Бүгінде ұлттық болмысымыз бен мәдениетіміздің, тіліміз бен дініміздің де қайнар көзі – мектеп-алтын бесік. Алтын бесіктің елдің елдігін, халықтың халықтығын өлшейтін екі өлшемі бар. Біріншісі – ұстаз ұлағаты, мұғалім мәртебесі, екіншісі – ұрпақ тәрбиелеу,шәкіртті шыңдау. Президентіміздің мектеп тағдырына алаңдаушылық білдіруі жасампаз еліміздің ертеңіне деген жанашырлығы деп білемін. Сондықтанда бүгінде білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-оқытудың инновациялық әдістерін енгізу жолымен мектептердегі оқытудың деңгейін көтеріп, оқушылардың шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру болып табылады. Бүгінде мектептің мақсат, міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып отыр. Мұндағы ауыр салмақ мектеп айнасы болып есептелінетін мұғалімге түспек. Мектеп, білім беру саласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан, мұғалім жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже бермейді. Оқу үрдісінде оқыту жүйесінің бір ерекшеліктері «жаман» деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушыны өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Оған мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, шыдамдылық осы оқушыдан үміт болады-ау деген сенім болуы керек. Яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастыққа, сыйластыққа, өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал туады.
Үлгерімі төмен, яғни үлгермеуші оқушы қайдан шығады? Алдымен оларды сынып жетекшілері мектепке келген бойдан жан-жақты зерттеп алу керек. Баланы зерттеуді мынадай түрде жүргізуге болады.
Физиологиялық зерттеуге – дәрігерлер, психологиялық зерттеуге – психолог мамандар, педагогикалық зерттеуге – мұғалімдер қатыса алады.
Мысалы, бала шыр етіп дүниеге келгенде, ананың босану процесіне байланысты баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді (Басының қысылып қалуы, қол-аяғының кемтар болуы, т.б.). Өсе келе баланың даму заңдылығының бұзылуына әкеп соғады. Осы орайда баланың физиологиялық картасы жасалып, мұғалім + медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болу керек.
Психологиялық зерттеулер бойынша біз баланың таным процесі, зейін, ес, қабылдау мониторингін жасаймыз.
Оқушының психологиялық даму заңдылығына сәйкес еместігі анықталған күннен бастап-ақ ол баланың қызығушылығы дамытатын әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, барлық пәннен үзіліссіз жұмыстар жүргізу керек.
1-сыныпқа келген оқушыға қаламсапты ұстатып, одан баланың оңқай, солақай екенін білеміз.
Дәптер бетіне нүкте қойып, сол нүктеден жоғары бір тор көз, оңға, төмен қарай, солға, екі тор көзден қорша деген сияқты нұсқауларды бере отырып, оқушының қабілеттерін айқындаймыз. Сонымен қатар оқушыларға жеке тапсырмалар беруге болады.
Бұл – педагогикалық-психологиялық әрекетте баланың қызығушылығы артып, өзінің танымының жоғарылауына септігін тигізеді. Балада «мен» деген категория қалыптасып, «Менің қолымнан келеді», «Өзім жасай аламын» деген сенім пайда болады.
Педагогикалық зерттеуді мұғалім жүргізеді. Оларға әр пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру жатады.
Сөйлеу қабілетін байқау: суреттегі заттардың атын атау, сурет бойынша сөйлем құрау, заттардың жекеше, көпше түрлерін атау, әріптерді тану.
Жазу қабілеті: әріп элементтерін жазып көрсету. Қазақ тілі мен пәні бойынша: көркем жазу, анықтама, мәтінді меңгеру, талдау. Осы зерттеулерді жүргізу арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтап аламыз. Осыдан сабақ үрдісінде оқушылардың сабаққа қабілеттері, ынтасы ашыла бастайды.
Үлгермеуші оқушы деген кім? Ол не себепті үлгермейді? Оларға нендей факторлар әсер етеді?-деген сұрақтар туады, енді соны анықтауымыз керек. Үлгермеуші оқушының ата-тегіне, тұқым қуалау себептері бар ма, нағашы жұртына, отбасы жағдайы, ата-анасына баласының еліктеуі, отбасындағы тәрбие соларды зерттеуіміз керек. «Тәрбие – отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңірек үңілетін болсақ, оқушы тәрбиесі – отбасы тағылымына байланысты деген ұғымға да тірелеміз.
Оқушының үлгірмеу себептері мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
- Оқушының денсаулығының нашарлығы (жазылмайтын дерт, туа бітті, кейін пайда болған ауру, т.б.)
- Отбасындағы жағдайлар (анасының болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы, әкесінің болмау себебі: қайтыс болуы, ажырасуы, ата-анасының ішімдікке салынуы, әлеуметтік жағдайының төмен болуы, отбасындағы қайғы-қасірет, баланың қамқоршысының қолында болуы).
- Алыстан келіп оқитын балалар (жатқан үйінің жайсыздығы, жатқан үйіне үйреніспеу)
- Достарының әсері (досының ауқатты тұруы, досымен қарым-қатынас жасай алмауы т.б.
Міне, осы жұмыстардың бәрі зерттеліп, қабілеті төмен балаларға психологиялық, педагогикалық, физиологиялық талдау жасап, оларды дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасап отырылу керек.
Үлгермеуші ата-аналардың кейбіреулерінің баласына, ұстазына деген көзқарастары да сан алуан. Оқушының үлгеріміне тек мұғалім ғана емес «Отбасы + оқушы + мектеп», яғни үштік одақ бірлесе отырып шешуге ықпал етуіміз керек. Бұл – үлгермеуші баланы болдырмаудың бір жолы.
Атаханова Кумис Жусиповна
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
Жиделі жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі