Қазақстан — сен неткен сүйікті едің,
Сені ойласам шаттандым, биіктедім.
Кіндік кескен жерді де, туған елді
Бәрін-бәрін сен үшін қиып келдім.
Кедергіге жолықты әр қадамым,
Шалдықпадым сонда да шаршамадым.
Бір шетіңе аяқты басу үшін,
Қанша жүгін өмірдің арқаладым.
Ұл-қызымды алып келдім
Керегіңе болсын деп.
Жүрегімді алып келдім
Сені сүйіп қансын деп
Сен үшін жансын деп
Білгімді алып келдім
Сенің үшін талсын деп
Тілегімді алып келдім
Бақыт нұры төбеңде
Жарқырасын, жансын деп.
Әкем деймін өзіңді
Шешем деймін өзіңді
Сен сөйлейсің сөзімді
Мен сөйлеймін сөзіңді
Сен қорғайсың өзімді
Мен қорғаймын өзіңді
Қазақстан қымбаттым
Тұтандырған сезімді
Көрер ме еді сан боздақ
Бақытты осы кезіңді.
Алыста шалғай жүргенде
Құлағым саған түрілді
Саған бердім ділімді
Абайладым тілімді
Абайладым дінімді
Есітуге үніңді
Теледидар құлағын
Саған ғана бұрадым.
Осы шығар тілектің өтелгені
Мына дала, бұл қазақ не көрмеді
Қазақстан тәуелсіз болмағанда
Талай қазақ шет елде өтер ме еді
Талай қазақ бөтен боп кетер ме еді
Қандастарың жиылып келіп жатыр
Мерейіңді Қазақстан көтергелі.
Қасқа жолын Қасымның салу үшін
Болашақтан сыбаға алу үшін
Көк байрақтың астына жиыл қазақ
Келешекке қазақ боп бару үшін!
Мария Тангирбаева