Home » Мақалалар » Қазақстан мен Ресей стандарттау жүйелеріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер: салыстырмалы талдау

Қазақстан мен Ресей стандарттау жүйелеріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер: салыстырмалы талдау

 Стандарттаудың даму сатысының қазіргі кездегі маңызды сұрағы — түрлі мемлекеттердің стандарттау жүйесін зерттеу, олардың ерекшеліктерін, ұқсас тұстарын қарастыру, әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жасау болып табылады. Салыстырмалы зерттеудің мақсаты ұлттық стандарттау жүйесін зерттеу ғана емес, стандарттау аумағындағы негізгі жетістіктерді қарастыру. Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесінің қысқаша даму тарихы келтірілген. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының стандарттау жүйелерінің ерекшелік сипаттары қарастырылған. Екі мемлекеттің қолданыстағы нормативтік құжаттары, олардың жасалу реті мен әзірлеу уақытына талдау жасалды. Стандарттау жүйесінің төрт базалық принципке негізделген: консенсус (пәтуа), барлық қызығушы тараптарды қатыстыру, қызығушылықтар балансы, ашықтық. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының стандарттау жүйелерінің практикалық әдістері мен принциптерінің біршама ұқсастықтарына қарамастан, ерекше тұстары да бар. Нормативтік құжаттардың түрлеріне қатысты ерекшеліктер айқын байқалады.

Нарықтық экономика шарттарында өнімнің сапасын көтеру — негізгі тапсырмалардың бірі болып табылады. Нормативтік құжаттар өнімнің техникалық-экономикалық сипаттамаларын, оның сенімділігін, ұзақ сақталу қасиетін, қауіпсіздігін, қолдану кезіндегі экологиялық тазалығын көрсетеді.

Стандарттаудың тиімділігі өндірістік-техникалық, сауда-экономикалық, әлеуметтік және басқа да салалардағы жұмыстардың нәтижесінде көрсетіліп келеді және дамыған дамушы мемлекеттерде стандарттау жұмыстарының әлемдік деңгейде кең ауқымды жүргізіліп жатқаны дәлел болады. Көптеген мемлекеттерде, соның ішінде өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде стандарттау жүйесі құрылған. Мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын дамыту және жақсарту үшін халықаралық стандарттау жүйесі қалыптасты және қарқынды даму үстінде.

Стандарттау өнім сапасын басқарудың заманауи механизмінің ең маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Стандарттаудың даму сатысының қазіргі кездегі маңызды сұрағы — түрлі мемлекеттердің стандарттау жүйесін зерттеу, олардың ерекшеліктерін, ұқсас тұстарын қарастыру, әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жасау болып табылады. Салыстырмалы зерттеудің мақсаты ұлттық стандарттау жүйесін зерттеу ғана емес, стандарттау аумағындағы негізгі жетістіктерді қарастыру. Шетелдік тәжірибені бақылау ұлттық стандарттау жүйесінің дамуы үшін жаңа идеялар мен бағыттар береді.

Қазақстан Республикасы Ресейдің сенімді серіктесі бола отырып, КСРО – ның тарихи тәжірибесіне негізделген, ұлттық стандарттау жүйесін өзінше дамытып келеді. КСРО құлағанша стандарттау мен метрологияның мемлекеттік жүйесі барлық союз құрамындағы мемлекеттерге, соның ішінде Қазақ КСР- на да таралған болатын.

КСРО-ның құлауының нәтижесінде, ТМД аумағында стандарттау саласында саяси келісім жасалды. Осылайша, КСРО-ның барлық мемлекеттік стандарттары яғни 20 мыңнан ас ГОСТ-тар ТМД мемлекеттерінде қолданыс тапты.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында КСРО-ның ескі нормативтерін ауыстыратын жаңа нормативтік — техникалық құжаттар әзірленді. Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесі үшін 1992-2003жылдар аралығында келесі даму бағыттары жасалынды:

  • 1992 жылы ТМД мемлекеттерінің келісіміне сәйкес, мемлекетаралық стандарттауды дамыту;
  • Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін дайындық жүргізу мен халықаралық нарықты меңгеру қажеттілігіне байланысты, қазақстандық стандарттарды халықаралық стандарттамен үйлестіру жұмыстарын іске асыру;
  • Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтерге мемлекеттік стандарттар әзірлеу;
  • 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын енгізу және осы стандарттарға сәйкес келетін отандық сапа менеджмент жүйесін құру және т.б.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша жұмыстары 2004 жылы 9 қарашада қабылданған ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңымен және мемлекеттік стандарттармен реттеліп отырады. Ресей Федерациясында стандарттау жұмыстары 27.12.2002 жылы қабылданған «Техникалық реттеу туралы» Заңымен реттеліп отырады. Бірақ, Заң атауларының бірдейлігіне қарамастан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының стандарттау жұмыстарында біршама нақты ерекшеліктері бар. Қазақстандық және ресейлік техникалық реттеу жүйесінің ауқымды ұқсастығы – олардың екі деңгейлі жүйесінде. Жоғарғы деңгей- нормативтік-құқықтық және нормативтік пен қадағалаушы – заңдарды және орталық мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерін әзірлейді және заңды қадағалаудағы бақылау мен тексеру бойынша мемлекеттік органдардың әкімшілік қызметін атқарады. Төменгі деңгей- нормативті-техникалық – стандарттар кешені, техникалық шарттар, әдістемелік және анықтамалық ақпараттардан тұрады.

РФ мен ҚР терминдерді қолдану ресми түрде жүргізіледі. Екі мемлекеттің де заңнамасында нормативтік базаны екі категоряға бөледі: стандарттар және техникалық регламенттер.

Екі мемлекетте де стандартта келтірілген талаптар ерікті түрде қолданылады. Ресей Федерациясының қолданыстағы нормативті құжаттарынан бөлек, Қазақстан Республикасында бекітілген тәртіпте үкіметтік емес ұйымдар стандарттары мен консорциум стандарттары жасалуы және қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының нақты ерекшелігі консорциум стандарттарының қолданылуы болып табылады. Консорциум стандарты – консорциум жасаған және бекіткен және консорциум мүшелері қолданатын стандарт. Анықтамаға сәйкес Консорциум – ортақ шаруашылық жұмыстары бойынша келісім негізінде уақытша ерікті тең құқықты одақ, заңды тұлғалар ресурстарды біріктіреді және нақты шауашылық тапсырмаларды шешу үшін күштерді үйлестіреді.

Консорциум мүшелері өзіндік шаруашылық тәуелсіздігін сақтайды және басқа консорциум, қоғамдастық жұмыстарына қатыса алады. Консорциум мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас келісім негізінде жасалады. Осылайша, бұл механизм консорциум жұмысының тиімділігі үшін қажетті стандарттарды аз уақыт ішінде қабылдауға мүмкіндік береді және ғылыми жұмыс нәтижелерін енгізу процесін жеделдетеді.

Қазіргі кезде кез-келген стандарт – осы құжатқа қатысты барлық тараптың (өндіруші, тұтынушы, қоғамдық ұйымдар) пікірлерінің келісілген нәтижесі. Бұл тараптың әрқайсысы стандартты жасау процесінде өз талаптарын қорғайды, сондықтан Ресей Федерациясында стандартты жасау, келісу, қабылдау процестері біршама ұзақ уақыт алады.

Ұлттық стандарттарды жасау және бекіту ережесіне сәйкес, Ресей Федерациясында жаңа стандартты жасау туралы хабарлама берілгеннен бастап стандарттау бойынша ұлттық орган бекіткенге дейін кемінде бір жыл уақыт кетеді. Ал Қазақстан Республикасында ұлттық стандартты жасау мерзімі бұдан екі есе кем.

Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесінің тағы бір ерекше тұсы – ол үкіметтік емес ұйымдар стандартын қолдану. Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар стандарттары өнім қауіпсіздігін, адам денсаулығы мен қоршаған орта қауіпсізідігін, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және саудада техникалық кедергілерді жою үшін жасалынады. Үкіметтік емес ұйымдар стандарттарының ерекшелігі стандарт жобасын талқылау процесіне өнімді тұтынушылар қатысады. Бұл тауарлар мен қызметтердің ішкі нарығында шын мәнісінде қажетті өнімдерге стандарттар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы стандарттау аумағында жүргізілетін жұмыстардың тағы бір ерекшелігі мемлекеттік стандарттау жоспарын жасау Ережесі болып табылады. Жоспар 3 жылға жасалып бекітіледі, жыл сайын өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін қайта қаралып отырады және мемлекеттік органдарға, стандарттау бойынша техникалық комитетке жіберіліп отырады.

Ресей Федерациясында мұндай тәжірибе жоқ, жетекші стандарттау принципінің іске асуын тежейді.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды қолдануға рұқсат етілген. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасында шетел стандарттарын тікелей пайдалануға болады. Бұл үшін қолданылған стандарттарға сілтеме жасалып отыру керек. Халықаралық және аумақтық стандарттарды қолдану реті екі мемлекеттің заңнамасында да бірдей. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзі мүшелік ететін халықаралық және мемлекеттік стандарттау ұйымдары шығарған стандарттарды республика аумағында қолдануға мүмкіндік жасайды. Мұндай стандарттарды қолдану ретін стандарттау бойынша мемлекеттік орган анықтайды.

Стандарттың талаптары тұтынушы талаптарын қанағаттандырса және заңнама талаптарына қайшылық етпесе, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аумағында кез-келген шетелдік стандарттарды қолдануға болады.

Барлық әлемде стандарттау жүйесінің төрт базалық принципке негізделген: консенсус (пәтуа), барлық қызығушы тараптарды қатыстыру, қызығушылықтар балансы, ашықтық. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының стандарттау жүйелерінің практикалық әдістері мен принциптерінің біршама ұқсастықтарына қарамастан, ерекше тұстары да бар. Стандартты әзірлеу мен бекіту туралы шешімді қабылдау мерзімінде айқын ерекшелік байқалады. Тағы бір ерекшелік – Ресей Федерациясында ғылыми жұмыстар нәтижесін қысқа мерзімде өндіріске енгізуге мүмкіндік туғызатын нормативтік құжаттың жоқтығы. КСРО-да мұндай құжат техникалық шарттар болатын. Олар қазіргі кезде де бар, бірақ нормативтік құжаттың заңды түрі болып саналмайды.

 

Кадырова Макпал Ыбырайқызы,
Шымкент қаласы,
Жол-көлік колледжі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.