Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу, медицина қызметкерлерін сапалы дайындау және халықтың мұқтаждықтарына сәйкес барабар бөлу мақсатымен адами ресурстарды басқару жөніндегі бірыңғай саясаттар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бүгінгі уақытта аса маңызды.
Бұл мақсатта Шымкент медицина колледжінің ұжымы орта буынды медициналық қызметтер мен кадрларды дайындаудың толық кезеңі қағидасымен ғылыми ұйымдардың, стационарлық және амбулаторлық ұйымдарды біріктіру негізінде интеграцияланған медициналық орталықтарда (емханаларда, дәріханаларда) тәжірибелік сабақтар өткізуде.
Колледждің профессорлық-оқытушы құрамы сапалы медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ізденістер үдерістеріне уәждемелі түрде практиканың үздік мамандары тартылып, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар практикалық жұмыс жасау және клиникалық зерттеулер жүргізуде.
Қоғамымыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетістіктерін пайдалануға құқы бар. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті, бұл объективті жағдай біздің еліміздегі эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік факторы болып табылады. Студенттердің оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды үйірме жұмысына баулып, өз маманының іскері, әрі шебері етіп, оларды қолдана білуді үйретумен қатар заман талабына сай етіп даярлау – колледждегі басты міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта колледжде 35 үйірме мен 7 секция, сонын ішінде фармацевт мамандығы бойынша «Қызыл май» және «Фармацевт» үйірмелері жұмыс жасайды. Аталған фармацевт мамандығы бойынша үйірмелерде студенттер дәрі-дәрмектерді оңтайлы қолдану, өсімдік майлары, дәрілік өсімдік шикізаттарын жинаудың әдістері және тағы басқа мәселелер бойынша оқу-зерттеу жұмыстар атқарылуда. Оқу жылының соңында әр студенттің жыл бойы зерттеулерінің нәтижелері мен қорытындылары шығарылып, оқу-зерттеу жұмыстарын қорғайды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 25 сәуірінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы Жолдауы аясындағы «Адами капитал сапасын жақсарту» тақырыбында студенттер арасында колледжішілік ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Аталмыш конференцияда «Менчендайзинг» үйірмесінің мүшесі «Фармация» мамадығының студенті С.Миркәрім «Дәріхана – мерчандайзинг негізінде» тақырыбында баяндама жасап, алғыс хатпен марапаталды.
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Осыған байланысты колледж оқытушы құрамы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, басекеге қабілетті мамандар дайындауда.
К.К. Канходжаева, Г.А. Бегеметова
Шымкент қаласы, Шымкент медицина колледжінің
дәрілік нысандар технологиясы пәнінің оқытушылары