Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан.
Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеттері бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашанда мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ.
«Отаның – алтын бесігің», «Отаны жоқтың – негізі жоқ» деп дана халқымыз бекер айпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір қазақ азаматының бірінші міндеті.
Қазақстан – кеше. (Кешегі күнні тарихына шолу жасау) Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным – сонау Каспиден Алтайға дейін созылып жаттқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдермен есте қалады.
1916 жылғы көтеріліс, 1928-1932 жылдардағы аштық.
1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абройлы атақ берілді.
ХХ ғасырда дүние жүзіндегі бірде-бір ел қазақ көргенді көрген жоқ.
1949-1950 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.
1986 жылдың желтоқсаны.
Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды.
Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды.
Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.
Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Қарасаң көзің тоймайды, осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады»-деп халқымыз айытқандай, әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Қазақстан – бүгін: (Бүгінгі күннің тарихына шолу)
Қазіргі кезде Қазақстан қандай?
Біздің туып-өскен жеріміз, еліміз-Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай.Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т.б.көп ұлттар тұрады.
Ол бүгінде дүние жүзінің көтеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көптеген жұмыстар атқарып келеді.Еліміз ЕД,ТМД,БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді.
Мен осы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын. Еліміз,тәуелсіз,дербес ел атанды. Халық өз қалауларымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тілі- қазақ тілі,мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы-Астана қаласы. Ол күннен-күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.Осы мемлекетті одан әрі биіктен көрсету қазақ халқының қолында деп ойлаймын.
Қазақстан-ертең. (Ертеңгі күннің тарихына шолу жасау)
Ол біздің болашағымыз, балаларымыз бен немерелеріміз.
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі жастары.
- Өз елін, жерін қорғаушы.
- Өз Отаның патриоты.
- Өз елінің заңдарын қорғай алатын жастар.
- Өз жолын анықтай алатын азамат.
- Адамның қадір-қасиетін құрметтеуші болашақ ұрпақ.
- Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастар.
- Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастар.
Мектептер мен балабақшалар саны көбеюде. Интерактивтік жүйе еңгізілуде. Халықаралық «Болашақ» степендиясы тағайындалды. Жоғары оқу орындары ашылуда.
Тәуелсіз елім менің Қазақстан,
Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.
Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
Аумайсың атылмақшы жас барыстан.
Тәубанның басы тәуелсіздік болсын!
Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!
Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолыңа ұстатқан ол қасиеттің тізгінінен айрылма! Айрылсаң – ит пен құсқа жем болып, айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста! Тәуелсіздіктің тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!!
Адилова Нуржанат Сагатбековна
Қарағанды қаласы, КМҚК «Қарлығаш»
балабақшасының тәрбиешісі