, сондай-ақ 9 мемлекетаралық саммит пен 4 халықаралық форумды қоса алғанда, Елбасының қатысуымен 170-ке жуық кездесу мен халықаралық сипаттағы іс-шаралар болып өтті. Н.Ә. Назарбаев 14 баспасөз конференциясы мен брифингтер өткізіп, шетелдік және отандық жетекші БАҚқа 8 сұхбат берді.

Шетелдік сапар

Мемлекетаралық саммитХалықаралық форум

Халықаралық сипаттағы іс-шаралар

7

94

170

2013 жыл сыртқы саясат саласында біздің еліміз үшін өте мазмұнды әрі нәтижелі болды.

2013 жыл Қазақстан үшін халықаралық саладағы күн тәртібінің басты мәселесі Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің шеңберінде еуразиялық интеграцияның тереңдей түсуі болғаны күмәнсіз. Жыл бойы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 3 отырысы: мамырда Астана қаласында, қазанда Минск қаласында және желтоқсанда Мәскеу қаласында болып өтті. Осындай мемлекеттік маңызы бар істердің болғанын халық тек газеттен оқып, көгілдір экраннан көріп отырады.

Еуразиялық интеграцияны мемлекеттің тұрақты дамуының тиімді тетіктерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан солардың негізінде Еуразия экономикалық одағын құру мақсатында Кеден одағы мен БЭК-ке мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылды нығайтуын жалғастыруда.

Сонымен бірге желтоқсан саммитінің барысында Н.Ә. Назарбаев құрылып жатқан Одақты саясаттандыруға жол бермеу туралы Қазақстанның қатаң ұстанымын жария етті. «Біз сіздермен бірге айтқан болатынбыз, қайталағым келмеп-ақ еді, бірақ құрылып жатқан одақты саясаттандыруға жол беруге болмайды. Сондықтан комиссияның міндеті шартқа экономикалық интеграция шегінен шығатын ережелерді қоспау. Шекараны қорғау, көші-қон саясаты, қорғаныс және қауіпсіздік жүйесі тәрізді бағыттар, сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет, азаматтық қылмыстық және әкімшілік істер бойынша құқықтық көмек мәселелері экономикалық интеграцияға жатпайды және Экономикалық одақ пішініне көшірілуі мүмкін емес. Бұл мәселенің барлығы ҰҚШҰ, ТМД аясындағы көптарапты келісімдер пішінінде де жақсы реттелген»,- деп атап айтты Елбасы.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті «Біздің бірлестігімізде мемлекеттердің саяси егемендігі берік әрі мызғымас. Бұл –аксиома. Ол ол ма, экономикалық интеграция тап осы ұлттық мемлекетті нығайтып, мығым экономика арқылы оны одан да бекемірек ету үшін дамуда. БЭК туралы шарт мүше мемлекеттердің өзге елдермен және ұйымдармен халықаралық шарттарына әсер етпеуі тиіс делінген. «Егемен Қазақстан» газетінің басты ерекшелігі де осында, халықаралық деңгейдегі мәселелердің шешімін де халыққа ұсынып отырады.

Мемлекет басшысы кеңестік кезеңнен кейінгі елдермен ынтымақтастықтың шеңберінде, 28 мамырда Бішкек қаласындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне және Минск қаласындағы 25 қазандағы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан мүшесі болып табылатын өзге мемлекетаралық бірлестіктердің шеңберіндегі байланыстарының да үлкен маңызы болғанын халық біледі. Бұл орайда Қазақстан Президентінің 5 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында болған G-20 «Үлкен жиырмалық» саммитінің жұмысына қатысуын айрықша бөліп айтқан жөн.

Қазақстан Президентінің 13 қыркүйекте Бішкек қаласындағы Шаңхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының жұмысына қатысуының үлкен маңызы болды. Қазақстанның ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу туралы бастамасы оң қолдау тауып, ол Бішкек декларациясынан орын алды.

Алматы қаласында Иран және Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізуші елдер «алтылығы» өкілдерініңкеліссөздерінің екі раундының, сондай-ақ Ауғанстан бойынша Ыстамбұл процесіне қатысушы елдердің Министрлік конференциясының өткізілуі ірі дипломатиялық жетістік болды.

Қазақстанның ұлттық мүдделерін ілгері жылжыту орайында Президенттің Боао және Астана экономикалық форумдарына, сондай-ақ Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумына қатысулары елеулі дивидендтер әкелетіні туралы жақсы айтылған.

Екі жақты қарым-қатынас желісі бойынша Мемлекет басшысы 2013 жылы 7 шетелдік сапарда болды, олардың ішінде 3 ресми және 4 жұмыс сапары бар. Атап айтқанда, Елбасы ресми сапармен Қытайға «5-7 сәуір), Өзбекстанға (13-14 сәуір), Монакоға (27-28 қыркүйек), сондай-ақ, жұмыс сапарымен Испанияға (5-6 ақпан), Ресейге (7-8 ақпан, 24 желтоқсан) және Иранға (4 тамыз) барды.

Ресей Федерациясымен дәстүрлі тығыз диолог жүргізіледі. «Егемен Қазақстан» газеті ел тарихында болып жатқан елеулі істер мен Елбасының күнделікті атқарып жатқан жұмыстарына баға бере отырып, халыққа жеткізуде алтын көпір болып отырғаны белгілі. Жыл ьойы Н.Ә. Назарбаев Президент В.В. Путинмен түрлі пішімдегі 7 кездесу өткізді, солардың барысында негізгі назар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелеріне, еуразиялық интеграцияның келешегі мен халықаралық және өңірлік күн тәртібінің проблемалары бойынша біздің елдеріміздің өзара іс-әрекеттеріне аударылды. Бұл кездесулердің әрқайсысы мемлекеттік маңызы бар, халық мүддесі үшін жасалған екені сөзсіз.

11 қарашада Екатеринбург қаласында болған кезекті Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығының Х форумы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарындағы елеулі оқиғаға айналды. Оның қорытындылары бойынша ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы жаңа шартқа қол қойылды.

Азиялық бағытта Мемлекет басшылығының сәуірде ҚХР-на және ҚХР Төрағасы, Қытай Компартиясы ОК бас хатшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарының үлкен маңызы болды. Бұл сапарлар екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытудың жаңа кезеңінің басталуының негізін қалады.

Біздің елімізге Индонезия Президенті С.Юдойононың мемлекеттік сапары мұсылман әлемінің аса ірі мемлекетінің басшылығымен сенімді саяси диолог орнатуға, сауда және экономикалық байланыстардың басымдықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Сапардың қорытындылары бойынша 5 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Тамызда Иран тарапының шақыруы бойынша Мемлекет басшысы жаңадан сайланған Президент Х.Руханиды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Иран Ислам Республикасына жұмыс сапарымен барды. Ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей қатысуы Теһранда оң қабылданып, Иранның жаңа басшылығымен сенімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндіктердің жүзеге асырылуы Қазақстан үшін де тиімді болмақ.

Қорыта келе, Елбасының атқарып жатқан ұлы саясаты бар қазақты бір тудың астына біріктіріп қана қоймай, ұлан-ғайыр елдің іргесін бекіту еді. Елбасының жеке азаматтық абырой-беделінің жоғарлылығы да үлкен рөл атқарады. Елді, халықты үлкен іс, ұлы мақсатқа жұмылдыратын идея керек болса, Елбасының елді дамытудағы ойлары дәл соның өзі. Ал, «Егемен Қазақстан» газеті ел бастаған Елбасының ұлы істерінің қостаушысы, насихатшысы. Мақсатымыз – айқын, жолымыз – анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 30 тамызда 1995 жылдың Қазақстан Республикасының Конституциясы // «Параграф» заңнаманың электрондық базасы.
  2. Қазақстандағы президенттік билік: жемісті 20 жыл. — Астана, 2010.
  3. «Егемен Қазақстан» газеті. № 1-10 сандары, 2013.
  4. Мұхамеджанов О. Елбасы. Астана, 2010. – 256 бет.

Сұлтанова Айгүл,
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың
1 курс магистранты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.