Home » Поэзия » Қазақстан

Қазақстан

Қазақстан-көк байрақты нұр елім,

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

Өзіңменен қуанып, шаттанып,

Мәңгілік ел болашаққа сенемін.

 

Қазағымның дархан дала жері кең,

Терезесі елдерменен болды тең.

Тәуелсіздік,еркіндікке қол жетіп,

Елім, жерім қиындықты еңсерген.

 

Елбасымыз елді бастап келеді,

Қиындықты халқыменен жеңеді.

Бірлігі мене ынтымағы жарасқан

Түрлі ұлттың достығына сенеді.

 

Кешегі күн азаттықты аңсаған,

Отаным деп ата-бабам болды арман.

Жауларына қалқан болды елі үшін,

Жарық күні көптен күткен туды алған.

                               Бабаев Нұршат

                   Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектептің

                   9 «г»сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.