Home » Мақалалар » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – ЕЛІМІЗДІҢ НЫҚ ДАМУЫ МЕН ГҮЛДЕНУІНІҢ НЕГІЗІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – ЕЛІМІЗДІҢ НЫҚ ДАМУЫ МЕН ГҮЛДЕНУІНІҢ НЕГІЗІ

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
Қазыбек би

Отаншылық, отансүйгіштік, патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде, тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлері отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би “Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі” деп халыққа қызмет етудің, отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.

Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде “қазақстандық патриотизмді” қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар.

Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс… Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн”- дейді.

Ерте заманда қазақтың тілінде “патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөздік қорымызға енді.

Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. “Патриотизм” – гректің сөзі. Оның қазақшасы – жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.

Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер – отан туралы мақалдар-мәтелдер:

“Туған жерге туың тік”.

“Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне”.

“Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас” т.б. болып кете береді.

Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.

Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.

Осыған орай қазақтың би-шешендерінің сөздеріне жүгінейік.

Төле Би:

“Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол”.

Майқы Би:

“Бірлік түбі береке,

Береке түбі мереке.

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен,

Ел болуды ойлаңдар”.

Қазыбек Би:

“Алтын ұяң-атаң қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат”.

Әйтеке Би:

“Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,

Біз үш жүз керіспейік, келісейік”. Би-шешендердің сөздері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізіне жатады. Немесе қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Қамбар, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Қарқабат, Сураншы, Саурық, Сырым, Исатай сияқты батырлар жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен. Батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.

Осыған қоса бабаларымыз, ел қорғаған азаматтарымыз: Бәйдібек баба, Қойгельді, Сыпатай, Сәмен, Рысбек, Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Туғанбай, Тұрлығұл т.б. істеген ерліктері бүгінгі қазақстандық патриотизмге негіз бола алады.

1941-1945 жылдардағы соғыста 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысып, соның жартысынан көбі елге ормалды. Сол соғыста мерт болды.

1941 жылы соғыстың алдыңғы шебі Брест қамалын қорғауда ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Г.Жұматов, Ш.Чултуров, Қ.Иманқұлов, Е.А.Качан, Ш.Сулейменов, М.Ниязов, Т.Сатыбалдин, Н.Сыдықов т.б.

Мәскеу түбіндегі Волокалам тас жол бойында ерлікпен күрескен В.Панфилов, Бауыржан Момышұлы басқарған 316-ыншы атқыштар дивизиясы, оның ішінде 28 батырлардың ерлік тарихы ерекше ел аузында аңызға айналды.

1941-1945 жылғы соғыста 500 дей қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атанды. Батырлар санынан Қазақстан Одақтағы халықтар арасында үшінші орында.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, көп ұлтты Қазақстан Республикасы өзінің ән-ұранын, туын, ұлттық белгісін, ұлттық валютасын шығарып алға қадам басу керек болды. Еліміздің тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Егер біз Мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлектіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн»- деген сөзі бар.

Тарихты кітаптан оқу  өз алдына, ал кешегі тарихты, сол тарихты жасаған, сол тарихтың куәгерлерімен кездесіп дәріс алу әлдеқайда құнды. Бұл да қазақстандық патриотизмнің негізі.

Жеңістің 70 жылдығына орай Президеттің бастауымен Республика Өкіметі соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетуде. Уақыт озады. Бүгінгі соғыс ардагерлері де өмірден өтеді. Біз осылардың куәсіміз. Соғыс ардагерлерінің көзін көргендер ертең жастарға не айтады? Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде.

Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз – Қазақстанда  тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз – ол қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ, “Идеология (идея және логия) таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы.”

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз – Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек,”-дейді Елбасымыз!

Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. “Қос азаматтық”, “Қос тілдік” деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс.

Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Солай болмақ та.

Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” деген өлеңінде былай деген:

“Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадымына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті, болса да,

Төрт анаға өңін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы. Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Венера Жумашевна Жолмухамбетова

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

№ 9 орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.