Home » Жаңалықтар » Қазақстанда алғашқы рет өзенде шайбалы хоккейден қысқы турнир өтті

Қазақстанда алғашқы рет өзенде шайбалы хоккейден қысқы турнир өтті

Қазақстан мен Канада арасында дипломатиялық арақатынастың 25-жылдығына арналған өзенде шайбалы хоккейден «River Hockey Cup» алғашқы қысқы турнирі 2017 жылдың 19 ақпанында өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР-дағы Канада Елшілігі мен Қазақстандық әуесқой хоккей лигасы болып табылады. Қолдау көрсеткен Астана қаласы әкімдігі.
Қазақстандағы Канаданың Төтенше және Уәкілетті елшісі Шон Перри Стайл мырза және қазақстандық хоккей лигасының атқарушы директоры Виталий Сахнов мырза шайбаны тастау рәсімін жасап, бірінші ойынды ашты.
«River Hockey Cup» турнирына ересектер мен балалардың 24 әуесқой командалары, сонымен қатар ҚР-дағы Канада Елшілігінің командасы қатысты, бұл команданың құрамында Қазақстандағы Канаданың Төтенше мен Уәкілетті елшісі Шон Перри Стайл мырзаның өзі ойнады. Сонымен қатар «Барыс» тобының спортшылары: Найджел Доус, Кевин Пулен, Кэм Баркер, Кори Тривино, Брендан Шиннимин және Дастин Бойд турнирге қатысты.
Бір күн бойы турнирдің қонақтары мен қатысушылары хоккей мейрамына рахаттанып, ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, осы танымал қысқы спорт түрінің әуесқойларымен естен кетпестей күн өткізді.
Жеңімпаздар:
Балалар дивизионы:
1 орын – Астана қаласы балалар үйінің командасы;
2 орын – №31 мектеп командасы;
3 орын – №27 мектеп командасы.
Ересектер командасының жеңімпаздары:
1 орын –«Интергаз» командасы;
2 орын – «Арлан» командасы;
3 орын – Қазақстандағы Канада елшілігінің командасы.
«Қазақстан мен Канаданың хоккей дәстүрлері көп ұқсайды  және біз қазақстандықтар үшін мұндай спорт шараларын бірге ұйымдастыруға қуаныштымыз. Ақпанның басында біздің спортшыларымыз Алматыдағы 28-ші Қысқы Универсиадаға қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіспен оралды. Сонымен қатар 2017 жылы біз қазақстан-канадалық дипломатиялық арақатынастың 25-жылдығын атап өтеміз. Осы 25 жыл ішінде біз экономикалық, мәдени, білім, спорттық сияқты көптеген  жобаларды бірлесе жүзеге асырдық. Біздің елдеріміз қызметтің барлық салаларында да ынтымақтастықтарын жалғастырады деп сенемін; мұндай спорттық іс-шаралар адал бәсекелестік пен құмарлықты әкеледі. Барлық қазақстандықтарға жаңа жеңістерге жетуді, бейбітшілік пен өркендеуді тілеймін!», — деді Стайл мырза.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.