Мұқағали өзінің күнделігінде «Ей, безгелдектер, сендер емессіңдер маған баға беретін. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақ келеді, біздің әрқайсымызды солар орнына қояды. Мен өз жайымда мынаны айтамын: мен XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын, бәлкім одан әрідегі ұрпақтың туысымын да…» дегендей Мұқаңды бүгінгі артында қалған жас ұрпақтың ұмытпайтыны анық.
Соның дәлелі, Алатау ауданындағы, Шара Талғатқызы Иманбекова басқаратын №179 жалпы білім беретін мектепте 9 ақпан, поэзияның алып шыңы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі пән мұғалімдері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ғасыр ақыны-Мұқағали» атты әдеби сазды кеші болып өтті. Кешке мектебіміздегі 5-9 сынып оқушылары белсене атсалысты.
Кешіміздің мақсаты ақиық ақын, артына өшпестей із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды елжандылыққа, әсемдікке тәрбиелей отырып,поэзия әлемінің сырларын ашу болатын.
Оқушылар әртүрлі номинациялар бойынша өнерлерін көрсете білді.Соның ішінде ақынның өлеңдерін мәнеріне келтіріп жатқа оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді шырқап, көрініс көрсетіп,эссе жазудан,ақынның портретін салудан алдыларына жан салмады.
Атап айтсақ «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» деген тақырыпта Е.Базарбек,Н.Мұратов ,Ш.Сұлтанова,Е.Сайын, Ж.Бекбатырова,Ж.Әбдір сынды оқушылар ақынның өлеңдерін мәнеріне келтіріп ,жатқа оқыса,«Әлі талай жыр болып жазыларсың», «Жазылар естеліктер мен туралы» деген тақырыпта Ш.Сұлтанова,А.Әбдіхан,М.Советбай атты оқушылар ақынға арнап өз шығармашылығынан арнау өлең оқып, Д.Нурбекова атты оқушы ақынның бейнесі салынған газетін ұсынды.
«Жырлайды жүрек» бөлімінде оқушылар А.Оразәлі «Есіңе мені алғайсың», М.Аубелова «Наурыз –думан», Ә.Кәмілова «Бақыт деген», А.Нұрболат «Сарыжайлау» атты әндерін нақышына келтіре отырып шырқады.
Әсіресе, 8-9 сынып оқушыларының «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрсеткен көріністері өте жоғары дәрежеде болып,отырған көрермендердің көңілдерінен шығып жатты.Бұл көріністе А.Дюсембек,Е.Асқар,Н.Жиынбекұлы, Д.Жиынбекқызы сияқты 8 –сынып оқушылары тамаша өнер көрсетті.
Мұқағалидай перзентін халық та,келер жас ұрпақ та ешқашан естен шығармақ емес.Ақынның өлеңдерімен сусындаған жас ұрпақ, ақынның өзі айтып кеткендей, оның есімін жадыларында мәңгі сақтап қалады деген сен імдемін.
Таттимбетова Гульсим Кудайбергеновна,
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Алматы қаласы