Home » Мақалалар » «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ – АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты тақырыпта балабақша қызметкерлерімен талқылау

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ – АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты тақырыпта балабақша қызметкерлерімен талқылау

«Мемлекет басшысы Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ  Қазақстан халқына жолдауы»

 22 қазан күні  балбабақша басшысы: Жакупова А.А Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 05.10.2018 жылғы халыққа жолдауымен балабақша қызметкерлерін таныстырды. Жолдауда еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл – ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналғанын, сонымен қатар педагогтардың  мәртебесі туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырғанын және  жолдаудың бір ерекшелігі – мұн­да білім саласының барлық са­тылары бойынша нақты мін­дет­­тер айқындалып,  мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлерінің тұрмыс сапасын жақсартуға және мәртебесін көтеріп, жүктемелерін азайтуды, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін, біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқада қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарауды, «Жол картасын» әзірлеуді тапсырғанын сөз етті.
Білім беру ісінде  коммуникативтілікті дамытуға және командамен жұмыс істей білуге басты назар аударып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Балабақша қызметкерлері жақсы көңіл- күймен тарқасты.

 

         Жугинисова Ш.К
№20 «Балақай» бөбекжай балабақшасының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.