Home » Мақалалар » Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары

Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары

  • Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады. Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектептегі мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен мектептен тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығымен байланысты түрлі іс-әрекеттері, мүмкіндіктері, өмірлік тәжірибесі және әлеуметтік ортасы қарастырылса, ол мұғалімге тәрбиеде манёврлілік жасауға, қажетті кезде нәтиже беретін жол таңдауға мүмкіндік береді. Өзгермелілігі – оның жағдайға, тұрғылықты мекен-жайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады.
  • Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту мәселесі Білім беру және ғылым министрлігінің, білім беру субъектілерін басқару және барлық типтегі мекемелердің басты бағыттарының біріне айналуда.
  • Осыған байланысты қоғамының барлық салаларында жаңа үлгіге (модель) өту мәселесі білім беруде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты детерминациялау жағдайына байланысты қарастыруда, білім берудің мазмұнын реформалауда да аса қажеттілік тудырды. Тәрбиенің ұлттық құндылыққа негізделген қазақстандық үлгісін жасау, оның мақсатын және стратегиялық бағытын анықтау, барлық деңгейдегі білім беру жүйесіндегі оқушылар үшін тәрбиенің бағдарламасын құру өзекті мәселеге айналуда.
  • Ол Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүзеге асып отырған нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жасалынады:
  • -Қазақстан Республикасының Ата Заңы;
  • -Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
  • -«Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары»;
  • -Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»;
  • -Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Заңы;
  • -Қазақстан Республикасының «Кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы;
  • -Қазақстан Республикасының «Азаматтардың денсаулығын сақтау» туралы Заңы;
  • -Қазақстан Республикасының «АИТВ/ЖТИС-тің алдын алу» туралы Заңы;
  • -Қазақстан Республикасының «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу» туралы Заңы;
  • -Қазақстан Республикасының «2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары»;
  • -Қазақстан Республикасының «2010 жылға дейінгі білім беруді дамытуда мемлекеттік бағдарламасы»;
  • -Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың «Жаңа әлемде жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауы;
  • -2009 жылдың 16 қараша айындағы «Білім және ғылым» министрінің бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында үзіліссіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамасы»;
  • -ҚР Білім және ғылым министрлігінің 7.07. 2000 жылғы «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы»;
  • -«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және т.б.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру», — деп атап көрсетілген.
  • Тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды ұғым.
  • Соған сәйкес оқушыларды:
  • -ұлттық мәдениеттілікке тарту;
  • -Қазақстан тарихын және салт-дәстүрлерін оқып үйрену;
  • -қоғамдағы достықты күшейту, бейбітшілік пен бірлікті қалыптастыру арқылы, олардың санасында туған елге деген сезім мақтанышын қалыптастыру;
  • -Отанға деген сүйіспеншілік, өз туған өлкесін сүю, оның тарихын білу, мәдениетін қазіргі таңдағы өзекті мәселелері болып табылады.
  • Сол секілді «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсеткендей «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
  • Тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды ұғым.
  • Соған сәйкес оқушыларды:
  • -ұлттық мәдениеттілікке тарту;
  • -Қазақстан тарихын және салт-дәстүрлерін оқып үйрену;
  • -қоғамдағы достықты күшейту, бейбітшілік пен бірлікті қалыптастыру арқылы, олардың санасында туған елге деген сезім мақтанышын қалыптастыру;
  • -Отанға деген сүйіспеншілік, өз туған өлкесін сүю, оның тарихын білу, мәдениетін қазіргі таңдағы өзекті мәселелері болып табылады.
  • Сол секілді «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсеткендей «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
  • -«жаңа әлеуметтік ақиқаттың пайда болуынан, тұлғаға қоғамның жаңа талаптар жүйесінің туындауы;
  • -тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдардың жеткіліксіздігі;
  • -қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық (ущербность), әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;
  • -оқытудың рөлінің жоғары бағалануы және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуында тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
  • -педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалпына келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі;
  • -әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі;
  • -адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
  • -бұқаралық ақпарат құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері ықпал етуі; тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
  • -педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі;
  • -балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы (күші) тиімділігінің төмендеуі;
  • -еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы;
  • -балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі (клубтар, үйірмелер, секциялар т.б.) және олардың іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігі.
  • Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі осы заманғы қоғамды дамытудың және еліміз қауіпсіздігінің негізі мен мемлекеттік саясатын құрайтын басты стратегиялық міндеттері ретінде қаралуы тиіс».
  • Осы орайда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына сәйкес «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бөлімінде «2011 жылдан бастап:
  • -білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылады;
  • -қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік рәміздерді таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тілін білу жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады;
  • -түрлі жобаларды іске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар қабылданатын болады» деп нақты атқарылатын шаралар белгіленген.
  • Осылардың негізінде тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында тәрбиенің кешенді бағдарламасы әзірленуде. Оның жетекші принциптері болып табылады:
  • -құқықтық және саяси мәдениетті тәрбиелеу;
  • -патриоттық тәрбие;
  • -рухани-адамгершілік тәрбие;
  • -құқық бұзушылық пен экстремизмнің алдын алу;

-салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

  • -өзін-өзі басқару;
  • -өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту;
  • -эстетикалық тәрбие
  • -экологиялық тәрбие;
  • -кәсіби бағдар жұмысы.

 

Мырзалиев Қурбан Куанышбаевич,
Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
Атамекен ауылы
№68 «Жібек жолы» жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.