Home » Айтарым бар » ҒАСЫР СЫЙЛАҒАН ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒА

ҒАСЫР СЫЙЛАҒАН ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒА

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, өлкетанушы, географ, публицист, этнограф, қазақ мифологиясын зерттеудің алғашқы іргетасын қалаған дарынды ғалым Серікбол Қондыбайдың туғанына 50 жыл толуына орай, «Серікбол Қондыбай мұраларын жалпы білім беретін мектептерде оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Институт фойесінде С.Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған Облыстық мемориалдық музейдің «Ұлы Ана-Ұлы Баба» атты көшпелі көрмесі және С.Қондыбайдың шығармашылығына арналған институт кітапханасының дайындаған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Семинарды Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Индира Жұмағалиева кіріспе сөзбен ашты. Серікбол Қондыбай ғұмырының жартысын қазақтың тарихына, мәдениетіне, салт-санасын рухани жаңғыртуға арнаған және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен бірегей тұлға. Бұған дейін де институтта онлайн режимінде Серікболтану тақырыбында семинар өтті.
Серікболтанушы ғалым Балкенже Ақбердыева «Серікбол Қондыбай және мифтік парадигма негіздері» тақырыбында баяндама жасады. Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Амантай Төлеғалиев, Серікболтанушы ғалым, өлкетанушы Мұрат Ақмырзаев «Серікбол Қондыбай шығармашылығын мектептерде оқытудың маңызы туралы», облыстық мемориалдық мұражайдың директоры Рима Бердиева «Серікбол мұраларын сақтау, насихаттауға қатысты музей жұмыстарының барысы туралы» баяндап, Серікболдың апасы Балсұлу Қондыбай «2018 жылға арналған Серікбол Қондыбайдың туғанына 50 жыл» толуына орай өткізілетін шаралардың жоспарымен таныстырды.
№22 Серікбол Қондыбай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жұлдыз Батырова «Серікбол Қондыбайдың туғанына 50 жыл толуы қарсаңында мектеп деңгейінде өткізілетін шаралар» туралы сөз етті. Ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары мен мектеп оқушылары Серікбол Қондыбайға арнау өлеңдерін оқыды.

 

П.ҚАРЖАУБАЕВА,
Қоғаммен байланыс және
баспа жұмыстары жөніндегі
бөлімнің жетекші маманы.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.