Home » Балабақша » Қадыр өлеңдерін ТРИЗ технологиясы арқылы жаттату

Қадыр өлеңдерін ТРИЗ технологиясы арқылы жаттату

Қадыр Мырза Әлі – балалар ақыны. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға арнап ең көп өлең жазған ақын десек артық болмас. Ал ақындықтың ішінде балалар ақыны болудан асқан қиындық жоқ. Себебі үлкен адам, есейген адамның бала сезіміне жақындауы қиын. Бала ойымен, бала қиялымен өлең жазу – нағыз талантты ақынның ғана қолынан келеді. Ақын өзінің өлеңдері арқылы адам бойындағы барлық жағымсыз мінез-құлықтарды әжуалап, жақсы өнегеге, татулыққа, достыққа шақырады. Ол дүниенің барлық тынысын балаларға қаз- қалпында жеткізе білді. Қай өлеңін алсаң да, тәрбиелік мәні зор. Ақын шығармалары – өз тілін қастерлейтін, елін, жерін сүйетін нағыз кішкентай патриоттарды тәрбиелеуде, тілдерін дамытуда  маңызы зор баға жетпес құндылық.

Заман талабына сай жаңа технологияларды қолдану тиімді. Өз іс-тәжірибемде Қадыр өлеңдерін жаттатуды ТРИЗ технологиясы арқылы жүзеге асырдым. Мысалы, «Не үшін?» өлеңін жаттату барысында «Жұлдызқұрт» әдістемесін қолданып, оның әр бөлігіне өлеңге сай дене мүшелерінің суреттерін орнату ретімен жаттатамын. Суреттегі реттілікке сүйене жаттауда балалар көзбен есте сақтау арқылы өлеңді тез жаттады.

 

Жанклишева Рысханым Отарқызы,
 «Балдырған» МКҚК» балабақшасының тәрбиешісі,
Жымпиты ауылы, Сырым ауданы, БҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.