Home » Ашық сабақтар » Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

        Пәні: Қазақстан тарихы

         Сабақтың мақсаты: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсінеді, оның ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсетеді, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсете алады. Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылай алады. Алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсініп, сол арқылы оқушылар бойында елжандылық, Отан сүйгіштік қасиеттері одан әрі шыңдалады.

       Оқу нәтижелері:

Күнделікті сабақтан қарағанда топтық жұмыста барлық оқушы сабаққа ынталы араласады; Миға шабуыл тапсырмалары кезінде дарынды және талантты балалардың өз қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Топтық жұмыс кезінде әр оқушы өз пікірін айтып талқылай алады.

       Түйінді идеялар: Сабақтың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін пайдаланып тапсырмаларды белсенді орындау.

Сабақтың типі: Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері.

     Сабақты ұйымдастыру түрі: Ашық сабақ

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, күту ағашы, екі жұлдыз-бір тілек, кластер, сен маған, мен саған, семантикалық карта, ВЕНН диаграммасы.

Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс. Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі, яғни дереккөздер: Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, суреттер, карта, топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар.

І. Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті. Оқушының әрекеті.

1-әрекет. Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Сыныпта сергіту сәтін ұйымдастырып, жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырамын. Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды.

2-әрекет. «Күту ағашы» әдісі. Оқушылар тақтадағы күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі.

3-әрекет. Оқушыларды топқа бөлу әдісі бойынша ХХ ғасырдың саяси партиялары бойынша топқа бөлемін.

«Алаш», «Қазақ», «Жетісу». Оқушылар қолдарына алған топ аттары бойынша топқа бөлініп өз орындарына отырады. Әрқайсысы – топ басшысы, топ хатшысы, баяндаушы, өкіл, топ суретшісі.

4-әрекет. Стоп кадр әдісі. 1916 ж көтеріліске байланысты тақырыпта видео қойылып, оған тақырып бойынша ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ең ірі оқиғалар тізімін жасауға тапсырма беремін (көтерілістер, саяси оқиғалар, бірінші дүниежүзілік соғыс). Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды. Жариялайды. 

5-әрекет. Балалар, сабақтың басында көрген көрініс бойынша бүгінгі тақырыпты қандай деп ойлайсыңдар?

Енді оқушылар тақырыпты ашады.

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі:

6-әрекет. «Сен маған мен саған» әдісі

  1. 1916 жылғы көтерілістің шығу себебі
  2. 1916 жылғы көтеріліс орталығы – Торғай

3. 1916 жылғы көтеріліс орталығы – Жетісу. Оқушылар флипчарт бетіне тапсырманы жасырын орындап, оны келесі топқа береді. Келесі топ толықтырып жариялайды.

7-әрекет. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша, әр топ бір-бірлеріңді бағалаңдар дейді. Стикер таратып береді. Топтар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша баға береді».

8-әрекет. «Ойды аяқта» әдісі. Әр топқа мазмұны аяқталмаған парақша беремін. Сол берілген тапсырмалардың ішіндегі жоқ сөздерді теріп жазады.

9-әрекет. «Сөздердің авторын тап».

  1. А. Байтұрсынов: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
  2. Курапаткин А.Н. «Қандай амалды болса да қолдаудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалануға» нұсқау беру.
  3. М. Дулатов: «… Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды».
  4. Т. Рысқұлов: «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды»
  5. Ә. Бөкейханов «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де келешекке қандай ел екенін білдірді»
  6. Патша «Бөліп ал да билей бер». Топ бірлесе отырып шешімін табады. Жариялайды.

ІІІ. Ой-толғаныс кезеңі:

10-әрекет.

Венн диаграммасы

1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері – Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә.Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.

2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал — демократияшыл зиялылардың жетекшілері — А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шараларының құрбаны болады деп есептеді.

ВЕНН диаграммасын толтырады.

11-әрекет. Семантикалық карта.

Жылдар 1916 жыл

Көтеріліс басшылары

Көтеріліс болған жер

Қозғаушы күштері

Қатысушы рулар

Мақсаттары

Көтеріліс туралы жазылған шығармалары

Авторлары Шығарма аты

Ж. Аймауытов Қартқожа

М. Әуезов Қилы заман

С. Сейфуллин. Тар жол тайғақ кешу

С. Мұқанов. Ботагөз

Көтерілістің жеңілу себептері

Көтерілістің тарихи маңызы

Оқушылар топтаса отырып жапсырманы орындап бір оқушы оқиды.

12-әрекет. Мұғалім баға қояды.

Өзін-өзі бағалау пароды бойынша оқушылар өздерін бағалайды.

«Сабақ саған ұнады ма?», «Сабақ қаншылықты қиын болды?»

«Сабақтың соңында қандай сезімде болдың?» деген сауалдар төңірегінде ой бөлеседі.

13-әрекет. «Күту ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасату. Стикер тарату.

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?

Мені таң қалдырған жағдай

Мен үшін жаңа ақпарат

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын «күту ағашына» стикер жапсыру арқылы кері байланыс жасайды.

Рамазанова Сауле Колымжаевна

Қазақ мектеп-гимназиясы,

тарих пәнінің мұғалімі,

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы


Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.