Денсаулық, спорт, тәрбие, білім егіз ұғымдар. Олай болса, қоғамымызды өркендететін бүгінгі ұрпақтың денсаулығы мықты болу үшін спорт қажет, спорт арқылы тәрбие қалыптасса, бұлар жинақталып білімді азаматтар шығарамыз деген ойдамын. Яғни, спорт жас ұрпақтың күш, ептілік, төзімділік, мықтылық, сергектік секілді моральдік ерік сапаларын қалыптастырады. Біздің Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Қазақстан — 2030» халыққа жолдауында: «Біздің болашақ ұрпағымыздың өсіп жетілуіне әлеуметтік жағдайларын дұрыс қалыптастырып, балалардың білімді, дені сау, епті, күшті, сымбатты болып өсуіне көңіл бөлу қажет»-деген. Осыған орай Қарағанды қаласында таяуда ашылған «Шаңырақ» балабақшасында жаңа техналогиялық әдіс-тәсілдер қолданылуда. Балабақша бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған дене тәрбиесі балалардың жас ерекшеліктерін ескеретін, дене тәрбиесін организімге сай жетілуіне бағытты түрде әсер ететіндей құрастырылады. Онда жаңа әдіспен техналогияны қолдану арқылы іс-қимыл жаттығуларын одан әрі шыңдайды. Жаңа ашылған «Шаңырақ» балабақшасының ашылу салтанатында дене тәрбиесі мен спортты дамытуды ата-аналармен балалар арасында «Әкем, анам және мен» атты спорттық ойын өткізілді. Ойын барысында балаларды ынталандырып, «Жарайсыңдар», «Жақсы» деген қошемет сөздер айтылып, А.А Ухтомский ілімі бойынша дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде музыкалық жағымды әсері күші әлсіздерді қайраттандырып, ойынға ынталандырып, қызығушылықтарын арттырады.
Мен балаларды дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеу барысында өз алдыма «Оқыту барысында дене түзілісін дұрыс қалыптастыру және салауатты өмір салтына үйретіп, ақыл-ойын дамыту арқылы рухы мықты, шымыр, дене сау, батыл болып өсуіне ықпал ете отырып, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру» мақсатын қойдым. Дене шынықтыру нұсқаушыларына өздік білімін жетілдіру, кәсіптік шеберлігін көтеріп отыру өте қажет. Осыған орай арнайы Астана қаласынан Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінен тілші Арман Ұзақұлы келіп, көп жылдық іс-тәжірбиесімен бөлісіп, педагогтардың жазу дағдыларын дамыту тренингін өткізді. Тренингқа педагогтар үлкен қызығушылық танытып, жақсы баға берді. Бізде балабақшаға бір қырынан танытуына ықпал еттік деп ойлаймын. Осылай «Дені сау ұлт үшін – инфрақұрлымды дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық балабақшаға және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек»,-деді Президентіміз Н.Ә Назарбаев өзінің жолдауында. Олай болса, балабақшада балалардың дене тәрбиесі мен спорт өнеріне тәрбиелеу басты борышым деп білемін.
Ә.Қ. Әубәкірова
Қарағанды қаласы,
«Шаңырақ» балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы