Home » Ашық сабақтар » Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді)

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді)

Диярова Назерке Алпамысовна,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Санаты: екінші

Еңбек өтілі: 8 жыл

Ғылыми-әдістемелік тақырыбы: Жаңа технологияларды (технологиялық карта, метасызба) пайдалана отырып, оқушының білім алуын ұйымдастыру, таным-түсінігін кеңейту.

Түйін: Сабақта салыстыра талдау әдісі, топтастыру стратегиясы, тақырыптық және логикалық сұрақтар, метасызба сияқты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қолданылады. Бұл тапсырмалар оқушыны іздендіреді, аз сөзбен түйінді ойды айтуға ұмтылдырады. Осы тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, танымдық белсенділігі артады, оқығанын талдап, мәнін аша білуге үйренеді, оқушының өзіндік ой-пікірі қалыптасады.

 Пәні: қазақ әдебиеті

Cыныбы: 5 «в» сынып

Сабақтың мақсаты

Білімділік: «Жаңа достар» әңгімесін талдап, мәнін ашу. Оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білуге үйрету, шығарманың негігі идеясын түсіну, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ойлануға, ой қорыта білуге, танымдық деңгейін арттыру.

Тәрбиелік: «Жаңа достар» әңгімесінен ғибрат алуға, оқу-білімге, жаңашылдыққа, жаңа өмірге ұмтылу, «достық» сезімін құрметтеуге, адал дос болуға, достықты бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері: метасызба, салыстыру әдісі, топтастыру стратегиясы, технологиялық карта.

Негізгі түсініктер: Оқу-білім, жаңа өмір, достық, дос, адал дос, жаңа дос, жаңа өмірге ұмтылыс, қазақ солдаты ұғымдарының мәнін ашып, талдау жасау. Әңгіменің мазмұндық, идеялық жағынан талқылау.

Сабақтың көрнекілігі мен жабдықталуы: Слайд, А4 парақтар, бағалау парақтары, қатырма қағаздар, түрлі түсті маркерлер.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.