Ғарыш әлемі кең байтақ! Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары көп. Ең алғаш ғарышқа саяхатты 1969-жылы ағылшындар бастаған болатын. Міне, содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келеді. Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш айлағы бар. Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір деп санаймын. Өйткені, барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап ғарыш айлағында біздің ғарышкер аға-аталарымыз дайындық жұмыстарын жүргізіп, ғарыш әлеміне саяхаттарын бастады. Осы ғарышкерлердің еңбектері, ғарыш әлемінен алып келген мәліметтері біздің еліміздің өсіп-өркендеуінде орасан зор ықпал етеді.
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев – осы адамдар Қазақстанда ең алғаш ғарыш есігін ашқан ұшқыштар. Біз осы екі ержүрек тұлғаларымыздың арқасында ғарыш туралы түсінігімізді арттырдық. Мен Тоқтар Әубәкіров атындығы жалпы негізгі білім беретін мектебінің 8-сыныбында оқимын. Ғарыш әлеміне алғашқы болып сапар шеккен Тоқтар атаның аты берілген мектепте оқитыныма мақтанамын. Өскенде Тоқтар ата секілді менде талай биіктерді бағындырғым келеді. Ол кісінің жеткен жетістіктерін әрдайым өзіме үлгі етіп жүремін. Мен де болашақта ғарышкер болғым келеді. Сол үшін үнемі ізденіп, кітапханаға барып, кітаптар алып оқимын. Маған ғарыш әлемі жайлы жазылған кітаптар қатты ұнайды.
Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді. Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ, ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер білу керек. Менде ғарышкер болу үшін көп оқып, осы арманыма жетсем деймін.
Кенжебаев Талғат
Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі
білім беретін мектебінің
8-сынып оқушысы
жанры кандай осы мәтіннің