Home » Ашық сабақтар » Ғылыми жоба тақырыбы: Ауа қысымын ыдысқа жинау кезінде ылғалды ауадан

Ғылыми жоба тақырыбы: Ауа қысымын ыдысқа жинау кезінде ылғалды ауадан

Есмаханов Рамазан Сахтаганович
Астана қаласы
№53 мектеп-лицейінің
технология пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының барлық саласын дамыту барысында мамандардың алдында зор міндеттер тұр. Қазіргі кезеңде ғылыми – техникалық прогрестің дамыған заманында әртүрлі жұмыстың технологиялық даму принциптері бар. Әртүрлі техниканы дер кезінде баптамаса істен шығып жұмыс жасау қабілеті тез азаяды. Техникалық қызмет көрсетуге арналған компрессор құрылғысы өмірдегі барлық салаға қатысты. Бұл тұрмыста, кәсіпорындарда, мекемелерде, шаруашылықтарда кеңінен пайдаланылады. Бұл компрессор құрылғысы қысыммен ауа жинап таратады. Бояу жұмыстарына, көліктердің доңғалақтарына жел беруге және кейбір құрылғылар ауа қысымымен пайдалана отырып кеңінен қолданылады. Компрессорде кемшіліктерде жоқ емес, мысалы: ылғалды ауа кезінде ыдысқа және шлангілерге су тамшысы жиналып жұмысқа кедергі келтіреді, оны тазалау уақыт алады және экономикалық шығын келтіреді. Сол себепті кейбір осындай шешілмеген аспектілер бар. Келешекте осы мәселелерді шешу кезеңінде ұсынылып отырған жоба мәселені шешеді деп ойлаймыз.    Ауа қысымын ыдысқа жинау кезінде ылғалды ауадан сүзгі арқылы сүзіп тазалау.
Компрессор аппараты ауа қысымын жинақтауға және жинақталған ауаны жіберіп таратуға арналған. Қазіргі таңда көптеген шаруашылықтарда ауа қысымын қолдану барысында жұмысқа кеңінен пайдаланады. Айтар болсақ, жөндеу шеберханаларында, темір ұстаханасында, кәмір жамайтын вулканизацияда, сүт фермасында қолданылады. Компрессордың қолдану аймағы автомобильдерде,   ЗИЛ- 130, КАМАЗ, МАЗ автокөліктерінде пайдаланады.

Негізі компрессордің келесі түрлері болады: Ауа, гели және азот түрінде болады. Негізгі компрессордың мінездемесі оның өндіруіне байланысты. Ол екі көрсеткішке белінеді: Шығу және кіру.

Кіру кезеңіңде қысым әртүрлі болады. Бірақ қысымның айырмашылығы аз ғана. Мысалға: поршенді компрессірлерде шығу қысымы көптеу. Винттік компрессорлердің өндірісі жұмыс істеуіне байланысты көп болады. Ауа компрессоры жұмыс істеу барысында злектро двигатель арқылы компрессорді айналдырады. Компрессор айналу барысында түтік арқылы ыдысқа ауаны үлкен қысыммен жинайды. Алайда жұмыс істеу барысында ауа-райының өзгеруіне байланысты қүз, қыс, көктем  айларында салқынға байланысты және үлкен ылғалдылыққа байланысты ыдыстың ішіне су жиналады. Соның салдарынан ауа қысымының шығу кезеніңде шлангілерден су тамшылайды. Бұл жағдай автомобильдерде жиі-жиі кездеседі. Шлангілерде су пайда болғанда ауа қысымы дұрыс жүрмейді, себебі судың жиналып қалуына байланысты. Менің ұсынып отырған жобада ауа қысымын жинақтайтын ыдысқа кассета орнатып, кассета ішіне сүзгі орналастыру керек. Орнатылған сүзгі 70% ауадағы ылғалдылықты сүзгіш арқылы жібермей тұрады.

Бұндай тәсіл практикада сүт фермасында кеңінен қолдануда. Компрессордың жұмыс істеу барысында әр үш ай сайын сүзекіні ауыстырып тұруға болады. Тиімді жағы, ыдыста судың жиналмауы және шлангілерде бу мен судың болмауы. Техникалық талап бойынша бұл кассеталық сүзгіні қолдану әдісі өңдіріс пен мекемелерде орталықтандырылған шеберханаларда, бекеттерде және вулканизацияларда пайдалануға үлкен мүмкіншілік бар. Экономикалық тиімділігі де өте жоғары. Себебі ыдыстағы судың және будың болмауы сальниктердің ұзақ мерзімде жұмыс істеуі. Автомобильдерде компрессорді қолдану кезеңінде осы аталған сүзгі кассетаны қолдануға болады. Ауаны шаңнан тазалауға болады немесе ауаны жылытуға болады, бірақ ауадан ылғалды тазалау қиынға соғады себебі шлангі су тамшылары ауаны айдауға кедергі жасап компрессорды үрлеп тазалау үшін бір күн уақыт  керек, осы аталып отырған жоба ауадағы ылғалды ауаны сүзіп алуға болады. Компрессорды қолдану барысында -45 градуста жұмыс істей алады. Жұмыс істеу барысында компрессорге шаң тозаң қатты әсерін тигізеді. 3ил-130 автомобилінің компрессоры жұмыс істеу барысында ауаны балонға жинап қысым пайда болады. Осындай жағдай компрессорға кері әсерін тигізеді.

Компрессордегі сүзгі негізінде суға төзімді суды өткізбейтін қағаз картон материалдарынан жасалады. Кассета жұқа болат материлдарынан жасауға болады. Жалпы компрессорлерді қолдан құрастырып жасауға болады және өндірісте жеке шаруашылықтарда да пайдалануға толық мүмкіндік бар.

 

Пайдаланған әдебиеттер

Абдурашитов С. А.Насосы и компрессоры. — М.: Недра, 1974.

  • Михайлов А. К., Ворошилов В П.Компрессорные машины. — М.; Энергоатсмиздат, 1989. — 2.88 с,
  • Воронецкий А. В.Современные центробежные компрессоры. — М.. Премиум Инжиниринг, 2007. — 140 с.
  • Шерстюк А. Н., Компрессоры, М.—Гі,

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.