Қазақстан Республикасының оңтүстігінің топырақ-климат жағдайы жоғары сапалы көкөніс дақылдарын өсіруге өте қолайлылығымен ерекшеленеді, сонымен көкөніс өнімділігін арттырып экспортауға және қайта өңдеуге толық мүмкіндік бар. Көкөніс дақылдарының өндірістік өнімділігін арттырудың негізгі жолы өзіндік құны төмендетіп, бәсекелестікке қабілетті өнім өндіру қажет. Облыс аумағында қызанақтың егіс көлемі 60-61мың га, немесе көкөніс дақылдары өсірілетін жалпы егістің 37 % құрайды. Қызынақтан алынатын жалпы өнім 1,2-1,4 млн. тонна немесе жалпы көкөніс өнімдерінің 42-43% құрайды. Қызанақ жемістерінің өнімі шаруа қожалықтарының негізгі кіріс көзі болып табылады. Алайда биылғы жылы қызанақ егіс алқабында, Америкалық қызанақ күйе көбелегі анықталды. Бұл белгісіз зиянды жәндік алқа тұқымдасына жататын барлық дақылдарды зақымдап жемістерін жарамсыз етеді. «Шымкент аграрлық колледжі» МҚКК оқу өндірістік базасында қызанақты тамшылатып өсіру егістік танабында биылғы жылы бірінші рет «Америкалық қызанақ күйесін» байқалды. Бұл зиянкес алғаш рет 2015 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Біртілек ауыл округінің «Фахирдин» ШҚ жылыжай кешенінің 4,0 гектарының залалдағаны белгілі болды.
Осы жағдайды ескере отырып, бұл зиянкеспен жүйелі және тұрақты күрес шараларын ұйымдастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселесі болып отырғаны белгілі.
Қазіргі таңда біздің облысымыздың сауда сөрелерінде бір килограмм қызанақ құны 400-1200 теңгеге артты. Оңтүстікке қызанақ көрші облыстардан және басқа республикалардан тасымалдануда. Демек, келешекте біздің облыста қызанақ және алқа тұқымдастарды өсіру, аталмыш зиянкестің зақымдауынан тиімсіз сала болуы әбден мүмкін.
Бүгінгі таңда фитосанитарлық диогностика және болжамдар әдістемелік орталығының зерттеу нәтижесінде жылыжай кешенінің 122,5 гектары зерттеліп, барлық жылыжай жүз пайыз зиянкеспен залалданған және ашық егістікте 852,5 гектар жерге зерттеу жүргізіліп 285,2 гектар танабын зақымдағанын анықтаған. Бұл зерттеу жүргізілген барлық егістік танаптың 33,4 пайызы құрайды (кете-1). Ресей ғалымдарының деректеріне сүйенсек Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі (Tuta absoluta) әр жылы 12 рет ұрпақ таратуға қабілетті. Олардың пікірінше бұл зиянкес жасырын дамып өсуге бейімділігі айқындалған. Әр көбелек ұрпақ тарату кезінде 250-300 жұмыртқа салады. Бұл зиянкес алқа тұқымдас өсімдіктерді зақымдайды және өнімді 100% жарамсыз ететіні анықталған. Зиянкес өте өсімтал және онымен күресу шараларын жүргізу өте қиын. Келешекте Оңтүстік Қазақстанда қызанақ және басқа да алқа тұқымдас өсімдіктерді өсіру тиімсіз немесе мүмкін болмай қалу қауіпі бар.
Кесте -1. ОҚО бойынша егістік алқаптар мен жылыжай кешендерінде қызанақ күйесінің таралуына мониторингтік бақылау жүргізу нәтижесі, га
р/с | Аудандар атауы | Зертелген егіс көлемі | Залалданған егістік көлемі | Зертелген жылыжай көлемі | Залалданған жылыжай көлемі |
1 | Арыс | 170,71 | 25,5 | 5,6 | 5,6 |
2 | Байдібек | 19,5 | 3,8 | 2,3 | 2,3 |
3 | Қазығұрт | 46,86 | 20,7 | 15,6 | 15,6 |
4 | Мақтаарал | 86,73 | 18,6 | 23,4 | 23,4 |
5 | Ордабасы | 48,29 | 12,8 | 3,6 | 3,6 |
6 | Отырар | 7,5 | 1,5 | 2,5 | 2,5 |
7 | Сайрам | 96,1 | 23,4 | 6,2 | 6,2 |
8 | Сарыағаш | 193,3 | 47,2 | 16,4 | 16,4 |
9 | Созақ | 5 | — | — | — |
10 | Төлеби | 19,6 | 32,4 | 13,4 | 13,4 |
11 | Түркістан | 61,4 | 40,3 | 12,6 | 12,6 |
12 | Түлкібас | 19 | 14,6 | — | — |
13 | Шардара | 19,06 | 15,4 | — | — |
14 | Кентау | 19,8 | 2,8 | 1,4 | 1,4 |
15 | Шымкент | 39,5 | 26,2 | 19,5 | 19,5 |
Барлығы | 852,5 | 285,2 | 122,5 | 122,5 |
Біздің зерттеудегі мақсатымыз Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында қызанақтың оңтүстік америкалық күйе көбелегінің биологиясына зерттеу жүргізу және онымен күресу шараларын жүргізіп, ғылыми тұрғыда дәлелденген тиімді жолдарын қарастыру.
Бұл өзекті бағытты шешу үшін білікті мамандар мен ғалымдардан ұйымдастырылған ғылыми топ құрылып, тұрақты ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, зиянкестің біздің облыстың ауа райы ерекшелігін ескере отырып биологиялық даму және келтіретін залалдығы анықталып жан-жақты жүйелі күрес шараларын ұйымдастыру көзделді. Америкалық қызанақ күйе көбелегінің зияндылығын қауіпті шегірткелермен салытыруға болады, себебі қызанақты 100 пайыз зақымдайды. Бұл зиянкес жеміс және сабақ ішінде, жапырақ тақтасының жұқа қабықшасының астында тіршілік етеді.Алқа тұқымдас дақылдарды (тәтті бұрыш, баялды, картоп және декоративті өсімдіктерді ) барлық даму кезеңдерінде, яғни көшеттерден бастап жемістің толық пісуіне дейін зақымдап жояды.Зиянкес далалық және жылыжайда жыл он екі айда өмір сүруге бейім және ұрпақ қалдыруға қабілетті.Оңтүстік Америкалық қызанақ күйе көбелегі шашақ қанаттылар отрядына, күйе көлектер туысына жатады. Ересек көбелектің қалыпты жағдайында пішіні 10-13 мм. Шашақтарының ақшыл негізіне байланысты қанаттары сұр, қара дақты, ал артқы қанаттары қара сұр түсті. Жұмыртқасы цилиндр немесе элипс пішінді ұзындығы 0,35-0,38 мм, ені 0,22-0,25мм, ашық ақ түсті. Жұмырқа кезеңі 3-6 күнге созылады.Жұмыртқасын жапырақ астына 5-7 дана салады. Жұлдыз құрттары цилиндр пішінді, басы анық байқалады, кеудесінде үш жұп аяқтары орналасқан, құрсақ бөлігінде қара түсті жүп дағы бар, ұзындығы 0,5-9 мм, сарғыш түсті. Жұлдыз құрттары 10-15 күнде төрт жастан өтеді. Жұлдыз құрттардың қуыршаққа айналу сатысы топырақта немесе ширатылған жапырақтарда байқалады. Қуыршағы конус пішінді, ұзындығы 3,8-4,5 мм, ені 1,3-1,5 мм, бастапқыда жасыл түсті, ал соңғы даму сатысында қоңыр түске айналады. Қуыршақ кезеңі 9-11 күн аралығында өтеді. Америкалық қызанақ күйесі өте тез көбеюге бейім, дамуына қолайлы температура + 25-30оС .Америкалық қызанақ күйесінің қыстап шығатын сатысы жұмыртқа, қуыршақ және ересек көбелек бұл зиянкестің қауіптілігі осы болып отыр. Ересек көбелектің кешкі қараңғылық және таң атарда белсенді қимыл әрекеті байқалады. Ал күндізгі уақытта күн сәулесінен таса жерде жапырақ астында жасырын тіршілік етеді.
Оңтүстік Америкалық қызанақ күйе көбелегіне қарсы күресудің тиімді тәсілі барлық профилактикалық шараларды ұқыпты, дер кезінде қолдану.
Атап айтқанда: ауыспалы егісті сақтау, топырақты терең қопсыта жырту, өсімдік қалдықтарын өртеу, алқа тұқымдас арамшөптерді жою, ал жылыжайда субстратты ауытыру немесе улы химикаттармен дизинфекция жасау, москиттік сеткаларды желдету терезелерге орнату, залалсызданыру жастықшасын кірер есікке орналастыру, желімдік және феремонды ұстағыштарды пайдалану, жарықтық ұстағыштарын пайдалану, жылыжайда екі есіктерді орнату, көшеттерді егу алдында толықтай Актеллик немесе Авант инсектицидімен дизинфекциялау.
Оңтүстік Америкалық қызанақ күйе көбелегінің даму кезеңдерін ескере отырып, улы химикаттардың жүйелік түрлерін пайдалану тиімді.
Біздер зерттеуімізге улы химикаттардың ішінен Конфидар -0,05-0,07 л/га, Децис -0,3 л/га, Авант -1,45 л/га, Актеллик – 0,07 л/га, Кореген – 0,05 л/га кезектеп қолдану нәтижесінде жақсы көрсеткішкетерге қол жеткізілді.
Ш. А. Белходжаева., С.Н. Сапарбекова
Шымкент аграрлық колледжі