Джахаев Ерлан Турсинбекович,
білім беру педагогы:
Срайлов Шыңғыс Болатұлы,
Қосымша білім беру педагогы:
Мектептің ғылыми әдістемелік жұмыстары «Білім беру мекемелеріндегі оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жоспарлы негізде педагогикалық және әдістемелік кеңес қызметі жұмысы арқылы жүзеге асады.
Мектептің әдістемелік жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіліп келеді.
Жаппай:
- Мектептің педагогикалық кеңесі.
- Мектептің ғылыми әдістемелік кеңесі.
- Пән бірлестіктері.
- Педагогикалық оқулар.
- «Жас маман» мектебі.
- Конференциялар.
- Әдістемелік семинарлар.
Жекелеме:
- Әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары.
- Баяндамалар
- Жаңашыл әдістерді жүзеге асыру.
- Дидактикалық материалдарды жүйелеу.
- Білім көтеру және жетілдіру курстарында оқу.
- Кеңестер
- Өзіндік білімін дамыту.
- Ашық сабақтар өткізу.
- Өзара сабаққа қатысу.
Мектептің әдістемелік қызметі мұғалімдерді 9 пән бірлестіктері арқылы жүргізіледі.
Пән бірлестіктерінің жұмысының мақсаты – педагогикалық ұжым қызметінің тактикасын жасау, осы қызметті үйлестіру.
- Пәндер мен мамандықтарды оқу-әдістемелік жағынан әдістемелік кешендер құру, оны жетілдіру арқылы қамтамасыз ету.
- Қазіргі заманғы және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іске асыру.
- Педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру.
Инновациялық әдістемелік жұмыстың жағдайы:
- Білім беру қызметі сапасы мен деңгейін көтеру:
- Білім беру нарығындағы педагогтардың бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін көтеру:
- Білім беру үрдісін әдістемелік және ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету:
- Білім беру үрдісін дидактикалық қамтамасыз ету.
- Пән бірлестіктерінің жұмысын талдау оның жұмысының типтік нұсқау негізінде, жоспарлы, әдістемелік кабинеттің дайындаған нұсқаулығы бойынша жүргізілетіндігін көрсетеді. Бірлестік отырыстарында жұмыс оқу бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, әдістемелік есептер, оқытушылар есептері, пән бірлестігі онкүндігінің жоспары, ашық сабақ жоспары, оқытушылардың шығармашылық есептері, ағымдық, қорытынды бақылау, емтихан материалдары, курстық жұмыстарды жобалау, үйірме, клуб жұмыстарының жоспарлануы мен орындалуы, пән кабинеттерінің жоспарлары мен жұмысының өткізілуі, пән олимпиадалары, оның материалдары және қорытындысы, ашық сабақтар, олардың жоспарлануы, талдауы қаралады.
Мектептің педагогикалық ұжымы төртінші жыл «Оқу тәрбие процесін ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жетілдіру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істейді.
Проблемалық ізденіс тақырыбын жүзеге асыру әдістемелік құрылымдар жұмысы, семинар-тренигтер, әдістемелік көрмелер, байқаулар, ашық сабақтар, «Шеберлік класы», пән бірлестіктерінің отырыстары, пән онкүндіктері арқылы жүргізіледі. Мектеп оқытушылары сабақтарына белсенді оқыту әдістерін, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды бейімдеуде. Педагогикалық технологиялар бойынша құрылған шығармашылық топтар жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізеді.