Тұз — ағзаның дұрыс және толымсыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент. Онда ағзадан калийдің – өте зиянды өнімнің шығарылуына ықпал ететін натрий бар. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады. Ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, ағзаңыздағы компонент — асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий жасуша аралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су –электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағзасының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл осы себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Сонымен, адамға тұз қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне 14 шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды.
Минералды заттар – тамақтың өте маңызды құрамдам бөлігі. Тамақта олардың жеткіліксіздігінен әр түрлі аурулар туады. Егер жануарларды минералды заттардан әдейі айырса, олар көп ұзамай өледі. Өсімдіктер тұздарды топырақтан алады. Натрий, калий, хлор тәрізді макроэлементтердің ең маңызды қызметтерінің бірі – олар қандағы тұз құрамы мен қысымын тұрақты деңгейде қалыпты ұстап тұрады, ал қан мен талшықтарда сақталатын судың мөлшері едәуір мөлшерде осыған байланысты.
Ағзада су алмасуы минералды тұздардың алмасуымен тығыз байланысып, қабысып жатады. Ағзада су –тұз алмасуына жүйке және гормон жүйелеріне әсер етеді. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері негізінен несеп пен тер арқылы ағзадан шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл теңдесіп отырады. Адамның тұзға деген қажеттілігі, біріншіден, жасанды емес тамақ өнімдерінің құрамындағы тұздардың есебінен (шамамен 3-5 грамм); дайындалған кезде тамаққа қосылатын тұздың есебінен (шамамен 3-5 грамм) және ақыр соңында, тамақтану үстінде адамның өзі асқа себетін тұздың есебінен қанағаттандырылады.
Сонымен, адамның күндік рационында орта есеппен 10-15 грамм ас тұзы болуға тиіс. Денеге көп күш түскенде, әсіресе жылдың қыстың мезгілінде, ыстық цехтарда істейтін жұмысшыларға, алыс қашықтыққа жүретін немесе жүгіретін спортшыларға, марш жасайтын жауынгерлерге тамақтағы тұзды қосқанда тәулігіне тұз тұтынуды 20 грамға дейінарттыру керек.
Жалпы тамаққа ас тұзын шамадан тыс көп пайдаланған зиян. Ас тұзы NaCl буындарға жиналмайды, етке де жиналмайды. Ас тұзы қанның электртолитті қасиетін және осмос қысымын бұзып,тканьдерден судың шығуын төмендетеді (ісінудің пайда болуы) бүйректің, қан тамырлардың қызметін нашарлатады. Қан қысымын көтереді.Организмде NaCl KCl ға антогонист, сондыктан, ас тұзын көп пайдаланған адамда калийдің жетіспеушілігі пайда болады,бұның жүрекке кері әсері көп.Ал, буынға жиналатын негізінен зәр қышқылының,сірке қышқылының,қымыздық (щавель) қышықылдарының тұздары (оксалаттар, ураттар,ацетаттар) жиналады Олар адам организміне азық арқылы түседі. Осылай буындарына тұз жиналғандарға арнайы диета сақтап кейбір тағам түрлерінен мүлдем бас тартуға тура келеді. Мысалы буынға оксалаттар жиналса, онда помидоры бар тағамдары мүлдем жеуге болмайды. Егер буынға ураттар жиналса,қызыл шарапты мүлдем ішуге болмайды. Ацетаттаржиналса, консервіленген, қысқа мезгіліне арнап тұздалған тағамдардан бастарту керек. Бірақ осы тұздар араласып буындарға, бүйрек, зәр жолдарына жиналып,тіпті тас болып қатып қалады. Сондықтан арнайы диетаға отыру қағидасы бүйрегі ауыратындар үшін де маңызды. Сонымен,тұздың пайдасымен қатар зияны да бар.Егер тұзды мөлшерден тыс пайдалансақ,буындарға тұз жиналады,остехондроз ауруына соқтырады.Тұзды көп пайдалану салдарынан бүйректе,бауырда тасқа(кристалға)айналады.
- Ас тұзы дәстүрлі медицинада.
Минералды заттар –тамақтың өте қажетті құрамдас бөліктері.Тамақта олардың жетімсіздігі әр түрлі аурулар туғызады.
Тұзды артық тұтыну ағзада судың көп мөлшерде ұсталуына жәрдемдеседі, сол арқылы жүрек пен бүйрекке керексіз ауыртпалық түседі. Тамақпен бірге тұзды шамадан тыс тұтыну әсіресе осы органдары ауыратын адамдарға көбірек зиян тигізеді. Жүрегі жеткіліксіз істейтін және бүйрегі ауыратын адамдарға диетада ас өткізуге шамасы жетпейді де, тұздар ағзада ұсталып қалады. Бұл жағдайда натрий тұздарының кідіруі ерекше қауіпті,өйткені бұл ағзада шамадан артық судың жиналуын туғызады. Осыған байланысты әдетте аяқтың басының сәл ісінуі мен бет талшықтарының ісінуінен құрсақ тұсының жаппай суға толуына дейін көлкілдеп ісіну пайда болады.
Адам ағзасы қалыпты жұмыс істеуі үшін тұздың аз ғана мөлшері қажет. Ағзаға шамадан артық түскен тұз зиянды. Бүйрек тамырлардан судың шығуына кедергі жасай отырып,біртіндеп жиналған артық тұзды игере алмағандықтан ісіну және қан қысымының жоғарлауы пайда болады. Сондықтан медицина қызметкерлері жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарға, гипертониктерге, бүйрегі ауыратандыраға, сонымен қатар, аналарға жүктіліктің соңғы кездерінде тұзды пайдалануды мұқият қалдыруда кеңес береді.
Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл сөз бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастырудың тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компонеттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан.
Натрий мен кальцидің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әрі тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдану қажет.
Ал, тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тастар түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екені түсінікті. Демек, республика, облыс көлемінде халық денсаулығының төмен көрсеткіштері оларды қоршаған табиғат ортасына, экологиялық сипатына тікелей байланысты деуге болады. Мысалы, Арал теңізінің кеуіп кетуінің салдарынан тұз көтеріліп,түрлі аурулар пайда болуда.Тұзда иодтың жетіспеуінен эндемикалық аурулар көбеюде.Қазақстан иод жетіспейтін ауруы көп аймаққа жатады.Оңтүстік Қазақстан екінші орында. Біздің облысымызда әрбір екінші бала «зоб» ауруымен ауырады. Зоб ауруы салдарынан баланың бойы өспейді, ашуланшақ, жылауық,қитар, ұмытшақ болып қалады. Жүйке жүйесіне әсер етеді. Емделмесе кейін ұрпақсыздыққа соқтырады.Сондықтан иодталған тұз пайдалану керек.Адам ағзасында тұз жиналып қалмас үшін үнемі қозғалыста болу керек, спортпен шұғылданып отырсақ,тер арқылы тұз сыртқа шығады. Ас тұзының пайдасы орасан зор. Оның бағасы алтынмен теңеседі. Бәрінен де денсаулыққа пайдасын айтыңызшы. Мүмкіндігінше йодталған тұзды пайдалану керек.
Сонымен, адамның күндік рационында орта есеппен 10-15 грамм ас тұзы болуға тиіс. Денеге көп күш түскенде, әсіресе жылдың қыстың мезгілінде, ыстық цехтарда істейтін жұмысшыларға, алыс қашықтыққа жүретін немесе жүгіретін спортшыларға, марш жасайтын жауынгерлерге тамақтағы тұзды қосқанда тәулігіне тұз тұтынуды 20 грамға дейін арттыру керек..
- Пайдалы кеңестер мен қызықты деректер.
Тұздың пайдасы:
- Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.
- Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.
- Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді
- Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.
- Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.
- Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.
- Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.
- Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
9.Жаңа туған нәрестені тұзды суға шомылдырады.
- Күнделікті таңертең мұрныңызды тұзды суымен шайыңыз.
11.«Тұз кесел» болсаңыз, кіндігіңіздің айналасына, екі алақаңызға, табаныңызға тұз жағыңыз.
12.Тырнағыңыз сыңғыш болса, тұзды суға салыңыз, қатаяды.
13.Етті көбірек тұздасаңыз, ет бұзылмай тез кебеді, әрі дәмі ерекше болады.
14.Аяқ саусақтарының арасы базданып кетсе, тұз жағыңыз. 10 л суға 50-100 г теңіз не ас тұзды алты айдан асқан мешел балаларды емдеу үшін қолданылады. Ұзақтығы 3-10 минут, су температурасы – 36 -370 С.
15.Тұз –тазартумен қатар ағартады. Адам терлеген кезде ашық түсті киімнің қолтығындағы сарғыш дақ қалады. Бұл киімді жумас бұрын тұз ерітіндісіне салса, дақ кетеді. Жаңадан сатып алған джинсы шалбарыңыз қатты болса, кір жуатын ұнтаққка 1/3 бірлік тұз салып жуыңыз, жұмсарады. Егер киіміңізге шарап төгіп алсаңыз, сол жерде дереу тұз сеуіп, 30 минуттай суға сала тұрыңыз. Осыдан кейін жусаңыз, киіміңізде дақ қалмайды.
16.Ыдыс –аяқ жуатын раковинадан кейін кір, жаман иіс шығады. Бұл иісті кетіру үшін тұз,ас содасы мен сірке суының әрқайсыана 1ас қасықтан алып, оған 0,5 литр қайнаған су құйып, жатар кезде осы ерітіндіні раковинаға құйыңыз. Осылайша бір ай бойы раковинаны шайып отырсаңыз, ондағы сасыған иіс жоғалады.
17.Дымқыл тұзды дәкеге орап, әйнегіңіздегі сүртсеңіз, көліктің терезелері суланбайды.
Тұздың пайдасы өте көп. Біз тұзды тек астың дәмін келтіру үшін ғана емес, тұрмыстық жағдайда да пайдаланамыз. Мәселен, кофенің дәмін келтіру үшін азғантай тұз себуге болады. Ал табадағы май қызып, көпіршіктене бастағанда тұз сеуіп жіберіңіз, көпіршік тез басылады. Сонымен қатар балық салған ыдыстың иісін кетіру үшін оны тұзды сумен жуған абзал. Егер қол орамалдың кірі тез кетсін десеңіз, оларды жуудан 2-3 сағат бұрын тұзды суға салса жақсара түседі.
Маханова Ахмарал Мыктыбековна
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы
«Абай атындағы мектеп –лицейі»
Биология пәнінің мұғалімі
@_математика2012